ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 31.12.2024 дейін қолданыста болады
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 17.11.2021 № 1189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.09.2023 № 929 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.08.2024 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Р. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 Бұйрығымен бекітілген |
Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 04.09.2023 № 929 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидаларда:
деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – Пилоттық жоба) қолданылатын салық төлеушілердің санаты;
Пилоттық жобаны жүзеге асыру кезінде салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқықтары мен міндеттері;
Пилоттық жобаның іске асырылуын жүзеге асыру (енгізу) аумағы (учаскесі) және (немесе) өңірі;
Пилоттық жобаны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілердің іс-қимылдарының дәйектілігін қамтитын Пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) қағидалары;
Пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) мерзімі айқындалады.
3. Пилоттық жоба Салық кодексінің 15 – тарауында көзделген көлденең мониторинг жүргізу тәртібін жетілдіру және жаңғырту, оның ішінде өзара іс-қимыл жасау үшін ішкі бақылау жүйесіне (бұдан әрі - ІБЖ) және салық төлеушінің ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында іске асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.08.2024 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Пилоттық жобаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) жоба алдындағы жұмыс;
2) деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу.
Жоба алдындағы жұмыстар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Өзара іс-қимыл туралы келісімнің (бұдан әрі – Өзара іс-қимыл туралы келісім) және осы Қағидалардың ережелері шеңберінде реттеледі.
Деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім (бұдан әрі – Пилоттық жоба туралы келісім) және осы Қағидалардың ережелері шеңберінде реттеледі.
Егер осы Қағидалардың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушілер Өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылған күннен бастап Пилоттық жобаның қатысушысы (бұдан әрі – Пилоттық жобаның қатысушысы) болады.
Ірі салық төлеушілер тізбесіндегі салық төлеушілер Пилоттық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап ірі салық төлеушілердің мониторингіне жатпайды, бұл ретте мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесінен алып тасталмайды, уәкілетті орган көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітілетін.
5. Пилоттық жобада мемлекеттік кірістер органы мен салық төлеушінің өзара іс-қимылы көзделеді және мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) ынтымақтастық – мемлекеттік кірістер органы мен Пилоттық жобаға қатысушының теңдігін, келісімнің еркіндігін мойындау және "бір терезе" қағидаты бойынша салықтық тәуекелдерді бірлесіп заңды жолмен реттеу;
2) негізделген сенім – сәтті бірлескен жұмысты, сындарлы шешімдерді әзірлеу үшін өзара іс-қимыл жүргізуге ұмтылу;
3) адалдық – салықтық пайда (салықтық үнемдеу) алу және салық төлемдерін азайту мақсатында өзінің заңсыз іс-әрекеттерінен пайда табуға жол бермеу;
4) заңдылық – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;
5) ашықтық – жариялылық, ашықтық және транспаренттілік;
6) кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл – Пилоттық жоба қатысушылары мен мемлекеттік кірістер органдарының арасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру, оның ішінде ақпарат алмасу және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдайлар жасау үшін ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.
5-1. Деңгейлес мониторингтің оңайлатылған режимі осы Қағидалардың 7-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген салықтөлеушілермен ІБЖ қатысты ережелерді қоспағанда осы Қағидалардың ережелерін қолдану болып табылады.
Деңгейлес мониторингтің оңайлатылған режимін қолдануға құқылы:
1) орта кәсіпкерлік субъектілері;
2) ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Осы тармақтың осы тармақшасы SAP (Systemanalyse Programmentwicklung) есепке алу жүйесінен өзгеше бағдарламалық қамтамасыз етуде салық есептілігінің көрсеткіштерін ашуға байланысты бухгалтерлік, салықтық, өндірістік және басқа да есепке алу түрлерін жүргізетін салық төлеушілерге қолданылады.
Ескерту. Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 23.08.2024 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Пилоттық жобаны іске асыру мынадай:
осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер бойынша Өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылған күннен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында айқындалған салық төлеушілер бойынша – көрсетілген тармақшамен белгіленген 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
осы Қағидалардың 7-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері бойынша-өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылған күннен бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.08.2024 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаты және іске асыруды жүзеге асыру (енгізу) аумағы (учаскесі) және (немесе) өңірі
7. Мыналар:
1) мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, Өзара іс-қимыл туралы келісім жасау туралы өтініш берілген күнге бір мезгілде мынадай:
Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілген жылдың алдындағы жыл үшін корпоративтік табыс салығы туралы декларация бойынша салық төлеушінің декларациясына сәйкес салық кезеңінің соңында тіркелген активтердің құндық теңгерімдерінің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілетін жылдың соңында қолданыстағы кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын;
қосылған құн салығын қайтаруды есепке алмағанда, салық төлеуші төлеген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және оның міндеттемелері бойынша әлеуметтік төлемдердің сомасы Өзара іс-қимыл туралы келісімді жасау туралы өтініш берілетін жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін кемінде 1 (бір) миллиард теңгені құрайтын;
салық төлеушінің бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепті автоматтандыру үшін көзделген бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып жүзеге асырылатын, бухгалтерлік және салық есебін жүргізуі;
ол бар болса, аудиторлық ұйымның аудиторлық қорытындысымен расталған Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілетін кезеңнің алдындағы қаржы жылы үшін қаржылық есептілігінің болуы;
ішкі бақылау жүйесінің болуы;
Өзара іс-қимыл туралы келісімді жасау туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша, Салық кодексінің 17-тарауына сәйкес қолданылатын, мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің бағалауына сәйкес салық төлеушінің тәуекел деңгейі төмен немесе орташа болуы шарттарына сәйкес келетін коммерциялық ұйым болып табылатын салық төлеушілер;
2) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі салық төлеушілер не олармен үлестес заңды тұлғалар, немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалар, сондай-ақ акцияларының 50 (елу) және одан көп пайызы аталған заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар.
Бұл ретте деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны іске асыру мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
телекоммуникация саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2020 жылғы 1 тамыздан бастап;
газ тасымалдау саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап;
электр энергетикасы саласындағы салық төлеушілер, оның ішінде басқарушы (бас) компаниялар бойынша – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап;
тау-кен саласының салық төлеушілері бойынша – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап;
жүк тасымалы, мұнай тасымалдау саласындағы, мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
авиация саласындағы төлеушілер бойынша – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті органдар мен көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнайгазконденсаты немесе теңіз кен орны, сондай-ақ олардың еншілес немесе байланысты компаниясы қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған өнімдерді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда) көрсетілген сенімді тұлғалар (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);
4) инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдар;
5) орта кәсіпкерлік субъектілері;
6) осы Қағидалардың 5-1-бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген шартқа сай келетін ірі кәсіпкерлік субъектілері Пилоттық жобаға қатысушылар болып табылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 23.08.2024 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Осы Қағидалардың 7-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Комитет бекітеді және ол бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында орналастырады.
Тізбеге енгізілген салық төлеушілер осы Қағидалардың 7-тармағы 2) тармақшасында айқындалған күндерге сәйкес Пилоттық жобаның қатысушылары болады және Комитеттің интернет-ресурсында тізбе орналастырылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Өзара іс-қимыл туралы келісімдер жасайды.
9. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.
3-тарау. Жоба алдындағы жұмыстар
10. Осы Қағидалардың 7-тармағы 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілердің жоба алдындағы жұмысқа қатысуға өтініші Комитетке ерікті негізде және еркін нысанда жіберіледі.
Өтініш келу тәртібінде беріледі немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. Комитет Өтінішті қабылдаған күн оның келіп түскен күні болып табылады.
Өтінішті қарау келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Комитет Өтінішті қарау нәтижелері бойынша:
1) салық төлеушіге Комитеттің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған 2 (екі) данасымен қоса бере отырып, салық төлеушімен Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға келісетіні туралы жазбаша түрде хабарлайды;
2) салық төлеуші осы Қағидалардың 7-тармағы 1, 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген кезде негізделген себептерді көрсете отырып, Өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қоюдан жазбаша бас тартуды жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.08.2024 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жоба алдындағы жұмыс барысында мыналар:
бастапқы құжаттарды, салықтық тіркелімдерін және бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін, әрбір салық және трансферттік баға белгілеу бойынша салық есептілігінің нысандарын ұсынуға;
салық төлеушінің бухгалтерлік есепті, салықтық және басқа да есепке алуды ұйымдастыруы және жүргізуі үшін пайдаланатын ақпараттық жүйелері (бағдарламалары), оларды автоматтандыру және өзара іс-қимыл деңгейі;
салықтық есепке алу саласындағы ІБЖ оның ішінде автоматтандыру деңгейі;
салық міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін, оның ішінде талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде тексерілмеген кезеңдер үшін трансферттік баға белгілеу бойынша тарихи деректер зерделенеді.
12. Жоба алдындағы жұмыстар, Өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде реттеледі.
Бұл ретте жоба алдындағы жұмыстарды іске асыру Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған күннен бастап 12 (он екі) ай мерзімді құрайды. Жоба алдындағы жұмысты іске асыру тараптардың келісімі бойынша, бірақ 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Жоба алдындағы жұмыстарды іске асыру мерзімі:
1) тарихи деректерді зерделеу және олардың нәтижелерін Пилоттық жобаға қатысушымен талқылау;
2) осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген салықтық тексеру жүргізу және салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасау кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері, жоба алдындағы жұмыстардың шеңберінде алынған ақпаратқа қатысты салық құпиясын сақтау және құпиялылық режимін сақтау шарттары да Өзара іс-қимыл туралы келісімде реттеледі.
Өзара іс-қимыл туралы келісім шеңберінде салық төлеуші мен Комитет арасында іс-шараларды, іске асыру мерзімдерін және жауапты тұлғаларды көрсете отырып жол картасы бекітіледі.
Жоба алдындағы жұмыс қашықтықтан да (оның ішінде салық төлеушінің есепке алу деректері мен ішкі бақылау жүйесіне қашықтан қол жеткізуді ұсынуы арқылы), сол сияқты Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне және (немесе) оның негізгі активтері орналасқан жерге барып та (қажет болған жағдайда салық төлеушінің ішкі бақылау жүйесін және оның ақпараттық жүйелерін физикалық тексеру) жүргізіледі.
Жоба алдындағы жұмыстардың қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген мәселелер бойынша жоба алдындағы жұмыстардың нәтижелері туралы хаттамаға, тиісті ұсынымдарды қоса отырып, қол қойылады.
Жоба алдындағы жұмыстардың нәтижелері туралы хаттамаға Комитет төрағасының Пилоттық жоба мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (немесе оны алмастыратын адам) және Пилоттық жобаға қатысушы қол қояды.
13. Жоба алдындағы жұмыс кезінде салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
4-тарау. Деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу
14. Салық төлеуші Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім жасасу туралы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба алдындағы жұмыс аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде Комитетке береді.
Өтініш келу тәртібімен ұсынылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
Өтінішке салық төлеуші (заңды тұлғаның басшысы) қол қойған Пилоттық жоба туралы келісімнің 2 (екі) данасы қоса беріледі.
Комитет Өтінішті қабылдаған күн оның келіп түскен күні оны болып табылады.
Өтінішті қарау келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Комитет Өтінішті қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ жоба алдындағы жұмыстардың нәтижелері бойынша:
1) салық төлеушіге Комитеттің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған Пилоттық жоба туралы келісімнің екі данасын қоса бере отырып, салық төлеушімен Пилоттық жоба туралы келісім жасасуға келісетіні туралы жазбаша хабарлайды;
2) бас тарту себептерін көрсете отырып, Пилоттық жоба туралы келісімге қол қоюдан жазбаша бас тартуды жібереді.
15. Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде Комитет пилоттық жобаға қатысушылармен бірлесіп:
бастапқы құжаттарды, салықтық тіркелімдерін және бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін, әрбір салық және трансферттік баға белгілеу бойынша салық есептілігінің нысандарын ұсынуға;
бастапқы құжаттардың, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің, салықтық тіркелімдерінің және салық есептілігі нысандарының арасындағы байланысты орнатуға;
ІБЖ қалыптастыруға;
деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеуге және енгізуге, осы жүйені Комитетпен интеграциялауға;
Комитет тарапынан талдамалық есептерді қалыптастыруға қойылатын талаптарды әзірлейді.
16. 2025 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде Комитет талаптарды әзірлейді:
бастапқы құжаттарды, салық тіркелімдерін және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, әрбір салық және трансферттік баға белгілеу бойынша салық есептілігінің нысандарын ұсынуға;
бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық тіркелімдері және салық есептілігі нысандары арасында байланыс орнатуға;
ІБЖ қалыптастыруға;
деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеуге және енгізуге, осы жүйені Комитетпен интеграциялауға.
Бұл ретте пилоттық жобаға қатысушы 2025 жылғы 1 қазанға дейін көлденең мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеу және (немесе) енгізу, интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізеді.
Осы Қағидалардың 5-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер үшін ІБЖ қалыптастыруға қойылатын талаптарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды Комитет 2025 жылғы 1 қазанға дейін әзірлейді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.08.2024 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Пилоттық жоба қашықтықтан да, сол сияқты Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне және (немесе) оның негізгі активтері орналасқан жеріне барып та (салық төлеушінің ішкі бақылау жүйесін және оның ақпараттық жүйелерін физикалық тексеру жүргізу кезінде) жүргізіледі.
18. Комитет Пилоттық жоба қатысушысына жоспарланған күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын орналасқан жеріне барып Пилоттық жоба жүргізілетіні туралы хабарлайды.
19. Пилоттық жобаны Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне барып жүргізген кезде, Пилоттық жоба қатысушысы Комитеттің бейінді басқармасының Пилоттық жобаны жүргізуге жауапты қызметкерлерінің шығатыны туралы хабарламада көрсетілген күнге компьютерлік техникамен жарақтандырылған жұмыс орнын, сондай-ақ бухгалтерлік және (немесе) салық есептерінің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуді ұсынады.
20. Пилоттық жобаны жүргізу барысында Комитеттің бейінді басқармасының қызметкері мыналарды сұратуға құқылы, ал Пилоттық жоба қатысушысы мыналарды:
1) есептік құжаттаманы;
2) жазбаша түсіндірмелерді;
3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салық міндеттемесін есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де ақпараттар мен құжаттарды;
4) Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жері бойынша бухгалтерлік және (немесе) салық есептерінің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізуді ұсынады.
Құжаттар мен түсіндірмелерді ұсыну бойынша сұрау салу жазбаша нысанда ресімделеді.
21. Пилоттық жоба туралы келісімде және осы Қағидаларда көзделген құжаттарға, оның ішінде сұрау салуларға, хаттар мен ұсынымдарға Комитет басшысы немесе Пилоттық жоба мәселелеріне жетекшілік ететін оның орынбасары қол қояды және Пилоттық жоба туралы келісімде көрсетілген мекенжайлар бойынша хабарламасы бар тапсырыс хатпен электрондық пошта арқылы, қолма-қол, пошта арқылы не салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсырылады.
Бұл ретте Пилоттық жоба қатысушысының ақпараттарды ұсынуы үшін мерзім 5 (бес) жұмыс күнінен кем болмауы және 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы керек.
22. Пилоттық жоба туралы келісімде және осы Қағидаларда көзделген сұрау салулар мен хаттарға жауаптарды Пилоттық жоба қатысушысы электрондық пошта арқылы, қолма-қол немесе Пилоттық жоба туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы сұрау салуларда, Пилоттық жоба туралы келісімде және осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде жібереді, және оған Пилоттық жоба қатысушысының басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.
Салықтық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша түсіндірулер, сондай-ақ жоспарланған мәмілелер бойынша алдын ала түсіндірулер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен ұсынылады.
Алдын ала түсіндірулер беру туралы сұрау салуды Пилоттық жоба қатысушысы Комитетке осындай сұрау салуда көрсетілген мәліметті растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда береді.
Нақтылауды қажет ететін және алдын ала түсіндіруді дайындау үшін маңызы бар мәселелер бойынша алдын ала түсіндіруді дайындау барысында Комитет Пилоттық жобаның қатысушысын қосымша түсіндіруді алу үшін шақырады.
Бұл ретте салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша түсіндірулер, сондай-ақ жоспарланатын мәмілелер бойынша алдын ала түсіндірулер даулы мәселелер туындаған кезде ескерілетін, жобаға қатысушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде ұсынылады.
23. Пилоттық жобаны жүргізу барысында Комитеттің бейінді басқармасының Пилоттық жобаны жүргізуге жауапты қызметкерлері өзара іс-қимыл жасау үшін Пилоттық жоба қатысушысының ішкі бақылау жүйесіне және ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында қажетті ақпараттар мен құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді зерделейді.
Бұл ретте, Пилоттық жоба қатысушысы Комитеттің бейінді басқармасының Пилоттық жобаны жүргізуге жауапты қызметкеріне қажетті ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге қол жеткізуді ұсынады.
24. Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша Пилоттық жоба қатысушысында Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде, мұндай бұзушылықтар туралы мәліметтер Комитеттің бейінді басқармасына хабарлама немесе хабарландыру жібермей жолданады.
Камералдық бақылау нәтижелері бейінді басқармаға Комитеттің автоматтандырылған камералдық бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінен және қолмен камералдық бақылауды жүзеге асыратын оның аумақтық органдарынан келіп түседі.
Осы тармақтың ережелері олар бойынша салықтық бақылау шаралары салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын халықаралық шарт негізінде қосылған құн салығын және бюджеттен табыс салығын қайтару бойынша Салық кодексінің 189-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген, сондай-ақ құқық қорғау және өзге де органдардың талабына және (немесе) сұрауларына, бюджетке төлемдер бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде анықталған бұзушылықтарға қолданылмайды.
25. Комитеттің бейінді басқармасы Пилоттық жобаның қатысушысымен бірлесіп камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды қарайды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар расталмаған кезде бейінді басқарма материалдарды Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшесіне береді.
Пилоттық жобаның қатысушысы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтармен келіскен кезде, Пилоттық жобаның қатысушысы Салық кодексінің 10-тарауында белгіленген тәртіппен оларды жою бойынша шаралар қолданады.
Бұл ретте Пилоттық жобаның қатысушысы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жойған жағдайда, Салық кодексінің 131-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда, жауапкершілікке тартылмайды.
26. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған болса Комитет Пилоттық жобаға қатысушыға салық міндеттемелерін орындау мәселелері жөнінде ұсынымдар жібереді.
27. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесі туындаған кезде, оларды төлеу салық міндеттемесін орындаудың кешіктірілген әр күні үшін Салық кодексінде көзделген мөлшерде өсімпұлдарды есептей отырып жүргізіледі.
Пилоттық жобаны жүргізудің нәтижелері бойынша Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнінде салық міндеттемесі туындаған кезде, Пилоттық жоба қатысушысына оның өтініші бойынша Салық кодексінің 6-тарауында көзделген тәртіппен 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге бөліп төлеу немесе салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді 3(үш) жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдыру беріледі.
Бұл ретте, Салық кодексінің 49-бабы 5 және 7-тармақтарының, 50-бабының, 51-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарының, 52, 53, 55-баптарының ережелері Пилоттық жоба қатысушыларына қолданылмайды.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту немесе одан бас тарту туралы шешімді Комитет қабылдайды.
28. Пилоттық жоба барысында туындайтын мәселелер Пилоттық жоба мәселелері бойынша Келісім комиссиясында қаралады, оны ұйымдастыру мен қызметінің тәртібін Комитет бекітеді.
29. Деңгейлес мониторингті пилоттық енгізу кезінде Пилоттық жобаға қатысушылардың салық міндеттемелерін орындауына қатысты барлық белгісіздіктер мен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалпы белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
30. Пилоттық жобаның қатысушысы осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, салық төлеуші деңгейлес мониторингке кіреді. Ақпараттық өзара іс-қимылды енгізу "Деңгейлес мониторингтің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 17914 болып тіркелген) сәйкес деңгейлес мониторинг туралы келісімдер жасасу арқылы жүзеге асырылады.
5-тарау. Салықтық бақылау
31. Пилотттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік кірістер органдары жоба алдындағы жұмыстар кезеңінде талап қоюдың ескіру мерзімі өтпеген және тексерулер жүргізілмеген салық кезеңдері үшін тарихи деректерді зерделеу жүргізеді не Пилоттық жобаға кіретін немесе кірген салық төлеуші еркін нысанда мемлекеттік кірістер органдарына салықтық тексеруді жүргізу туралы өтініш береді.
Бұл ретте, Пилоттық жобаға қатысушы тарихи деректерді зерделеу жүргізуге келіспеген және (немесе) тарихи деректерді зерделеу тәртібін бұзған жағдайда және мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі өтпеген және тексерулер жүргізілмеген салық кезеңдері үшін салықтық тексеруге бастамашылық жасайды.
Бұл ретте тексеру нәтижелеріне шағым жасау Салық кодексінің 21-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарихи деректерді зерделеу жүргізілген кезеңдер үшін Салық кодексінің 145-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық тексерулер жүргізілмейді.
Тарихи деректерді зерделеу кезеңінде есепке алу құжаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Тарихи деректерді зерделеу жүргізу кезінде Пилоттық жобаға қатысушы құжаттар мен мәліметтерді қағаз жеткізгіште, ал қажет болған жағдайда электрондық жеткізгіште талапта белгіленген мерзімдерде ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік кірістер органдарының заңды талаптарын орындамағаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің нормаларына сәйкес жауаптылық көзделген.
Тарихи деректерді зерделеу нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары Пилоттық жобаға қатысушының өз еркімен жоюы үшін анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар бойынша ұсынымдарын қоса отырып, Тарихи деректерді зерделеу нәтижелері бойынша қорытынды жасайды.
Бұл ретте анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар бойынша ұсынымдарда мемлекеттік кірістер органдарының ұстанымымен Пилоттық жобаға қатысушының ұстанымдары (келісімі немесе келіспеушілігі) көрсетіледі.
Тарихи деректерді зерделеу нәтижелері бойынша қорытынды табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тарихи деректерді зерделеу нәтижелері бойынша бұзушылықтар толық жойылған кезде, салықтық тексеру жүргізілмейді.
Тарихи деректерді зерделеу нәтижелері бойынша қорытынды табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тарихи деректерді зерделеу нәтижелері бойынша бұзушылықтар толық және (немесе) ішінара жойылмаған кезде мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінің 18-тарауына сәйкес салықтық тексеруге бастамашық жасайды.
Тарихи деректерді зерделеу нәтижелері бойынша қорытындыға Пилоттық жобаны жүргізу қорытындысына талдау жүргізген Комитеттің жауапты адамдары, Комитеттің бірінші басшысы немесе оның Пилоттық жобаға жетекшілік ететін орынбасары қол қояды.
Бұл ретте Тарихи деректерді зерделеу нәтижелері бойынша қорытындыда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
1) уәкілетті органның атауы;
2) Пилоттық жобаға қатысушының атауы;
3) Комитеттің жауапты адамдарының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымдары және қолдары;
4) Пилоттық жобаға қатысушының жауапты адамдарының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымдары және қолдары;
5) қорытындыға қол қою орны мен күні;
6) тарихи деректерді зерделеу кезеңі;
7) тарихи деректерді зерделеу нәтижелері;
8) Пилоттық жобаға қатысушының ұстанымы;
9) қорытындыға қосымша.
32. Салық төлеуші Пилоттық жобада болған салық кезеңдері үшін деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігіне, салық тіркелімдеріне, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне және бастапқы құжаттарға қолжетімділік берілген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық тексерулер Салық кодексінің 145-бабының 6 тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ фиктивтілік белгілері, жалған құжаттар жасау және (немесе) деңгейлес мониторинг үшін пайдаланылатын бухгалтерлік және салықтық ақпараттық жүйелердегі деректерді бұрмалау белгілері болған қаржы-шаруашылық операцияларын белгілеу кезінде жүргізіледі.
Бұл ретте Салық кодексінің 145-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық тексерулер жылына 1 (бір) реттен артық жүргізілмейді.
Салықтық бақылау Пилоттық жоба туралы келісім жасалған күнге дейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Пилотық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап:
деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігіне, салық тіркелімдеріне, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне және бастапқы құжаттарға қолжетімділік берілген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын;
деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігіне, салық тіркелімдеріне, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне және бастапқы құжаттарға қолжетімділік берілмеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде жүргізілетін салықтық бақылау (сұрау салулар, талаптар, мәліметтер) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде жоба алдындағы жұмыстар және пилоттық іске асыру кезеңінде Пилоттық жобаға қатысушының анық емес мәліметтерді ұсынғаны анықталған кезде, құжаттарды қолдан жасау, жалған белгілері бар бар қаржылық-шаруашылық операциялар және (немесе) бухгалтерлік, салықтық және есепке алудың өзге де түрлерінің деректері, оның ішінде деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесінде бұрмалау анықталған кезде, Пилоттық жобаның осындай қатысушысымен жасалған Өзара іс-қимыл туралы келісім және (немесе) Пилоттық жоба туралы келісімді Комитет тиісті хабарламамен біржақты тәртіпте бұзады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.08.2024 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32-1. Осы Қағидалардың 7-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген және пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде пилоттық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын пилоттық жобаға қатысушылар бойынша:
пилоттық жобаға қатысушының аумағында салық кодексінің 172 бабының 16 тармағына сәйкес акциздік бекеттер белгіленбейді;
пилоттық жобаға қатысушының акцизді төлеуі Салық кодексінің 475-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағидалар 32-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 23.08.2024 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Пилоттық жоба қатысушыларына халықаралық шарт негізінде қосымша құн салығын және бюджеттен табыс салығын қайтару Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мұндай қайтарулар туралы мәліметтерді Комитеттің құрылымдық бөлімшелері Комитеттің бейінді басқармасына жібереді.
34. Ақпараттық жүйелер мен ішкі бақылау жүйелері жұмысының дұрыстығы мәселелері жөніндегі бақылау іс-шараларын Пилоттық жоба қатысушысымен өзге кезеңділікті келісу жағдайларын қоспағанда, Комитет Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жеріне барып жылына 1 (бір) реттен артық жүргізбейді.
6-тарау. Салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
35. Салық төлеуші:
1) Пилоттық жобаны жүргізу барысында сұрау салулар жолдауға және түсіндірулер алуға;
2) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасының қызметшілерінен қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге;
3) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасының қызметшілерінен Пилоттық жоба қатысушысының құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты талап етуге;
4) осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен Пилоттық жоба барысында туындайтын мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;
5) Салық кодексіне сәйкес 80% мөлшерінде асып кеткен қосымша құн салығын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға;
6) Пилоттық жобаны өткізетін Комитеттің пофилді басқармасының қызметкерлерінен салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар алуға;
7) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
36. Салық төлеуші:
1) Пилоттық жоба кезеңіндеұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
2) бухгалтерлік жазбаларды бастапқы құжаттармен тіркеуді қамтамасыз ететін операциялар мен оқиғалардың көрінуінің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
3) есеп жүйесінде барлық қаржы-шаруашылық операциялардың толық және дұрыс деректерін көрсетуге, сканерленген және электрондық құжаттарды қоса алғанда, деректерді ақпараттық жүйелерге уақтылы енгізуді қамтамасыз етуге;
4) Комитеттің ұсынымы бойынша Комитет белгілеген мерзімде ақпараттық жүйелер мен ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
5) Комитеттің ұсынымы бойынша есеп жүйесіндегі бұзушылықтарды жоюды, оның ішінде деректердің толық көрсетілуі бойынша және сканерленген құжаттарды қоса беруді қамтамасыз етуге;
6) ол бар болса, Комитеттің сұрау салуы бойынша Пилоттық жобаға кіру кезеңінің алдындағы кезеңде осы қызметтерді ұсыну бойынша қажетті тәжірибесі бар аудиторлық (немесе консалтингтік) компания дайындаған салықтық міндеттемелерді орындау үшін қажетті ішкі бақылау жүйесінің аудиті туралы есепті ұсынуды қамтамасыз етуге;
7) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасы қызметшілеріне және осындай Пилоттық жобаны жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар қызметшілеріне Пилоттық жоба қатысушысының аумағына және (немесе) үй-жайына кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;
8) ол бар болса, Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасы қызметкерлерінің өтініші бойынша аудиторлық келісімшартты, аудиторлық есепті және (немесе) аудит туралы аудиторлық есепті ұсынуға;
9) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін,тарихи деректерді қоса қарауға рұқсат беруге;
10) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден, тарихи деректерді қоса мәліметтер беруге;
11) Пилоттық жобада болған кезеңде, оның ішінде ескіру кезеңінде, егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар салық міндеттемелеріне әсер етсе, бухгалтерлік және салықтық есепке алу жөніндегі есепке алу құжаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде хабарлау;
12) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
37. Комитет:
1) қағаз және электрондық тасығыштарда есепке алу құжаттамасын сұратуға және алуға, сондай-ақ Пилоттық жобаның мәніне қатысты мәселелер бойынша автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
2) Пилоттық жоба нысанасына қатысты мәселелер бойынша Пилоттық жоба қатысушысынан жазбаша түсіндірулер сұратуға және алуға;
3) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін, тарихи деректерді қоса қарауға рұқсат сұрауға және алуға;
4) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден, тарихи деректерді қоса мәліметтер сұратуға және алуға;
5) салық төлеушінің есепке алу жүйесінде сәйкессіздіктер анықталған, оның ішінде деректер толық көрсетілмеген және сканерленген құжаттар болмаған жағдайда салық төлеушінің атына ұсыным хат жолдауға;
6) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті оның орналасқан жеріне қарамастан тексеруге, Пилоттық жоба қатысушысының мүлкіне, оның ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;
7) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және Пилоттық жоба шеңберінде консультациялар алу үшін арнайы білімі мен дағдысы бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлерін тартуға;
8) Пилоттық жобаны жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;
9) Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде жоба алдындағы жұмыстар және пилоттық іске асыру кезеңінде Пилоттық жобаға қатысушының анық емес мәліметтерді ұсынғаны анықталған кезде, құжаттарды қолдан жасау, жалған белгілері бар бар қаржылық-шаруашылық операциялар және (немесе) бухгалтерлік, салықтық және есепке алудың өзге де түрлерінің деректері, оның ішінде деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесінде бұрмалау анықталған кезде, Пилоттық жобаның осындай қатысушысымен жасалған Өзара іс-қимыл туралы келісім және (немесе) Пилоттық жоба туралы келісімді Комитет тиісті хабарламамен біржақты тәртіпте бұзуға;
10) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
38. Комитет:
1) Пилоттық жоба шеңберіндеПилоттық жобаға қатысушыға салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша түсіндірулер, сондай-ақ жоспарланған мәмілелер бойынша алдын-ала түсіндірулер беруге.
Сонымен бірге, салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша жоғарыда көрсетілген түсіндірулерПилоттық жобаға қатысушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде беріледі, олар даулы мәселелер туындаған кезде ескеріледі;
2) Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жері бойынша Пилоттық жобаны өткізу кезеңінде жұмыс режимін сақтауға;
3) Пилоттық жобаны жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың мазмұнын жария етпеуге;
4) қызметтік этиканы сақтауға;
5) мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге;
6) Пилоттық жобаның қатысушысына салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстарды жібереді;
7) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
39. Өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ ұйымдар:
1) Комитеттің сұрау салуы бойынша Пилоттық жобаны жүргізу үшін қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік, коммерциялық, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынады;
2) арнайы білімі мен дағдысы бар маманның, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары қызметкерлерінің тиісті мәселелерді зерттеу үшін қатысуын және пилоттық жобаны жүргізу шеңберінде кеңестер беруді қамтамасыз етеді;
3) Пилоттық жоба барысында туындаған мәселелер бойынша Комитеттің сұрау салуларына жауап береді;
4) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдаланады және өзге де міндеттерді атқарады.
Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Өзара іс-қимыл туралы келісім
Астана қаласы 20__жылғы "___"________
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі
_____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
тұлғасында
_____________________________________________________________________
(құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін бір тараптан одан әрі "Комитет" деп аталатын, _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ (атауы)
екінші тараптан одан әрі "Қатысушы" деп аталатын,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
тұлғасында_______________________________________________________
негізінде әрекет ететін______________________________________________
(құжаттың атауы)
одан әрі "Тараптар" деп аталып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 73-бабының ережелерін назарға ала отырып, салық төлеушіге деңгейлес мониторингке қатысу мүмкіндігі үшін ақпараттық жүйесін, ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және Салық кодексінде көзделген өзге де жағдайлар бойынша көмек көрсету мақсатында төмендегілер туралы осы Өзара іс-қимыл туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады:
1-тарау. Келісімнің мәні
1. Тараптар Комитет пен Қатысушы арасында бизнес-процестерді, ақпараттық жүйелерді және Қатысушының ішкі бақылау жүйесіне диагностика жүргізу жөніндегі өзара іс-қимылы туралы уағдаласады (бұдан әрі – Жоба алдындағы жұмыстар).
Бұл ретте ішкі бақылау жүйесін зерделеу және диагностика, ақпараттық жүйелерді зерделеу және диагностика, салық төлеуші мен Комитет арасында одан әрі ақпаратпен алмасу үшін іс-шараларды, іске асыру мерзімін және жауапты тұлғаны көрсете отырып жол картасы бекітіледі.
2. Келісімнің және(немесе) оған қосымшаның басқа ережелеріне қарамастан, жоба алдындағы жұмыстарға байланысты Тараптар арасындағы кез келген ынтымақтастық Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа ұсынған кез келген ақпаратқа қатысты салықтық құпия және құпиялылық режим сақталған кезде ғана мүмкін болады.
3. Тараптардың әрқайсысы ынтымақтастық мақсаттары үшін байланысатын адамды айқындайды.
4. Тараптардың өзара іс-қимылы:
1) ынтымақтастық – тараптардың теңдігін, Келісімнің еркіндігін мойындау;
2) негізделген сенім – бірлескен сәтті жұмыс жүргізуге, сындарлы шешімдер әзірлеу үшін өзара іс-қимыл жасауға ұмтылу;
3) адалдық – салықтық пайда алу (салықтық үнемдеу) және салық төлемдерін азайту мақсатында өз іс-әрекеттерінен пайда алуға жол бермеу;
4) заңдылық – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;
5) айқындылық – жариялылық, ашықтық және транспаренттілік;
6) кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл – Пилоттық жобаға қатысушы мен мемлекеттік кірістер органдары арасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру үшін ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, оның ішінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес ақпаратпен алмасу және ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдай жасау қағидаттарына негізделеді.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Қатысушы:
1) жоба алдындағы жұмыстарды (Қатысушының бизнес-процестерінің, ақпараттық жүйелерінің және ішкі бақылау жүйесінің диагностикасын) жүргізуге байланысты мәселелер бойынша сұрау салулар жолдауға және түсіндірулер алуға;
2) Комитеттің профилді басқармасының қызметшілерінен қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге;
3) Қатысушының құқықтары мен міндеттемелері туралы ақпаратты талап етуге;
4) Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен, жоба алдындағы жұмыстар барысында туындайтын мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;
5) Салық кодексіне сәйкес 80% мөлшерінде қосымша құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға;
6) Комитеттен салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар алуға;
7) салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
6. Қатысушы:
1) жоба алдындағы жұмыстар кезеңінде ұсынылатын деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
2) есеп жүйелерге рұқсат беру шеңберінде, барлық қаржы-шаруашылық қызметі операциялар мен оқиғалардың толық және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етуге;
3) Комитеттің ұсынымы бойынша Пилоттық жобаға қатысушымен келісілген Комитет белгілеген мерзімде ақпараттық жүйелер мен ішкі бақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін келтіруді қамтамасыз етуге;
4) Комитеттің ұсынымы бойынша есепке алу жүйесіндегі және басқа да ақпараттар жүйесіндегі бұзушылықтарды жоюды, қамтамасыз етуге;
5) егер бар болса, Комитеттің сұрау салуы бойынша Пилоттық жобаға кіру кезеңінің алдындағы кезеңде осы қызметтерді ұсыну бойынша қажетті тәжірибесі бар аудиторлық (немесе консалтингтік) компания дайындаған салықтық міндеттемелерді орындау үшін қажетті ішкі бақылау жүйесінің аудиті туралы есепті ұсынуды қамтамасыз етуге;
6) Комитеттің профилді басқармасы қызметшілерінің Пилоттық жобаға қатысушының аумағына және (немесе) үй-жайына кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;
7) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін, оның ішінде тарихи деректерді қарауға рұқсат беруге;
8) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтерді, оның ішінде тарихи деректерді беруге;
9) салық заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
7. Комитет:
1) Қатысушының сыртқы және ішкі аудит, оның ішінде ақпараттық жүйесінің аудит және ішкі бақылау жүйесінің аудит нәтижелеріне қатысты ақпаратты сұратуға және алуға;
2) қағаз және электрондық тасымалдағыштарда есепке алу құжаттамасын, сондай-ақ жоба алдындағы жұмыстардың мәніне қатысты мәселелер бойынша автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуді сұратуға және (немесе) алуға;
3) Қатысушыдан жоба алдындағы жұмыстардың мәніне қатысты мәселелер бойынша жазбаша түсіндірулер сұратуға және (немесе) алуға;
4) бухгалтерлік есепті және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің деректерін қарауға және алуға рұқсат алу, тарихи деректерді қоса алғанда;
5) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтер сұратуға және алуға, тарихи деректерді қоса;
6) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті оның орналасқан жеріне қарамастан тексеруге, Қатысушының мүлкіне, оның ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;
7) Пилоттық жобаны жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;
8) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
8. Комитет:
1) жоба алдындағы жұмыстар шеңберінде Қатысушыға Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген тәртіппен салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша түсіндірулер беруге міндетті.
2) Қатысушының орналасқан жері бойынша жоба алдындағы жұмыстар жасау кезеңінде оның жұмыс режимін сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоба алдындағы жұмыстар жасау кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, олардың мазмұнын жария етпеуге;
4) қызметтік этиканы сақтауға;
5) мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге;
6) Пилоттық жобаның қатысушысына салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдарды жіберуге;
7) заңнамада көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
3-тарау. Өзара іс-қимылды іске асыру
9. Өзара іс-қимыл шеңберінде Комитет: Қатысушымен бірлесіп іс-шаралар, орындалу мерзімі және жауапты тұлғалар көрсетілген жол картасын бекітеді;
Қатысушының бизнес-процестерін, ақпараттық жүйелерін және ішкі бақылау жүйесін зерделейді және диагностика жүргізеді;
Қатысушы қызметінің бизнес-процестері мен технологиялық схемаларын зерделейді;
Қатысушының құрылымын, филиалдар мен өкілдіктердің бар-жоғын зерделейді;
Қатысушының есепке алу саясатын зерделейді;
бухгалтерлік есепке алудың ақпараттық бағдарламаларына пайдаланылатын бухгалтерлік есепке алудың, салықтық есепке алудың деректеріне және басқа да пайдаланылатын ақпараттық жүйелерге рұқсат алады, есепке алу саясатына сәйкестігіне талдау жүргізеді;
тауар-материалдық құндылықтарды кіріске алудан бастап дайын өнімді өткізуге дейін жылжыту және есепке алу процесін зерделейді;
дайын өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру процесін зерделейді;
Қатысушы алатын кіріс түрлерін, олардың жиынтық кірістің жалпы сомасындағы үлес салмағын зерделейді;
Қатысушының активтері мен міндеттемелерін зерделейді;
Қатысушы мен оның сатып алушылары мен өнім берушілер арасында шарттар жасау ерекшеліктерін зерделейді;
ақша қаражатының қозғалыс процесін зерделейді;
Қатысушының электрондық шот-фактуралар жүйесін, виртуалды қойманы, салық есептілігін өңдеудің ақпараттық жүйесін (СЕӨАЖ) (салық есептілігін ұсыну), салық төлеуші кабинетін қолдануын зерделейді;
салық тіркелімдерін қалыптастыру процесін зерделейді;
Қатысушымен бірге салық декларацияларын жасау алгоритмін зерделейді;
ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды одан әрі қалыптастыру үшін ішкі бақылауды жүргізу алгоритмін зерделейді;
салық есептілігін бухгалтерлік есепке алу және салық тіркелімдерінің деректеріне сәйкестігін, оның ішінде Комитеттің тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып зерделейді;
Қатысушымен ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша тапсырмаларды әзірлейді.
10. Комитет Қатысушының ішкі бақылау жүйесіне (оның ішінде талдамалық есептердің қажетті нысандарын қоса алғанда) және ақпараттық жүйелерге (талдамалық есептердің қажетті нысандарын қоса алғанда) тиісті талаптарды әзірлейді.
11. Комитет Қатысушы ішкі бақылау жүйелері мен ақпараттық жүйелерді белгіленген талаптарға сәйкес келтіргеннен кейін тестілеуді өткізеді.
Бұл ретте, тестілеуді Комитет дербес не қажетті консультанттарды тарта отырып жүргізеді.
4-тарау. Құпиялылық
12. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етпеуге міндеттенеді.
13. Үшінші тұлға тарапынан ұрлау, тонау, қарақшылық, қолды болу, ақпараттық деректер базасына кибер-шабуыл жасау түрінде көрініс тапқан, құқыққа қайшы әрекеттердің салдарынан алынған мәліметтердің қасақана емес жария болуы, құпиялылық туралы талаптарды бұзу болып табылмайды
5-тарау. Қорытынды ережелер
14. Осы Келісім Қатысушының салықтық міндеттемелері бойынша Комитеттің салықтық әкімшілендіруін жүзеге асыруына кедергі келтірмейді.
15. Осы Келісім қандай да бір жеңілдіктер мен преференциялар беруді көздемейді, ал Қатысушының өз салық міндеттемелерін орындауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
16. Осы Келісім оған екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді, _______________ дейін қолданыста болады және Тараптардың келісімі бойынша ұзартылады не бұзылады.
17. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті адамдарының қол қоюымен жазбаша нысанда ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
18. Осы Келісімге 4 (төрт) түпнұсқалық данада мемлекеттік және орыс тілдерінде, тең заңды күші бар әрбір Тарап үшін 2 (екі) данадан қол қойылды.
6-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Қазақстан Республикасы |
Қатысушы: |
Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісім
Астана қаласы 20__жылғы "___"________
____________________________________________________________________
________________________________________________________, бір тараптан,
(атауы)
бұдан әрі "Пилоттық жобаның қатысушысы" деп аталатын,
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
тұлғасында, ____________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
және екінші тараптан "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан
әрі "Комитет" деп аталатын,
____________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
тұлғасында,______________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының ережелерін назарға ала отырып, осы Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасады.
1-тарау. Келісімнің мәні
1. Тараптар Комитеттің Пилоттық жобаға қатысушыға қатысты деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу туралы уағдаласады.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Комитет:
1) қағаз және электрондық тасығыштарда есепке алу құжаттамасын сұратуға және алуға, сондай-ақ Пилоттық жобаның мәніне қатысты мәселелер бойынша автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
2) Пилоттық жоба мәніне қатысты мәселелер бойынша Пилоттық жобаға қатысушыдан жазбаша түсіндірулер сұратуға және алуға;
3) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін, оның ішінде тарихи деректерді қарауға рұқсат сұрауға және алуға;
4) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтерді, оның ішінде тарихи деректерді сұратуға және алуға;
5) салық төлеушінің есепке алу жүйесінде сәйкессіздіктер анықталған, оның ішінде деректер толық көрсетілмеген және электрондық құжаттар болмаған кезде Пилоттық жобаға қатысушысының атына ұсыным жолдауға;
6) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті оның орналасқан жеріне қарамастан тексеруге, Пилоттық жоба қатысушысының мүлкіне, оның ішінде құжаттарда көрсетілген мәліметтердің сәйкестігіне түгендеу жүргізуге;
7) арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу және Пилоттық жоба шеңберінде консультациялар алу үшін арнайы білімі мен дағдысы бар маманды, оның ішінде Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының қызметкерлерін тартуға;
8) Пилоттық жобаны жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) сұрау салулар жіберуге;
9) пилоттық енгізу шеңберінде ұсынымдарды орындауды талап етуге;
10) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
3. Комитет:
1) Пилоттық жоба шеңберінде салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша түсіндірулер, сондай-ақ жоспарланған мәмілелер бойынша алдын-ала түсіндірулер беруге.
Бұл ретте, салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша жоғарыда көрсетілген түсіндірулер Пилоттық жобаға қатысушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде беріледі;
2) Пилоттық жоба қатысушысының орналасқан жері бойынша Пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде жұмыс режимін сақтауға;
3) Пилоттық жобаны жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың мазмұнын жария етпеуге;
4) қызметтік этиканы сақтауға;
5) мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге;
6) Пилоттық жобаның қатысушысына салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдарды жіберуге;
7) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
4. Салық төлеуші:
1) Пилоттық жобаны жүргізу барысында сұрау салулар жолдауға және түсіндірулер алуға;
2) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасының қызметкерлерінен қызметтік куәліктерін көрсетуді талап етуге;
3) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасының қызметкерлерінен Пилоттық жоба қатысушысының құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты талап етуге;
4) Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен Пилоттық жоба барысында туындайтын мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;
5) Салық кодексіне сәйкес 80% мөлшерінде қосымша құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға;
6) Комитеттен салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар алуға;
7) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
5. Салық төлеуші:
1) Пилоттық жоба кезеңінде ұсынылатын деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;
2) бухгалтерлік жазбаларды бастапқы құжаттармен тіркеуді, операциялар мен оқиғалардың толық мен дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етуге;
3) есепке алу жүйесінде барлық қаржы-шаруашылық операциялардың толық және дұрыс деректерін көрсетуге, электрондық құжаттарды қоса алғанда, деректерді ақпараттық жүйелерге уақтылы енгізуді қамтамасыз етуге;
4) Комитеттің ұсынымы бойынша Пилоттық жобаға қатысушымен келісілген Комитет белгілеген мерзімде ақпараттық жүйелер мен ішкі бақылау жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін сәйкес келтіруді қамтамасыз етуге;
5) Комитеттің ұсынымы бойынша есепке алу жүйесіндегі бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз етуге;
6) егер бар болса, Комитеттің сұрау салуы бойынша Пилоттық жобаға кіру кезеңінің алдындағы кезеңде осы қызметтерді ұсыну бойынша қажетті тәжірибесі бар аудиторлық (немесе консалтингтік) компания дайындаған салықтық міндеттемелерді орындау үшін қажетті ішкі бақылау жүйесінің аудиті туралы есепті ұсынуды қамтамасыз етуге;
7) Пилоттық жобаны жүргізетін Комитеттің бейінді басқармасы қызметкерлеріне және осындай Пилоттық жобаны жүргізуге қатысу үшін тартылатын өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне Пилоттық жоба қатысушысының аумағына және (немесе) үй-жайына кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға;
8) егер бар болса, Комитеттің сұрау салуы бойынша аудит жүргізуге аудиторлық келісімшартты, аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындысын ұсынуға;
9) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін, оның ішінде тарихи деректерді қарауға рұқсат беруге;
10) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің деректерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйеден мәліметтерді, оның ішінде тарихи деректерді беруге;
11) пилоттық жобада болған кезеңде, оның ішінде талап ету кезеңінің ескіруі кезеңінде, егер мұндай өзгерістер мен толықтырулар салық міндеттемелеріне әсер етсе, бухгалтерлік және салықтық есепке алу жөніндегі есепке алу құжаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізу сәтінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға;
12) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
6. Тараптар өзара келісім бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. Осы Келісімнен туындайтын кез келген даулар немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
4-тарау. Құпиялылық
8. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жария етпеуге міндеттенеді.
9. Тиісті органдар растаған ұрлық, тонау, қарақшылық, ұрлау, ақпараттық дерекқорлардың кибер-шабуылдары түрінде көрінген үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан алынған мәліметтерді абайсыздан тарату құпиялылық туралы талаптарды бұзу болып табылмайды.
5-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі
10. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жоба аяқталғанға дейін қолданылады және Пилоттық жоба қатысушысына қатысты оңалту немесе банкроттық, бірігу, қосылу, бөліну және бөлініп шығу жолымен тарату, қайта ұйымдастыру рәсімдері жүргізілген жағдайларда, сондай-ақ Тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылады.
Бұл ретте Келісім Пилоттық жобаға қатысушы Келісімді бұзу туралы хатты алған күннен бастап бұзылды деп есептеледі.
6-тарау. Қорытынды ережелер
11. Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған жазбаша нысанда ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
12. Комитетті қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру осы Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және барлық құқықтар мен міндеттер құқықтық мирасқорларға ауысады.
13. Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде ұсынылатын ақпарат алмасу, құжаттарды, оның ішінде хабарламаларды, сұрау салуларды, ұсынымдар мен хаттарды жолдау мынадай электрондық пошта мекенжайларын пайдалана отырып жүзеге асырылады:
Крмитет тарапынан _____________________________________________;
Пилоттық жобаға қатысушы тарапынан____________________________.
14. Осы Келісімге 4 (төрт) түпнұсқалық данада мемлекеттік және орыс тілдерінде, тең заңды күші бар әрбір Тарап үшін 2 (екі) данадан қол қойылды.
7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Қазақстан Республикасы |
Пилоттық жобаның қатысушысы: |
Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Шығыс №________ (ол болған кезде)
Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жоба жөнінде келісім жасау туралы өтініш
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))
тұлғасында,_________________________ негізінде әрекет ететін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес__________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Пилоттық жоба шеңберінде ___________ жылғы 1 қаңтардан бастап деңгейлес мониторинг жүргізу туралы мәселесін қарастыруды сұраймын.
Осы өтінішпен мыналарды растаймын:
Кәсіпорындағы бухгалтерлік және салықтық есепке алу
_______________________________________________________жүргізіледі;
(мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде)
бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып;
кәсіпорында ішкі бақылау жүйесі енгізілген және пайдаланылады.
Қол қойылған деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жоба туралы келісімнің 4 (төрт) данасы қоса беріледі.
Қосымша ___ парақта.
_____________________________________________ 20__жылғы "___"_______
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))