"Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 28 шiлдедегi № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 шiлдеде № 21042 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Теңіз объектісін құруға арналған учаскені зерделеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) мыналарды:

      1) құбырлардың, кабельдің және басқа да объектілердің бар немесе жоғын зерттеуді;

      2) жоспарланып отырған қауіпсіздік дәрежесіне сәйкес теңіз объектісін жобалау үшін қажетті теңіз түбінің жағдайы туралы инженерлік-геологиялық деректерді жүзеге асырады;

      3) теңіз объектісін орналастыру орнын таңдауды қамтамасыз ету белгіленген, әсіресе порттарға кіреберістердегі белгіленген навигациялық жолдардан, сондай-ақ кәсіпшілік, су биологиялық ресурстарын пайдалану және қорғау орындарынан, өсiмiн молайту, жайып семірту және балықтардың өріс аударуы үшін аса бағалы учаскелерінен және балық шаруашылығы үшін аса бағалы маңызы бар басқа су жануарларынан тыс жерде жүзеге асырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеу, кеме қатынасына, кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану және қорғауға және әдетте теңіздегі белгілі бір аумақта жүзеге асырылатын басқа да заңды іс-әрекеттерге кедергі келтірмеу үшін теңіз объектілеріне олардың теңіздегі және ішкі су айдындарында орналасқан жері туралы ескерту жөніндегі тиісті құралдарды (навигациялық жабдық құралдарды) қамтамасыз етеді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Теңіз объектілерінің айналасында қауіпсіздік аймақтары белгіленіп, осындай теңіз объектілерінің сыртқы шетінің әрбір нүктесінен өлшенетін бес жүз метрден аспайтын арақашықтықта созылып жатады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Теңіз объектісі пайдалануға берілгеннен кейін оны қолдану тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға, сондай-ақ су биологиялық ресурстарына қауіп төндірмейтін техника мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Теңізде және ішкі су айдындарында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізілген кезде теңіз объектілерін пайдалану аяқталған соң, осындай объектілерді, егерде олар шаруашылық немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға болмайтын болса, оларды адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтіндей және кеме қатынасына немесе кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану мен қорғауға кедергі келтірмейтіндей етіп демонтаждау қажет.

      Демонтаждалған теңіз объектілері сондай-ақ су биологиялық ресурстарына зиян келтірмеуі керек.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің м.а
М. Журебеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады