Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.10.2021 № ҚР-ДСМ -102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "COVID-19 короновирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20304 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің және қауіп топтарындағы жұмыскерлердің жалақысына үстемеақы мөлшерлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы белгілеу қағидалары бекітілсін";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі М. Е. Шорановқа жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің және қауіп топтарындағы жұмыскерлердің жалақысына үстемеақы мөлшерлері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақылар белгілеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемақылар белгілеу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған орталық атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлерін қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы белгілеу қағидалары СOVID-19 коронавирусы инфекциясынының профилактикасына және таралуының алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің (бұдан әрі – жұмыскер) жалақысына үстемеақы (бұдан әрі – үстемеақы) белгілеу тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін, орталық атқарушы органдардың және олардың ведомстволары мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлерді қаржылық қолдауды ұйымдастыру үшін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы комиссия құрады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жұмыскерлерге үстемеақы төлеу үшін ай сайын Комиссия денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынымы бойынша COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне үстемеақылардың есептелген сомалары туралы ақпаратты осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне береді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жұмыскерлерге үстемеақы төлеу үшін ай сайын денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынымы бойынша ТКҚСҚБК жанындағы Комиссия осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне үстемеақылардың есептелген сомалары туралы ақпаратты бюджеттік бағдарлама әкімшісіне береді.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. Орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлеріне қаржылық қолдауды ұйымдастыру үшін тиісті мемлекеттік органдардың (ведомстволардың) жанынан комиссия құрылады (бұдан әрі - Ведомстволық комиссия).
Ведомстволық комиссия шешім қабылдау кезінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды, COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипаты, оған тартылған бөлімшелерді, ведомстволық бағынысты ұйымдарды және оның жұмыскерлерін ескереді.
Ведомстволық комиссияның құрамы тиісті мемлекеттік органның және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері құрамынан қалыптастырылады. Ведомстволық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.
Жұмыскерлерге үстемеақы төлеу үшін Ведомстволық комиссия ай сайын әскери-медициналық (медициналық) бөлімшенің, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы ұсынған жұмыскерлердің тізімдерін және растайтын құжаттарды қарағаннан кейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті мемлекеттік мекемеге немесе ведомстволық бағынысты ұйымға COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесінің жұмыскерлеріне үстемеақылардың есептелген сомалары туралы ақпарат жібереді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыскерлерге үстемеақы сомаларын төлеуі орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық және орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының жұмыскерлеріне үстемеақы сомаларын төлеу тиісті мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің және тәуекел топтарының жалақысына үстемеақы мөлшерлері
1. COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын орталық атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық және басқа бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы мөлшері COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел топтары бойынша айқындалады.
2. COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел топтары мынадай болып бөлінеді:
1) 1 (бірінші) тәуекел тобы (өте жоғары);
2) 2 (екінші) тәуекел тобы (жоғары);
3) 3 (үшінші) тәуекел тобы (орташа).
3. 1 (бірінші) тәуекел тобына COVID-19 коронавирусы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатады.
Осы тәуекел тобы бойынша үстемеақы мөлшері бір жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген айлық жалақының жиырма еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.
4. 2 (екінші) тәуекел тобына:
провизорлық стационарлардың, провизорлық бөлімшелердің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы;
жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
санитариялық авиацияның дәрігерлері мен орта медициналық персоналы тартылған жағдайда;
шұғыл ден қою бригадаларының және апаттар медицинасы орталығы бригадасының дәрігерлері мен орта медицина персоналы тартылған жағдайда;
мобильді бригадалардың дәрігерлері мен орта медицина персоналы;
COVID-19 коронавирусы бар, сондай-ақ СOVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын клиникалық және эпидемиологиялық белгілер бойынша вирустық пневмониясы (COVID-19 коронавирустық инфекциясының ықтимал жағдайы) (бұдан әрі – вирустық пневмония) бар тіркелген контингент қатарынан стационарлық жағдайда пациенттерге медициналық көмек көрсететін орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы жатады.
Осы тәуекел тобы бойынша үстемеақы мөлшері бір жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген айлық жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.
5. 3 (үшінші) тәуекел тобына:
карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина персоналы;
жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілері, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
шұғыл ден қою бригадаларының және Апаттар медицинасы орталығы бригадасының жүргізушілері мен қызметкерлері олар тартылған жағдайда;
мобильді бригадалардың жүргізушілері;
зертханалардың, оның ішінде вирусологиялық зертханалардың мамандары;
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері;
жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің және, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының қызметкерлері;
жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға айқындалған орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің медицина қызметкерлері;
төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің аумақтық штабтарының мүшелері, сондай-ақ блок-бекеттерде карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау қызметкерлері;
дәрігерлер-сот-медициналық сарапшылар, сот сарапшылары, сондай-ақ орталық атқарушы органның сот-медициналық бөлімшелерінің орта және кіші медицина персоналы;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің медициналық бөлімшелерінде, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарында сотталғандар мен тергеумен қамалғандар арасынан COVID-19 коронавирусы және вирустық пневмониясы бар пациенттердің мінез-құлқын қорғауды, қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер жатады.
Осы тәуекел тобы бойынша үстемеақы мөлшері бір жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген айлық жалақының бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.
COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақылардың есептелген сомалары туралы ақпарат __________________________________________________ (денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің атауы)
20 __ жылғы "____"________ бастап 20 __ жылғы "____" ______ дейінгі кезең аралығында есептелен үстемеақы:
Бір жұмыскерге үстемеақы мөлшері
1-топқа айына: _______ теңге (20 ЕТЖ)
2-топқа айына:________ теңге (10 ЕТЖ)
3-топқа айына:________ теңге (5 ЕТЖ)
р/с № | Тегі, әкесінің аты (бар болса) | Лауазымы | Тәуекел тобы | Жұмыс уақытының айлық балансы, сағат | Нақты жұмыс істеген, сағат | Жұмыс істеген сағаттардың үлесі, % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Бөлімшенің атауы ________________ | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
... | ||||||
Бөлімшенің атауы ________________ | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
... | ||||||
Барлығы |
Комиссия төрағасы:_______________________________________________/___________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса))/Қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Комиссияның мүшелері: _________________________________/______________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса))/Қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің басшысы (уәкілетті тұлға):
________________________________/_______
(Тегі, әкесінің аты (бар болса))/Қолы) (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Бас бухгалтер/бөлімше басшысы: ________________________________/________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса))/Қолы) (қағаз тасығыштағы құжат үшін)
Мөр орны (болған жағдайда) / (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Күні 20___ жылғы "_____"_________