Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 29 шiлдедегi № 278/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 шiлдеде № 21041 болып тіркелді.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырылған жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Адами ресурстарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а.
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін
атқарушының
2020 жылғы 29 шілдедегі
№ 278/НҚ бұйрығымен бекітілген

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 06.12.2021 № 417/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Міндеттің, оның ішінде функциялардың, өкілеттіктердің, міндеттердің атауы Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары Белгілі бір мақсатқа арналған дербес деректердің атауы Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету

1

мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне, конкурстық, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз етумен байланысты байланысты құжаттарды ресімдеу; мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету,
мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамалардан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне қызметтік тергеп-тексеру жүргізуді, , оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай деректер базасында бағалауды ұйымдастыру (ақпараттық жүйеде);
мемлекеттік органда еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану

мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру,
мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысы, "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы,
Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14448 болып тіркелген), "Әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлық іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы бұйрығы
№ 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14468 болып тіркелген), "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14819 болып тіркелген) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14819 болып тіркелген), "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 40/НҚ бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20002 болып тіркелген).

2

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

3

Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер

4

Туу туралы мәліметтер: туған күні, туған жері

5

Ұлты

6

Жынысы

7

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
нөмірі;
берілген күні;
қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган

8

Азаматтығы туралы деректер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздері;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні;
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері;
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру күні;
Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру негіздері

9

Тұрғылықты мекенжайы

10

Байланыс деректері (жұмыс, үй, ұялы телефон нөмірлері)

11

Электрондық пошта мекенжайы

12

Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)

13

Қолы (оның ішінде электрондық цифрлық (бар болса)

14

Білімі, біліктілігі туралы және арнайы білімінің немесе арнайы даярлығының болуы туралы мәліметтер:
оқу орнына түскен күні (оқу орнынан шығарылған күні);
білім беру мекемесін бітіргені туралы дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе басқа құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
факультет немесе бөлімше, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі мен мамандығы;
ғылыми дәрежесі;
ғылыми, академиялық атағы;
шет тілдерін білуі

15

Арнайы тексеру нәтижелері

16

Соттылықтың болуы (болмауы) туралы мәліметтер

17

Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдаған күні

18

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтер

19

Еңбек кітапшасының мәліметтері:
нөмірі;
серия;
берілген күні

20

Еңбек қызметі туралы мәліметтер (ағымдағы уақытқа арналған еңбек қызметі туралы деректер):
лауазымды, құрылымдық бөлімшені, ұйымды толық көрсету, оның атауы;
жалпы және үздіксіз жұмыс өтілі;
бұрын атқарған лауазымдарының толық атауы және осы ұйымдардағы жұмыс уақыты көрсетілген басқа ұйымдардың мекенжайлары мен телефондары, сондай-ақ деректемелері

21

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер;
награданың атауы немесе атауы;
наградтау туралы нормативтік актінің күні мен түрі

22

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер:
біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері;
білім беру мекемесін бітірген кездегі біліктілігі мен мамандығы

23

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер

24

Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақырылуға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер:
әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырылған) күні;
әскери билетті берген органның атауы;
әскери-есептік мамандық;
әскери атағы;
есепке алу/шығару туралы деректер;
әскери қызметтен босату негізі

25

Отбасы жағдайы туралы мәліметтер:
некедегі жағдайы;
неке қию туралы куәліктің деректері;
некені бұзу туралы куәліктің деректері;
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ерлі-зайыптылар;
жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
туыстық дәрежесі;
асырауындағы басқа да отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні;
балалардың (оның ішінде асырап алынған, қамқорлықтағы) болуы және олардың жасы;
баланың туу туралы куәлігінің деректері;
жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәліктің деректері

26

Әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер:
жеңілдіктер мен мәртебе беру үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы;
құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні;
мүгедектіктің себебі, мүгедектік тобы;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамға берілетін жеңілдіктерге құқықты растайтын куәлік;
Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен адамға жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік

27

Мүгедектік туралы мәліметтер:
мүгедектік санаты;
мүгедектік тобының коды;
мүгедектік тобы;
мүгедектіктің себебі;
мүгедектікті белгілеу күні, белгілеу мерзімі

28

Медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәліметтер

29

Тәртіптік/әкімшілік жаза қолдану туралы (оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін), мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салу туралы мәліметтер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады