БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың, Субсидиялау шартының, Исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының, Облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант беру туралы шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 қантардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19959 болып тіркелген, 2020 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидиялау үлгілік шартының үлгілік нысанында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Шарттың талаптары бойынша қаржы агенттігі ______________ (қаржы ұйымының атауы) мынадай талаптарда алынған кредит бойынша Алушының сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды мынадай талаптарда жүзеге асырады:
Банктік қарыз шарты/Қаржылық лизинг шарты |
__________ жылғы |
Нысаналы мақсаты | |
Субсидиялау мерзімі басталған күнге кредит/лизинг сомасы | |
Кредиттің/лизингтің валютасы | |
Сыйақы мөлшерлемесі | |
Кредиттің/лизингтің мерзімі |
"; |
13-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) мынадай:
субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалануы, бұл ретте субсидиялау кредиттік соманы/лизингтік мәмілені мақсатсыз пайдалану сомасына пропорциональды тоқтатыла тұрады;
кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы лизинг шарты бойынша лизинг мәнін алмауы;
жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама талаптарына және/немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;
кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы;
кәсіпкердің қаржы лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік компания/банк алдындағы лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;
кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап- арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг мәнін кері талап ету;
қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі көрсетілетін қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ке өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы (Бағдарламаның бірінші және екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);
Тетік шеңберінде кәсіпкерлердің:
жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі көрсетілетін қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ке өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы;
жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-тен аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер немесе өндіріс көлемі (ақшалай мәнде) бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі көрсетілетін қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ке өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы фактілерін анықтау негізінде субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялауды тоқтатуға құқылы. Салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, Тетіктің талаптарына сәйкес салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді;
жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілген кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері негізінде, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салықтық төлемдер бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістердің (өткізуден түскен кіріс: негізгі көрсетілетін қызметтегі өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ке өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындамауы фактілерін анықтау негізінде субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған жағдайда субсидиялауды тоқтатуға құқылы. Салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, Тетіктің талаптарына сәйкес салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді Тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар, салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді.
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша мақұлданған кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау мынадай:
субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалану;
кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы лизинг шарты бойынша лизинг мәнін алмауы;
жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама талаптарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;
кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;
кәсіпкердің қаржы лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік компания/банк алдындағы лизингтік төлемдер енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан да көп орындамауы;
кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг мәнін кері талап ету;
қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ке өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша);
қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің Тетігі шеңберінде салық есептілігі деректерінің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау және (немесе) ұлғайту және (немесе) кірістің 10 %-ке өсуіне қол жеткізу міндеттемелерін орындамау фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шартының үлгілік нысанында:
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша мақұлданған кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау мынадай:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану;
2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) мәнін алмауы;
3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе Қаржы агенттігінің шешіміне сәйкес келмеуі;
4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер кестесіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы;
5) кәсіпкердің төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалдау) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;
6) кәсіпкердің шоттарын бұғаттау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) мәнін талап ету фактілері анықталған кезде тоқтатыла тұрады.".
2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |