Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру қағидаларын бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 шiлдеде № 21026 болып тіркелді. Бұйрық 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса есептегенде) қолданыста болды

      Ескерту. Бұйрық 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса есептегенде) қолданыста болды – осы бұйрықтың 4 т. қараңыз.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.31-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Н.С. Дайрбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады, және 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса есептегенде) қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 28 шілдедегі
№ 240 бұйрығымен
бекітілген

Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелудің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесінің 2.31-бөліміне сәйкес әзірленді және күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) күнбағыс тұқымдары - ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыс тұқымы: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодтары - 1206 00 100 0; 1206 00 990 0;

      2) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      3) үшінші ел - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет.

      3. Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкету Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге арналған қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес ресімделген қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады.

2-тарау. Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру тәртібі

      4. Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтініш беруші) уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру туралы өтініш;

      2) күнбағыс тұқымына инвойстың немесе тауар-көліктік жүкқұжаттың көшірмесі;

      3) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).

      Заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, жеке тұлға үшін - жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлік немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаны (сәйкестендіру үшін) қызмет көрсетуші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру туралы өтініш фитосанитариялық сертификат берілетін жер бойынша беріледі.

      Уәкілетті органның кеңсесінде өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі күні мен уақыты (сағаты, минуты) көрсетілген тіркеу туралы белгі болып табылады.

      5. Қорытындыны (рұқсат беру құжатын) берудің жалпы мерзімі - өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      6. Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері келіп түскен күні осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты қызметкерді тағайындайтын уәкілетті органның басшысына жібереді.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау және қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Уәкілетті органның жауапты қызметкері өтініш келіп түскеннен 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың және (немесе) ондағы мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Егер өтініш беруші құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, өтініш құжаттардың толық тізбесін ұсынған сәтке дейін қозғалыссыз қалады.

      Өтініш беруші құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның жауапты қызметкері қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) ресімдейді.

      8. Уәкілетті орган күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алған өтініш иесіне ғана Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қыркүйекте № 12032 болып тіркелді) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларына сәйкес күнбағыс тұқымын әкетуге фитосанитариялық сертификат береді.

      9. Күн сайын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментіне (бұдан әрі - Департамент) priemnaya.drzifb@minagri.gov.kz электронды мекен-жайына осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысанда күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге берілген қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) туралы ақпаратты ұсынады.

      10. Департамент күн сайынғы негізде күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге берілген қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады.

  Күнбағыс тұқымын
Қазақстан Республикасының
аумағынан үшінші елдерге
әкетуге қорытынды (рұқсат беру
құжатын) беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру туралы өтініш

      № ____/_____20 __ /___________

      Кімге __________________________________________________________________________-

      (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттің қорытынды

      беруге мүдделі мемлекеттік билік органының атауы)

      Кімнен _________________________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін - ұйымның толық ресми атауы, заңды мекен-жайы,

      пошталық мекен-жайы, елі, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғалар үшін -

      тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса), тұрғылықты мекен-жайы, пошталық

      мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Қазақстан Республикасының аумағынан күнбағыс тұқымын әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) беруді сұраймын.

      Орын ауыстыпу түрі________________________________________________________

      (Орын ауыстыпу түрі)

      _______________________________________            ________________________________

      (Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі)                        (ЕАЭО СЭҚ ТН коды *)


Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі





      Алушы/жөнелтуші________________________________________________________________

      (атауы, заңды мекен-жайы)

      ________________________________________________________________________________

      Баратын/жөнелтілетін ел __________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Әкелу (әкету) мақсаты ____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Негіздеме _______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат:

      Инвойс немесе тауар-көлік жүкқұжаты ________________________________________

      (нөмірі, күні)

      Транзит елі ________________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзит)

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 16 маусымдағы № 78 шешімімен таныстым, мен ұсынған ақпараттың шынайылығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш иесі немесе оның өкілі_________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса))

      Күні ________________________________

      Ескертпе: * жолдар тауарлардың санаттарына қойылатын талаптар ескеріле отырып толтырылады.

      Өтініш нысаны Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге арналған қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың талаптарын ескере отырып толтырылады.

  Күнбағыс тұқымын
Қазақстан Республикасының
аумағынан үшінші елдерге
әкетуге қорытынды (рұқсат беру
құжатын) беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

      № ____/_____201 /_________

      ________________________________________________________________________________

      (қорытынды берген мемлекеттің мемлекеттік билік органының атауы)

      Берілді ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін - ұйымның толық ресми атауы, пошталық мекен-жайы,

      елі, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесiнiң аты

      (бар болса), пошталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      Орын ауыстыру түрі________________________________________________________

      (орын ауыстыру түрі)

      ________________________________________      ______________________________________

      (Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі)                  (ЕАЭО СЭҚ ТН коды *)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Алушы/жіберуші_________________________________________________________________

      (атауы, заңды мекен-жайы, елі)

      Баратын/жөнелтілетін елі__________________________________________________________

      Әкелу (әкету) мақсаты_____________________________________________________________

      Негізі:__________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат_________________________________________________________________

      Транзит елі______________________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзит)

      Қорытынды __________________________________________ дейін жарамды

      Қолы__________________ Күні_________________

      МӨ (Лауазымы ) _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Ескертпе: *жолдар тауарлардың санаттарына қойылатын талаптар ескеріле отырып толтырылады.

  Күнбағыс тұқымын
Қазақстан Республикасының
аумағынан үшінші елдерге
әкетуге қорытынды (рұқсат беру
құжатын) беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Күнбағыс тұқымын Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) туралы ақпарат

      Аумақтық инспекцияның атауы_______________________________________________


п/п

Өтініш берушінің атауы

Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Тиеу орны

Межелі пункт

Саны, тонн

Қорытындының (рұқсат беру құжаттары) тіркеу нөмірі

Берілген күні


























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады