БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 9 шілдесі № 217 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 4-3/268 бұйрығымен бекітілген |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Жылжымалы мүлік кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды (бұдан – әрі машина) кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу және "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге арналған өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметтерді алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) кепілді электрондық тіркеу – бірыңғай тізілім арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын машиналар кепілін тіркеу;
3) тіркеуші орган – машиналардың кепілін тіркеуді, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші)).
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық немесе қағаз нысанында көрсетіледі.
Кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да көрсетілетін қызметті алушы бола алады.
5. Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) не Мемлекеттік корпорация не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті алушы тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) портал не Мемлекеттік корпорация арқылы не тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамалары, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында баяндалған.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) өтініш қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері ұсынылған құжаттар мен өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданғанда, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар қабылданғаны туралы қол хат беріледі.
Қабылданған құжаттар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес тіркеуші органға жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
8. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінгенде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) құжаттарды қабылдаған күні ұсынылған құжаттардың толықтығын және/немесе өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын тексереді және өтінім беруші толық емес құжаттарды, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, электрондық нысанда тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолдайды.
10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы құжаттарды қабылдаған күні тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысын (бұдан әрі – инженер-инспектор) анықтайды.
Инженер-инспектор өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын және өтініштің Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Инженер-инспектор өтініштегі мәліметтерді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналар кепiлінің тiзiлiмiне енгізеді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – машиналардың кепілін тіркеу туралы куәлікті немесе машиналардың кепілін тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе кепілді тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу), тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты рәсімдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық нысандағы мемлекеттік қызмет көрсет у нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жіберіледі.
11. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды қажет етпейді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштің Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) кепілді тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес адамның жүгінуі;
4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжаттың болмауы.
13. Кепіл шартының қолданылуын тоқтатуды тіркеуді тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) машиналар кепілі тізілімінде кепіл туралы жазбаны жою жолымен жүргізеді.
14. Машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жойылған (жоғалған, бүлінген) жағдайда, машиналар кепілі тізілімінде тиісті мәліметтер енгізіле отырып, телнұсқа беріледі.
15. Машиналардың кепілін тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу туралы мәліметтердің қолжетімділігін және ақпараттың берілуін Заңның 18-бабына сәйкес тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) қамтамасыз етеді.
16. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру, өзгерiстер мен толықтыруларды және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу кезінде машиналар кепілі тізіліміне, оның ішінде бірыңғай тізілімге тиісті мәліметті енгізеді.
17. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) және (немесе) оның лауазымды адамының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
18. Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының атына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:
тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
_________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
Өтініш
Кепіл беруші___________________________________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты
(бар болса),тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру
нөмірі (бұдан әрі - БСН), атауы, орналасқан жерінің мекенжайы)
Кепіл ұстаушы ________________________________________________
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның ЖСН-сы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерінің
мекенжайы; заңды тұлғаның БСН-сы, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы)
____________________________________________________________сұраймын
(кепілді мемлекеттік тіркеуді, машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе
куәліктің телнұсқасын беруді жүзеге асыруды)
___________________________________________________________________
(шарттың нөмірі, кепіл туралы шарттың немесе кепіл туралы талаптарды қамтыған өзге де
шарттың жасалған күні мен орны)
____________________________________________________________________
(кепіл заты болып табылатын жылжымалы мүліктің тізбесі (машиналар тізімі) және сипаттауы
(машинаның маркасы, тіркеу құжатының нөмірі және сериясы, МТНБ) немесе кепіл туралы
шарт тараптарының келісімінде көзделген кепілді қамтамасыз етудің нақты сипаттауы талап
етілмей кепіл затының жалпы сипаттауы)
____________________________________________________________________
(кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы)
___________________________________________________________________
(міндеттеме кепілімен қамтамасыз етілген қолданылу мерзімі)
__________________________________________________________________
(кепілге салынған мүліктің қай тарапта екенін көрсету, оны пайдалануға жол беру және қайта
кепілге салу туралы мәліметтер).
__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының электрондық почтасының мекенжайы (бар болса))
Осы өтінішке қоса берілетін құжаттардың атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық
қолтаңбасы ___________________________________________________
Өтініш беру күні: 20__жылғы ________________
Өтінішті қабылдау күні: 20__жылғы________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ___________________________________________________
Уақыты: ___ сағат_____ минут
Тіркеушінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ________________________
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Өтінішке "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті тіркеуші органға және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына берген кезде жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
_________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
Өтініш
Кепіл беруші___________________________________________________
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты
(бар болса),тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру
нөмірі (бұдан әрі - БСН), атауы, орналасқан жерінің мекенжайы)
Кепіл ұстаушы ________________________________________________
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның ЖСН, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
заңды тұлғаның БСН, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы)
____________________________________________________________сұраймын
___________________________________________________________________
(өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқаға ауысуы, талап ету
құқығын басқаға беру, одан кейінгі кепіл (кепілге қайта салу)) тіркеу және тіркелген кепілдің
қолданысын тоқтату)
________________________________________________________________________________
(бастапқы тіркелген кепілге нұсқау, кепіл туралы шартқа өзгерістер мен толықтыруларды
сипаттау (меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және
кейіннен кепілге салу (кепілге қайта салу), тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату негіздері)
________________________________________________________________________________
(кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарттың не кепіл бойынша
құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарттың (оның ішінде активтер мен
міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың) қол қойылған күні және нөмірі)
_______________________________________________________________________________
(активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен
толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган берген жылжымалы мүлік
кепілінің тіркеу нөмірі)
________________________________________________________________________________
(енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мәліметтері мен сипаттауы
(машина маркасын, тіркеу құжатының нөмірі мен сериясын және МТНБ көрсете отырып))
________________________________________________________________________________
(алдыңғы кепіл ұстаушылардың келісімі туралы мәліметтер (кейіннен машиналарды кепілге
(қайта кепілге) салған жағдайда))
Кепіл берушінің немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы
_____________________________________________________________________
Кепіл ұстаушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы
_____________________________________________________________________
* Кепіл шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру кезінде – жаңа кепіл
ұстаушының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ғана, сондай-ақ құқықты (талапты)
басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім.
Өтініш беру күні: 20__ жылғы__________________
Өтінішті қабылдау күні: 20__ жылғы__________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы _____________Уақыты: ___ сағат_____ минут
Тіркеушінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы ________________________
_____________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Өтінішке "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру немесе кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты беру. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, тіркеуші орган _________ және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ____________________мекенжайы бойынша орналасқан №_____филиалының бөлімі Сіздің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық жиынтығын, атап айтқанда:
1) _________________________________________;
2) _________________________________________;
3) _________________________________________
бермеуіңізге байланысты "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Орындаушы: __________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Телефоны ________________
Алдым: ______________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__ жылғы "___" _________
№_________ парақ
№_________ тіркеу ісі
Машиналар кепілінің тізілімі
Жазба № | Тізілім № | Кепіл нысанасы |
Кепіл ұстаушы |
Кепіл беруші | Кепіл сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы:
Шарттың қолданылуы | Ауыртпалықтың пайда болуы | Ауыртпалықтың тоқтатылуы | Тіркеушінің ерекше белгілері | ||
Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, және қолы | Күні және уақыты (сағаты мен минуты) | Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы | Күні және уақыты (сағаты мен минуты) | ||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Тіркеу парағын жабу/жалғастыру туралы жазба _______________________________
Жазбаларды жалғастыруды (жалғастыру кезінде) тоқтату үшін негіз | Көшірілген (жабу кезінде) немесе соңғы жазбалар (жалғастыру кезінде) тізбесі | Парақ нөмірі | Күні, уақыты (сағаты, минуты) | Тіркеушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және қолы |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
_________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 20 ____ жылғы "___" _____________ №_________
_________________________________________________________________
(кепіл ұстаушының немесе кепіл ұстаушының уәкілетті өкілінің деректемелері)
___________________________________________________________ берілді
Жылжымалы мүлікке қатысты растау:
Мүлік түрі | Тізілімдік нөмірі | Кепіл нысанасының сипаты | Саны | Құны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
_________________________________________________________________
____________________________________________________кепілі тіркелді
__________________________________________________ кепіл ұстаушының
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы); заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі, атауы, орналасқан жерінің мекенжайы)
құқығы____________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________
(кепіл нысанасының сипаты)
_______________________________ тіркелген және мынадай негізгі
(тіркелген күні және нөмірі)
шарттарды қамтитын _________________________________________________
____________________________________________________________________
(негізгі міндеттеменің мөлшері, орындау мерзімі және кепілдің басқа да шарттары)
____________________________________________________________________
(шарттың жасалған күні)
кепіл туралы шарт негізінде туындады.
Кепіл берушінің ____________________________________
құқығы_________________________________________________________
құқық түрі_______________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы, атауы және бизнес сәйкестендіру нөмірі расталды)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(атауы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі мен күні)
___________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(кепіл нысанасына құқық белгілеу құжаты)
Тіркеуші _________________________________________________________
_________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)
___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы және мекенжайы)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркеуші органның ____________________________________ қызметкері
(атауы мен мекенжайы көрсетіледі)
___________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі)
мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартады.
Бас тарту үшін негіздер:_________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы бас тарту әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
________________________________________________ ___________________
(тіркеуші орган қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Алдым______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
20__жылғы "___"_______