"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 тамызда № 21122 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 552 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15929 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығымен ақылы негізде көрсетілетін қызметтерге тарифтерде:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Орталық әскери оркестрі" деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с

Қызметтер атауы

Өлшем бірлігі

Өлшем бірлігінің құны, теңге

1.

Әскери оркестрдің өнер көрсетуі

сағат

400 000

Жиыны:

400 000

2.

Іс-шаралар өткізу үшін концерт залын беру бойынша көрсетілетін қызметтер:

1 күн

 
350 000


жарық жабдығын жалға алу

1 күн

200 000


Led экранын жалға алу

1 күн

200 000

Жиыны:

750 000

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады