РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабының 1 және 2-тармақтарына, 133-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторинг туралы келісім нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілер санаттары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқтоқсандағы № 1060 бұйрығына 1-қосымша |
|
нысан |
Деңгейлес мониторинг туралы келісім
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Астана қаласы 20__ жылғы "___" _______
_________________________________________________________________________,
бұдан әрі (атауы)
__________________________________________________________________________
тұлғасында "Салық төлеуші" деп аталатын, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________________________________
негізінде жұмыс істейтін (құжаттың атауы) бір тараптан, және
__________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
тұлғасында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Комитет" деп аталатын,
___________________________ _________________________ негізінде жұмыс істейтін,
(құжаттың атауы)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлескен түрде "Тараптар" деп аталатын "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес осы Деңгейлес мониторинг туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасады.
1-тарау. Келісімнің мәні
1. Тараптар Комитет Салық төлеушіге қатысты деңгейлес мониоринг өткізу туралы уағдаласады.
2. Деңгейлес мониторинг Салық кодексінің 133-бабына сәйкес жүргізіледі.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Комитет:
1) салық төлеушіге қатысты деңгейлес мониторингті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізуге;
2) деңгейлес мониторинг шеңберінде салық төлеушіге Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндірулер, оның ішінде Салық кодексінің 134 және 135-баптарына сәйкес алдын ала түсіндірулер беруге;
3) деңгейлес мониторинг шеңберінде салық төлеушіден алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
4) деңгейлес мониторинг жүргізу кезінде алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, салық төлеушінің келісімінсіз олардың мазмұнын жарияламауға;
5) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша деңгейлес мониторинг жүргізу кезеңінде салық төлеушінің белгіленген жұмыс режімін бұзбауға міндетті.
4. Салық төлеуші:
1) деңгейлес мониторинг шеңберінде Комитеттің лауазымды тұлғасының талабы бойынша салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізілетін деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібіне сәйкес және (немесе) салық төлеушінің қатысуынсыз бюдетке төленетін салықтар және төлемдердің дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін (ұстап қалудар мен аударымдар), әлеуметтік төлемдердің, ұстап қалулар мен аударымдардың толық және уақтылы есептелуін растайтын құжаттарды, салық төлеушінің (салық агентінің) салық нысандарын, салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, сондай-ақ салық есебін жүргізу бойынша құрастырылған жазбаша түсіндірмелерін беруге;
2) деңгейлес мониторинг жүргізу барысында Комитеттің лауазымды тұлғаларына салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бастапқы есеп құжаттары, бухгалтерлік есеп тіркелімі деректерін, салық салуға байланысты салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілері туралы ақпарат бар бухгалтерлік және (немесе) салық есебін, және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету деректерін қарауға құқық беруге;
3) деңгейлес мониторинг шеңберінде Комитеттің лауазымды тұлғаларына салық төлеушінің қатысуынсыз бастапқы есеп құжаттары, бухгалтерлік есеп тіркелімі деректерін, салық салуға байланысты салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілері туралы ақпарат бар бухгалтерлік және (немесе) салық есебін, және (немесе) ақпараттық жүйені автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуден жүктелген мәліметтерді беруге міндетті.
5. Тараптар екі жақтың келісімі бойынша осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
6. Тараптар Салық кодексінің 13 және 19-баптарында белгіленген өзге де құқықтары бар және өзге де міндеттерді орындайды.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. Осы Келісімде Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен шығатын міндеттемелерді орындамаған және (немесе) дұрыс орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
8. Осы келісімнен пайда болуы мүмкін кез келген даулар немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
4-тарау. Құпиялылық
9. Тараптар осы Келісім шеңберінде алынған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндеттенеді.
10. Тиісті органдар растаған ұрлық, қарақшылық, тонау, ақпараттық деректер базасын кибер талқандау түрінде берілген үшінші тұлға тарапынан заңға қайшы іс-қимылдары салдарынан алынған мәліметтерді абайсызда тарату құпиялылық туралы талаптарды бұзу болып табылмайды.
5-тарау. Келісімнің әрекет ету мерзімі
11. Осы Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және үш жыл бойы қолданыста болады және Салық кодексінің 131-бабы 2-тармағына сәйкес белгіленген деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу тәртібіне сәйкес бұзылуы мүмкін.
6-тарау. Келісімді бұзу тәртібі
12. Комитет осы Келісімді мынадай жағдайларда бұзады:
1) деңгейлес мониторинг жүргізген Комитеттің лауазымды тұлғасы деңгейлес мониторинг жүргізу барысында Салық төлеушімен дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактілерін анықтауы;
деңгейлес мониторинг жүргізу барысында Салық төлеушімен ұсынылған мәліметтерді деңгейлес мониторинг жүргізілетін Комитеттің лауазымды тұлғасымен деңгейлес мониторинг жүргізу барысында Салық төлеушімен ұсынылған мәліметтерді дәйексіз деп тану;
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу (ұстап қалу), төлеумен (аудару) байланысты Салық төлеушінің құжаттарына (ақпаратқа) деңгейлес мониторинг жүргізу барысында жүйелі түрде (күнтізбелік жыл бойына екі реттен көп) ұсынбау түрінде Салық кодексінің 133-бабына сәйкес бекітілген деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін бұзу;
3) Салық төлеушінің бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөлініп шығуы жолымен оңалту немесе банкроттық, тарату, қайта ұйымдастыру рәсімдерінің басталуы.
7-тарау. Қорытынды ережелер
13. Осы Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімдерді құрастыру және қол қою арқылы жасалады.
14. Тараптарды қайта құру арқылы қайта ұйымдастыру осы Келісімнің қолданысын тоқтата алмайды, және барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық мирасқорларына ауысады.
15. Деңгейлес мониторинг шеңберінде ұсынылатын ақпарат алмасу мына электрондық пошта мекенжайларын қолданумен:
Комитет тарапынан _____________________________________________;
Салық төлеуші тарапынан ___________________________________ жүзеге асырылады.
16. Осы Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін тең заңдық күші бар екі данада жасалған.
8-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
Комитет: |
Салық төлеуші: ____________________________ |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына 2-қосымша |
Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабына сәйкес әзірленген және деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін Деңгейлес мониторинг туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) - деңгейлес мониторингті жүргізу кезінде тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттерін айқындайтын салық төлеуші мен салық органы арасында жасалатын шарт нысанындағы ерікті акт.
3. Келісім Салық кодексінің 131-бабы 2-тармағына сәйкес санаттарын уәкілетті орган белгілейтін салық төлеушілермен жасалады.
2-тарау. Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу тәртібі
4. Келісім "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) және салық төлеушінің арасында жасалады.
5. Салық төлеуші Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау туралы өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) Комитетке деңгейлес мониторинг жүргізу жоспарланып отырған кезеңнің алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
6. Өтініш қолма-қол немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы беріледі.
7. Комитеттің кеңсесі Өтінішті қабылдап алған күні Комитеттің алған күні болып табылады.
8. Өтініште:
салық төлеушінің бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуын автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданумен қазақ және (немесе) орыс тілдерінде бухгалтерлік және салықтық есепке алуды;
салық міндеттемелерінің орындалуын ішкі бақылау жүйесінің болуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Өтінішке осы бұйрыпен бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің заңды өкілі қол қойған Келісімнің екі данасы қоса беріледі.
10. Комитет Өтінішті келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде қарастырады және оның қорытындылары бойынша:
1) салық төлеушіге Келісім жасау туралы келіскенін Комитеттің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған Келісімнің екінші данасын қоса бере отырып жазбаша түрде хабарлайды;
2) осы бұйрықпен бекітілген Келісім жасалатын салық төлеушінің салық төлеушілер санатына сәйкес келмеген жағдайда (бұдан әрі - Санат) Келісімге қол қоюдан бас тарту туралы шешімді осындай бас тартудың негізді себебін көрсете отырып жолдайды.
11. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Комитет салық төлеушіге қолма-қол немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жібереді.
12. Келісімді бұзу салық төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген, жазбаша нысанда хабардар ету жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мұндай бұзу Келісімді бұзуға дейін салық есептілігі жекелеген салықтар және төлемдер бойынша берілген салық кезеңіне деңгейлес мониторинг нәтижелерін жоққа шығармайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Салық төлеуші келісім бұзылғаны туралы хабарламаны алынған күннен бастап Келісім бұзылған деп саналады.
Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасау және бұзу қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Шығыс № (бар болса)
Деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу туралы өтініш
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________ ________________________________________
тұлғасында (толық атауы және салық төлеушінің бизнес-(лауазымы, тегі, аты,
сәйкестендіру нөмірі) әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_______________________ негізінде жұмыс істейтін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 131-бабының 2-тармағына сәйкес __________ жылғы 1 қаңтардан бастап
__________________________________________________________________________
(толық атауы және салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
деңгейлес мониторинг жүргізу туралы мәселені қарастыруды сұраймын.
Осы өтінішпен мыналарды растаймын:
кәсіпорында бухгалтерлік және салық есебі ____________________________________
(қазақ және (немесе) орыс тілінде (тілдерінде) бухгалтерлік және (немесе) салық есебін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданумен жүргізіледі;
кәсіпорында салық міндеттемелерін орындаудың ішкі бақылау жүйесі енгізілген және пайдаланылады.
Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің қол қойылған екі данасы қоса беріледі.
Қосымша _______ парақта.
______________________ _____ жылғы "___" ____________
(лауазымы, тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына 3-қосымша |
Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санаттары
Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілерге:
1) мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер, деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш беру күніне бір уақытта мына талаптарға сәйкес келетін:
деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш берілетін жылдың алдындағы жылдағы салық төлеушінің корпоративтік табыс салығы бойынша декларациясына сәйкес салық кезеңінің соңында тіркелген активтерінің құндық баланс сомасы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш берілетін жыл соңына қолданыста болған 325000-нан кем емес айлық есептік көрсеткішті құрайтын;
деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш берілетін жыл алдындағы күнтізбелік жылы салық төлеушінің төленген салықтары, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері, қосылған құн салығын қайтару есебінсіз оның міндеттемелері бойынша әлеуметтік төлемдер сомасы кемінде бір миллиард теңгені құрайтын;
деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш берілетін жыл алдындағы жылдың төртінші тоқсанының соңғы айында жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық төлеушінің декларациясы деректеріне сәйкес қызметкерлер саны кемінде 250 адамды құрайтын;
салық төлеушінің бухгалтерлік және (немесе) салық есебін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданумен қазақ және (немесе) орыс тілдерінде бухгалтерлік және салық есебін жүргізуі;
салықтық міндеттемелердің орындалуын ішкі бақылау жүйесінің бар болуы;
деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш беру күніне "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 17-тарауына сәйкес салық органдары қолданатын тәуекелді басқару жүйесі бағалауына сәйкес салық төлеушінің тәуекелінің төмен және орташа деңгейі;
деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш берушілер;
деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш берілген жылдың алдындағы бес жыл ішінде салық төлеушінің бірігуі, қосылуы, бөлінуі жолымен қайта ұйымдастыру себебі бойынша оны бұзу жағдайларын қоспағанда, бұдан бұрын жасалған деңгейлес мониторинг туралы келісім бұзылмаған;
2) инвестициялық басым жобаларды іске асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында ғана өз қызметін жүзеге асыратын, бір уақытта мынадай талаптарға сәйкес келетін салық төлеушілер:
деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш бергендер;
деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау жөнінде өтініш берілген жылдың алдындағы бес жыл ішінде салық төлеушінің бірігуі, қосылуы, бөлінуі жолымен қайта ұйымдастыру себебі бойынша оны бұзу жағдайларын қоспағанда, бұдан бұрын жасалған деңгейлес мониторинг туралы бұзылмаған келісім жатады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына 4-қосымша |
Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Деңгейлес мониторингті жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабына сәйкес әзірленді және деңгейлес мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Деңгейлес мониторинг салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу (ұстап қалу), төлеу (аудару) дұрыстығын белгілеу мақсатында жүргізіледі және уәкілетті орган мен салық төлеушінің арасындағы ақпарат және құжаттар алмасуды қарастырады, олар мынадай қағидаттарға:
1) ынтымақтастыққа;
2) негізделген сенімге;
3) заңдылыққа;
4) айқындылыққа;
5) кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимылға негізделеді.
3. Деңгейлес мониторинг:
деңгейлес мониторинг туралы келісімге қол қойылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл ішінде деңгейлес мониторинг туралы келісім жасау және бұзу қағидаларымен белгіленген ережелер есебімен;
Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің қолданылу мерзімі шегінде салық кезеңінде жүргізіледі.
2-тарау. Деңгейлес мониторингті жүргізу тәртібі
4. Деңгейлес мониторинг "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) және салық төлеушінің арасындағы кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы жүргізіледі.
5. Комитет өз шешімімен деңгейлес монироинг жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаларды анықтайды және қабылданған шешім туралы салық төлеушіге жазбаша түрде хабардар етеді. Деңгейлес монироинг жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалардың құрамы өзгерген кезде, Комитет осындай өзгерістер туралы салық төлеушіге жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
6. Салық төлеуші өз шешімімен Комитеттің деңгейлес мониторинг жүргізетін лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылға жауапты тұлғаны анықтайды және қабылданған шешім туралы Комитетке жазбаша нысанда хабардар етеді. Деңгейлес мониторинг жүргізетін Комитеттің лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимылға жауапты тұлға өзгерген кезде, салық төлеуші осындай өзгерістер туралы Комитетке жазбаша нысанда үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
7. Деңгейлес мониторинг салық төлеушінің орналасқан жеріне шығумен және (немесе) салық төлеушінің қатысуынсыз жүргізіледі.
Бұл ретте деңгейлес мониторинг салық төлеушінің орналасқан жеріне шығумен күнтізбелік жыл бойына кемінде екі рет жүргізіледі.
8. Комитет салық төлеушінің орналасқан жеріне шығумен деңгейлес мониторинг жүргізу туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мониторинг жүргізудің жоспарланған күніне дейін кемінде он жұмыс күнінің ішінде хабардар етеді.
9. Салық төлеушінің орналасқан жеріне шығумен деңгейлес мониторинг жүргізу туралы хабарлама (бұдан әрі - Шығу туралы хабарлама) қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етіледі немесе оған поштамен хабарламасы бар тапсырысты хат жіберіледі.
10. Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімдер салық төлеушінің (салық агентінің) Шығу туралы хабарлама алған күннен бастап есептеледі.
11. Салық төлеушінің орналасқан жеріне шығумен деңгейлес мониторинг жүргізу барысында салық төлеуші Шығу туралы хабарламада көрсетілген күнге деңгейлес мониторинг жүргізетін Комитеттің лауазымды тұлғасына компьютерлік техникамен жабдықталған жұмыс орнын, сондай-ақ бухгалтерлік және (немесе) салық есебінің ақпарттық жүйелеріне қолжетімділікті ұсынады.
12. Бастапқы құжаттама сұратылған құжаттардың көлеміне сәйкес келетін мерзімдерде мониторинг жүргізу процесінде беріледі.
13. Деңгейлес мониторинг жүргізу барысында деңгейлес мониторингті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар деңгейлес мониторинг жүргізуге жататын салық төлеушілерден:
бухгалтерлік есеп деректерін;
бастапқы құжаттар және жазбаша түсіндірмелерді;
салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салықтарды есептеу дұрыстығын және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақтылы төлеуді (ұстап қалу және аудару) растайтын бухгалтерлік және (немесе) салық есебінің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті сұратады.
Көрсетілген сұрау салу жазбаша немесе ауызша нысанда жүзеге асырылады. Жазбаша түрдегі сұрау салу салық төлеушіге электрондық пошта арқылы не қолма-қол табыс етіледі және оған деңгейлес мониторинг жүргізетін Комитеттің лауазымды тұлғасы қол қояды. Сұрау салуда көрсетілген мерзім кемінде бес жұмыс күнінен және отыз жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Сұрау салудың орындалу мерзімдері сұратылып отырған ақпарат пен құжаттардың көлемі және санына байланысты белгіленеді.
Деңгейлес мониторинг шеңберінде құжаттар мен түсіндірмелерге сұрау салу жазбаша нысандағы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
14. Комитеттің лауазымды тұлғаларының сұрау салуларына жауапты деңгейлес мониторинг жасауға жататын салық төлеушілер қолма-қол не осындай сұрау салуларда көрсетілген мерзімдер шегінде электрондық түрде жібереді.
15. Комитеттің лауазымды тұлғасы мынадай жағдайларда мәліметтерді дәйексіз деп таниды:
салық төлеушімен ұсынылған түсіндірмелер толығынан немесе бөлігінде нақты құжаттарға қайшы келеді;
салық төлеушімен ұсынылған құжаттарда дәйексіз (жалған) мәліметтері бар;
қажетті біліктілігі бар сарапшымен салық төлеушімен ұсынылған құжаттар жарамсыз және (немесе) қолдан жасалған болатын туралы қорытынды берілген.
16. Деңгейлес мониторинг барысында деңгейлес мониторингті жүзеге асыратын Комитеттің лауазымды тұлғалары салық сомасы және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептеу, ұстап қалу бойынша міндеттемелерді, өсімпұлдарды есептеуге, шығындарды азайтуға алып келетін бұзушылықтар анықталған жағдайда, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындау мәселесі бойынша ұсынымдарды (бұдан әрі - деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдар) құрайды.
17. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдардың есебін деңгейлес мониторинг жүргізетін Комитеттің лауазымды тұлғасы деңгейлес мониторингті жүргізу күнінен бастап тұтастай нөмірлену тәртібінде нөмірді берумен жүргізеді.
18. Бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыным кем дегенде екі данада жасалады және оған деңгейлес мониторинг жүргізетін Комитеттің лауазымды тұлғалары қол қояды.
19. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымның бір данасы бес жұмыс күннің ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) қол қою арқылы табыс етіледі немесе оған поштамен хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
20. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыныммен келіскен жағдайда, салық төлеуші осы ұсынымды алған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде салық есептілігіне өзгерістер енгізу арқылы осы ұсынымды орындайды және осы өзгерістер енгізу күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комитетті осы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
21. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыныммен келіспеген жағдайда салық төлеуші осы ұсынысты алған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдарға жазбаша қарсылықтарды ұсынады.
22. Салық төлеушінің табыс етілген жазбаша қарсылығы бойынша қосымша мәліметтер алу қажеттілігі туындаған жағдайда, Комитет туындаған сұрақтарды талқылау үшін қосымша құжаттар мен түсіндірмелерді ұсынумен осындай салық төлеушіні шақырады.
23. Салық төлеуші қажет болған жағдайда жазбаша қарсылықтарды қарастыру кезеңінде Комитетке туындаған сұрақтарды талқылау үшін заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы жүгінеді.
24. Комитет жазбаша қарсылықтарды алған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде ұсынымдарға ұсынылған қарсылықтарды қарастырып, деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша уәкілетті органның негізделген шешімін (бұдан әрі - деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешім) шығарады және салық төлеушіге жібереді.
25. Салық төлеуші деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымға жазбаша қарсылықтарды бермеген жағдайда және осы Қағидалармен белгіленген мерзімдерде осы ұсынымдарды орындамаған жағдайда, Комитет деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымға жазбаша қарсылықтарды ұсыну үшін қарастырылған мерзімнің аяқталу күнінен бастап бес жұмыс күнінің ішінде деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсынымдары негізінде деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешім шығарады.
26. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешім осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Бұл ретте осындай шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде салық төлеушіге (салық агентіне) қол қою арқылы табыс етіледі немесе поштамен хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
27. Егер деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешім салық сомасы және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептеу, ұстап қалу бойынша міндеттемелерді, өсімпұлдарды есептеуге, шығындарды азайтуға алып келетін бұзушылықтарды көрсеткен жағдайда, Комитет Салық кодексінің 115-бабында белгіленген тәртіппен шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге (салық агентіне) деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарлама шығарады.
28. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарлама осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
29. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешіммен келіскен жағдайда, салық төлеуші осындай шешімді Салық кодексінің 115-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіппен орындайды.
30. Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешіммен келіспеген жағдайда, салық төлеуші Салық кодексінің 22-тарауында белгіленген тәртіппен мониторинг нәтижелері бойынша осындай шешімге және (немесе) хабарламаға шағымданады.
Орналасқан жеріне шығумен деңгейлес мониторинг жүргізу туралы хабарлама
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті"
республикалық мемлекеттік мекемесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 133-бабына сәйкес бекітілген Деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларының
9-тармағына сәйкес ______ жылғы "____" __________ бастап салық төлеушінің орналасқан
жеріне шығумен деңгейлес мониторинг жүргізу туралы хабарлайды.
Көрсетілген күнге Деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларының 11-тармағына сәйкес
Комитеттің мынадай лауазымдық тұлғаларына:
_________________________________________________________________________.
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
компьютерлік техникамен жарақтандырылған жұмыс орнын, сондай-ақ бухгалтерлік және
(немесе) салық есебі ақпараттық жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуіңіз қажет.
Сіз Салық кодексінің 22-тарауына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының
лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органының жоғары
тұрған органына немесе сотқа шағымдануыңызға құқылысыз.
___________ ____________ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мөрі)
Хабарлама салық төлеушіге табыс етілді (жіберілді):
__________________________________________________________________________
(хабарлама табыс еткен Комитеттің лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні)
Хабарлама алынды:
_________________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), алған күні)
Деңгейлес мониторинг шеңберінде құжаттар мен түсіндірмелерге сұрау салу
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабына сәйкес
бекітілген Деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларының 16-тармағына сәйкес ______ жылғы
"____" __________ дейінгі мерзімге деңгейлес мониторинг жүргізу мақсатында мынадай құжаттар беруді сұраймын:
_________________________________________________________________________
Сондай-ақ, мынадай сұрақтар бойынша түсіндірмелерді:
__________________________________________________________________________
Бұл ретте, салық төлеушінің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді есептеумен (ұстап қалумен), төлеумен (аударумен) байланысты құжаттардың
(ақпараттың) және (немесе) жазбаша түсіндірмелердің деңгейлес мониторингін жүргізу
барысында жүйелі түрде (күнтізбелік жыл бойына екі реттен көп) ұсынбау деңгейлес
мониторинг туралы келісімді бұзу үшін негіз болып табылады.
__________ __________ ____________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мөрі)
Сұрау салу салық төлеушіге табыс етілді (жіберілді):
__________________________________________________________________________
(сұрау салуды табыс еткен Комитеттің лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), қолы, күні)
Сұрау салу алынды:
__________________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), алған күні)
* Хабарлама алынғаны туралы мәліметтер электрондық пошта арқылы табыс етілгенде толтырылмайды
Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыным
Мен _____________________________________________________________________,
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
салық заңнамасының мынадай бұзушылығын жоюды ұсынамын:
________________________________________________________________________...
(болған жағдайда салық есептеу сомасын көрсетумен бұзушылықты толық сипаттау)
Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыныммен келіскен жағдайда, Сізге осы
ұсынымды алған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде салық есептілігіне
өзгерістер енгізу арқылы осы ұсынымды орындау қажет.
Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша ұсыныммен келіспеген жағдайда, Сіз осы
ұсынымды алған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде ұсынымдарға
жазбаша қарсылықтарды "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне беруге құқылысыз.
______________________ ______________________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), мөрі)
Ұсыным салық төлеушіге табыс етілді (жіберілді):
________________________________________________________________________________
(ұсыным табыс еткен Комитеттің лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), қолы, күні)
Ұсыным алынды:
________________________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), алған күні)
Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешім
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______ жылғы "___" ________ №_____________________
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша _____
жылғы "___" _________ № _____ ұсынымдарға ____ жылғы "___" ________ № _______
қарсылықтарды қарап, мынаны хабарлайды.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(қабылданатын шешімнің егжейлі-тегжейлі негіздемесі)
Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешіммен келіспеген жағдайда Сіз "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 22-тарауына сәйкес жоғары
тұрған салық органына немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
________________ ____________ ____________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мөрі)
Шешім салық төлеушіге табыс етілді (жіберілді):
__________________________________________________________________________
(хабарламаны табыс еткен лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), қолы, күні)
Шешім алынды:
__________________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
алған күні)
Деңгейлес мониторинг жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
|
нысан |
Деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарлама
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 23.10.2023 № 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 114-бабына сәйкес және _____ жылғы "____" _________ №___
деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша шешім негізінде
__________________________________________________________________ _______
(салық төлеушінің (салық агентінің) толық атауы)
бизнес-сәйкестендіру нөміріне:________________________:
1) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы және өсімпұл:
теңге |
р/с № | Бюджеттік сыныптама коды | Бюджеттік сыныптама кодының атауы | Төлем, салық сомасы | Өсімпұл сомасы | Соманың барлығы |
БАРЛЫҒЫ |
2) есептелген әлеуметтік төлемдер сомасы және өсімпұл:
теңге |
р/с № | Бюджеттік сыныптама коды | Бюджеттік сыныптама кодының атауы | Төлем, жарна немесе аударулар сомасы | Өсімпұл сомасы | Соманың барлығы |
БАРЛЫҒЫ |
3) азайтылған залал сомасы:
теңге |
Залал сомасы |
Салық кодексінің 115-бабының 5-тармағына сәйкес Сізге осы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті __________________________ бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің (облыс, қала)
_____________________ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне _________________ теңге мөлшерінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын және өсімпұлды төлеуі қажет.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесінің
бизнес-сәйкестендіру нөмірі: ______________ № ______________ шотқа
___________ ___________________ ______________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мөрі)
Хабарлама салық төлеушіге табыс етілді (жіберілді):
__________________________________________________________________________
(хабарламаны табыс еткен Комитеттің лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), қолы, күні)
Хабарлама алынды:
__________________________________________________________________________
(салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
алған күні)