БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19455 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 48 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйырығына қосымша |
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері
№ | Жергілікті атқарушы орган |
Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, |
1 | 2 | 3 |
1 | Ақмола облысы | 47 307 306,2 |
2 | Ақтөбе облысы | 55 889 337,6 |
3 | Алматы облысы | 53 453 754,4 |
4 | Атырау облысы | 34 460 685,1 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 65 327 688,2 |
6 | Жамбыл облысы | 70 490 517,3 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 56 248 628,8 |
8 | Қарағанды облысы | 64 238 650,3 |
9 | Қостанай облысы | 45 631 077,4 |
10 | Қызылорда облысы | 58 744 948,1 |
11 | Маңғыстау облысы | 27 556 458,7 |
12 | Павлодар облысы | 33 592 064,3 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 33 717 080,5 |
14 | Түркістан облысы | 60 647 660,7 |
15 | Алматы қаласы | 91 504 528,9 |
16 | Нұр-Сұлтан қаласы | 97 593 986,9 |
17 | Шымкент қаласы | 38 696 618,0 |