БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы бұйрықтың күші Қазақстан Республикасында немесе Қытай Халық Республикасында тіркелген, Қытай Халық Республикасынан Қытай Халық Республикасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы қазақстандық автомобиль өткізу пункттерінің аумағында орналасқан көлік-логистикалық орталықтарға дейін жүк тасымалдауды жүзеге асыратын, осындай пункттердің шегінен тыс орналасқан Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарына шығусыз автокөлік құралдарына қолданылмайды.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі