"Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 6001-18-7-6/185 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 15 шiлдедегi № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 шiлдеде № 20993 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2018 жылғы 7 маусымдағы № 6001-18-7-6/185 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 17124 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2018 жылғы 4 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 370-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 767-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидалары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 370-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 767-бабына сәйкес әзірленді және бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану тәртібін айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету
департаментінің (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады