"Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 шiлдедегi № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 шiлдеде № 21029 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) бекітілген электрондық форматтағы 086-У нысандағы медициналық анықтаманы.

      Белгілі бір аумақта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген адамдар шектеу іс-шараларының алынып тасталуына, төтенше жағдай әрекетінің тоқтатылуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына № 907 бұйрығымен бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы ұсынады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Түсушілер тестілеуге кіргізу барысында ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі.

      Түсушілердің жеке басын сәйкестендіру тестілеуге рұқсаттама мен жеке басын куәландыратын құжаты негізінде, ал жасы он алтыға толмаған адамдар ағымдағы жылы орта білім беру ұйымын аяқтағаны туралы анықтама негізінде жүргізіледі.

      Бұл ретте, жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты бар және өтінішті онлайн тіркелу жолымен автоматтандырылған жүйе арқылы берген түсушілердің жеке басы бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіріледі және тестілеуге жіберіледі.

      Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металл іздегіштер пайдаланылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеу өткізу барысында түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа төмендегі тыйым салынған заттарды: ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған ұялы байланыстар, оның ішінде пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), радио-электрондық байланыстың барлық түрлері, оның ішінде (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар және тағы басқаларды алып кіруіне жол бермеу үшін қолданылады.

      Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда, Министрлік өкілі осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ҰБТ өткізу пунктінің ғимаратына кіргізу барысында металл іздегішпен тыйым салынған заттар табылған тестіленушіні ғимараттан шығару туралы" акт жасайды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Түсушілер аудиторияға бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте жеке басын растайтын құжат негізінде түсушінің жеке басы, он алты жасқа толмаған түсушілердің жеке басы анықтама негізінде сәйкестендіріледі, содан кейін рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырылып тексеріледі.

      Түсушінің жеке басын сәйкестендіргеннен кейін аудиторияға кіргізілуіне тыйым салынған заттардың, кез келген электрондық құрылғылардың (оның ішінде байланыс құралдары), баспа және қолжазба материалдарының бар-жоғына тексеру жүргізіледі.

      Тыйым салынған заттарды аудиторияға алып кіруге әрекет жасағаны немесе академиялық адалдығына күмән келтіретін әрекет белгілері анықталған жағдайда, осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады