"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 17 шiлдедегi № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 шiлдеде № 21008 болып тіркелді

      "БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында:

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Медициналық сертификаты жоқ немесе медициналық сертификатының қолданылу мерзімі өткен куәлік иесі қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді.

      Медициналық куәландыру жүргізу орнынан алыс өңірде немесе Қазақстан Республикасынын тыс жерлерде ұшуды орындайтын куәлік иесінің кезекті медициналық куәландыруын АМО сарапшысы немесе медициналық ұйымдардың сарапшысы (ЖАЖА сыныбындағы медициналық сертификат үшін) кейінге қалдыруға жол береді, мұндай кейінге қалдыру тек ерекшелік ретінде және мыналардан аспаса берілуі мүмкін:

      1) коммерциялық емес тасымалдаулармен немесе авиациялық жұмыстарды орындаумен айналысатын әуе кемесінің ұшу экипажы мүшесі үшін ұзақтығы 6 ай кезеңнің бір кезеңі;

      2) егер белгілі бір өңірдің сарапшысынан әрбір тиісті адам медициналық куәландырудан кейін оң медициналық қорытынды алған жағдайда, коммерциялық тасымалдаумен айналысатын әуе кемесінің ұшу экипажының әрбір мүшесі үшін ұзақтығы 3 айдан екі кезекті кезең;

      3) жеке ұшқыш уақытша болатын аумақтағы сарапшы медициналық қарап-тексеру жүргізу кезінде ұзақтығы 24 айдан аспайтын бір кезең.

      Қазақстан Республикасынан тыс жердегі сарапшының медициналық куәландыру туралы есеп медициналық сертификат берген азаматтық авиация ұйымына және сарапшыға жіберіледі.

      Төтенше жағдайлар мен еңсерілмейтін күштер (дүлей зілзалалар, әскери іс-қимылдар) туындаған кезде сарапшы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімін төтенше жағдайлардың және еңсерілмейтін күштердің (дүлей зілзалалардың, әскери іс-қимылдар) қолданылу мерзіміне не уәкілетті ұйым айқындайтын мерзімге, кейіннен күнтізбелік күннен 45 аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен ұзартады.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Уәкілетті ұйым:

      1) медициналық куәландыру жүргізуге бақылау жүргізеді және сарапшылардың есептеріне медициналық куәландыру нәтижелері бойынша бағалау жүргізеді;

      2) медициналық куәландыру талаптарын сақтамаған жағдайда медициналық сертификаттың қолданысын тоқтатады және қайтарып алады;

      3) сарапшылардың шешімдеріне шағымдарды қарастырады;

      4) сарапшыларды тағайындайды;

      5) авиациялық медицина бойынша оқу бағдарламаларын келіседі;

      6) нұсқаумалық материалдарды әзірлейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
Министрінің міндетін атқарушы
А. Ержанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады