ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 408 "Ішкі су көлігі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 15454 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген ішкі су көлігі ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
4 параграфта "Учаскені пайдалану қызметінің бастығы"
2 тармақтың оныншы абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрінің 12 желтоқсан 2018 жылғы № 868 "Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын бекіту туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 17958 болып тіркелген);".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және әлеуметтік
даму министрлігі