БҰЙЫРАМЫН:
"Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізу қағидаларында:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Пилоттық жоба Салық кодексінің 15 – тарауында көзделген көлденең мониторинг жүргізу тәртібін жетілдіру және жаңғырту, оның ішінде өзара іс-қимыл жасау үшін ішкі бақылау жүйесіне (бұдан әрі - ІБЖ) және салық төлеушінің ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында іске асырылады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Деңгейлес мониторингтің оңайлатылған режимі осы Қағидалардың 7-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген салықтөлеушілермен ІБЖ қатысты ережелерді қоспағанда осы Қағидалардың ережелерін қолдану болып табылады.
Деңгейлес мониторингтің оңайлатылған режимін қолдануға құқылы:
1) орта кәсіпкерлік субъектілері;
2) ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Осы тармақтың осы тармақшасы SAP (Systemanalyse Programmentwicklung) есепке алу жүйесінен өзгеше бағдарламалық қамтамасыз етуде салық есептілігінің көрсеткіштерін ашуға байланысты бухгалтерлік, салықтық, өндірістік және басқа да есепке алу түрлерін жүргізетін салық төлеушілерге қолданылады.";
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер бойынша Өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылған күннен бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында айқындалған салық төлеушілер бойынша – көрсетілген тармақшамен белгіленген 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
осы Қағидалардың 7-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері бойынша-өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылған күннен бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.";
7 тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
1) мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, Өзара іс-қимыл туралы келісім жасау туралы өтініш берілген күнге бір мезгілде мынадай:
Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілген жылдың алдындағы жыл үшін корпоративтік табыс салығы туралы декларация бойынша салық төлеушінің декларациясына сәйкес салық кезеңінің соңында тіркелген активтердің құндық теңгерімдерінің сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілетін жылдың соңында қолданыстағы кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын;
қосылған құн салығын қайтаруды есепке алмағанда, салық төлеуші төлеген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және оның міндеттемелері бойынша әлеуметтік төлемдердің сомасы Өзара іс-қимыл туралы келісімді жасау туралы өтініш берілетін жылдың алдындағы күнтізбелік жыл үшін кемінде 1 (бір) миллиард теңгені құрайтын;
салық төлеушінің бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепті автоматтандыру үшін көзделген бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып жүзеге асырылатын, бухгалтерлік және салық есебін жүргізуі;
ол бар болса, аудиторлық ұйымның аудиторлық қорытындысымен расталған Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу туралы өтініш берілетін кезеңнің алдындағы қаржы жылы үшін қаржылық есептілігінің болуы;
ішкі бақылау жүйесінің болуы;
Өзара іс-қимыл туралы келісімді жасау туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша, Салық кодексінің 17-тарауына сәйкес қолданылатын, мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің бағалауына сәйкес салық төлеушінің тәуекел деңгейі төмен немесе орташа болуы шарттарына сәйкес келетін коммерциялық ұйым болып табылатын салық төлеушілер;
2) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі салық төлеушілер не олармен үлестес заңды тұлғалар, немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалар, сондай-ақ акцияларының 50 (елу) және одан көп пайызы аталған заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар.
Бұл ретте деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны іске асыру мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
телекоммуникация саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2020 жылғы 1 тамыздан бастап;
газ тасымалдау саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2021 жылғы 1 шілдеден бастап;
электр энергетикасы саласындағы салық төлеушілер, оның ішінде басқарушы (бас) компаниялар бойынша – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап;
тау-кен саласының салық төлеушілері бойынша – 2021 жылғы 1 сәуірден бастап;
жүк тасымалы, мұнай тасымалдау саласындағы, мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы салық төлеушілер бойынша – 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
авиация саласындағы төлеушілер бойынша – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті органдар мен көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнайгазконденсаты немесе теңіз кен орны, сондай-ақ олардың еншілес немесе байланысты компаниясы қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған өнімдерді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда) көрсетілген сенімді тұлғалар (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);
4) инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдар;
5) орта кәсіпкерлік субъектілері;
6) осы Қағидалардың 5-1-бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген шартқа сай келетін ірі кәсіпкерлік субъектілері Пилоттық жобаға қатысушылар болып табылады.";
10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Қағидалардың 7-тармағы 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілердің жоба алдындағы жұмысқа қатысуға өтініші Комитетке ерікті негізде және еркін нысанда жіберіледі.
Өтініш келу тәртібінде беріледі немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. Комитет Өтінішті қабылдаған күн оның келіп түскен күні болып табылады.
Өтінішті қарау келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Комитет Өтінішті қарау нәтижелері бойынша:
1) салық төлеушіге Комитеттің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған 2 (екі) данасымен қоса бере отырып, салық төлеушімен Өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға келісетіні туралы жазбаша түрде хабарлайды;
2) салық төлеуші осы Қағидалардың 7-тармағы 1, 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген кезде негізделген себептерді көрсете отырып, Өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қоюдан жазбаша бас тартуды жібереді.";
16 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2025 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде Комитет талаптарды әзірлейді:
бастапқы құжаттарды, салық тіркелімдерін және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, әрбір салық және трансферттік баға белгілеу бойынша салық есептілігінің нысандарын ұсынуға;
бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық тіркелімдері және салық есептілігі нысандары арасында байланыс орнатуға;
ІБЖ қалыптастыруға;
деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеуге және енгізуге, осы жүйені Комитетпен интеграциялауға.
Бұл ретте пилоттық жобаға қатысушы 2025 жылғы 1 қазанға дейін көлденең мониторингтің ақпараттық жүйесін әзірлеу және (немесе) енгізу, интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізеді.
Осы Қағидалардың 5-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер үшін ІБЖ қалыптастыруға қойылатын талаптарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды Комитет 2025 жылғы 1 қазанға дейін әзірлейді.";
32 тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
"Салық төлеуші Пилоттық жобада болған салық кезеңдері үшін деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігіне, салық тіркелімдеріне, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне және бастапқы құжаттарға қолжетімділік берілген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық тексерулер Салық кодексінің 145-бабының 6 тармағында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ фиктивтілік белгілері, жалған құжаттар жасау және (немесе) деңгейлес мониторинг үшін пайдаланылатын бухгалтерлік және салықтық ақпараттық жүйелердегі деректерді бұрмалау белгілері болған қаржы-шаруашылық операцияларын белгілеу кезінде жүргізіледі.
Бұл ретте Салық кодексінің 145-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салықтық тексерулер жылына 1 (бір) реттен артық жүргізілмейді.
Салықтық бақылау Пилоттық жоба туралы келісім жасалған күнге дейін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Пилотық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап:
деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігіне, салық тіркелімдеріне, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне және бастапқы құжаттарға қолжетімділік берілген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын;
деңгейлес мониторинг ақпараттық жүйесі арқылы салық есептілігіне, салық тіркелімдеріне, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдеріне және бастапқы құжаттарға қолжетімділік берілмеген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша Пилоттық жобаны енгізу кезеңінде жүргізілетін салықтық бақылау (сұрау салулар, талаптар, мәліметтер) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде жоба алдындағы жұмыстар және пилоттық іске асыру кезеңінде Пилоттық жобаға қатысушының анық емес мәліметтерді ұсынғаны анықталған кезде, құжаттарды қолдан жасау, жалған белгілері бар бар қаржылық-шаруашылық операциялар және (немесе) бухгалтерлік, салықтық және есепке алудың өзге де түрлерінің деректері, оның ішінде деңгейлес мониторингтің ақпараттық жүйесінде бұрмалау анықталған кезде, Пилоттық жобаның осындай қатысушысымен жасалған Өзара іс-қимыл туралы келісім және (немесе) Пилоттық жоба туралы келісімді Комитет тиісті хабарламамен біржақты тәртіпте бұзады.";
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
"32-1. Осы Қағидалардың 7-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген және пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде пилоттық жоба туралы келісім жасалған күннен бастап этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялықты қоспағанда), дизель отынын және темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын пилоттық жобаға қатысушылар бойынша:
пилоттық жобаға қатысушының аумағында салық кодексінің 172 бабының 16 тармағына сәйкес акциздік бекеттер белгіленбейді;
пилоттық жобаға қатысушының акцизді төлеуі Салық кодексінің 475-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |