"Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 тамызда № 21129 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.03.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 8 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18166 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 181 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18642 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2020 жылғы 24 тамызы
  № 363 бұйрығына
  Қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағидалары жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 20.03.2024 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі порталға сұрау түскен сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде алынған құжаттарды ЭҚАБЖ-де тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына (не оның міндетін атқарушы тұлғаға) қарауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (не оның міндетін атқарушы тұлға) құжаттар түскен сәттен бастап бір сағат ішінде оларды басқарма басшысына, басқарманың бас сарапшысына және/немесе сарапшысына жолдайды.

      Басқарманың бас сарапшысы және/немесе сарапшысы (бұдан әрі – орындаушы) 2 (екі) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру жөнінде шешім қабылдау үшін комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына құжаттарды дайындайды.

      Комиссия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің лауазымды тұлғаларынан құрылады. Комиссия құрамына Қазақстанның мүдделі ұйымдарының өкілдері, минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері саласындағы жетекші ғалымдар тартылады.

      Комиссия 3 (үш) сағат ішінде минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру жөнінде шешім қабылдайды.

      Комиссияның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір сағат ішінде лицензияға немесе лицензиялаудан бас тартуға қол қояды.

      6. Лицензия беру туралы шешім қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға минералогия, палеонтология, жануарлардың қазба сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензияны не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында сақталады.

      8. Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 29-тарауына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) уәкілетті органның басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 29-тарауында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  1-қосымша

"Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" www.e.gov.kz; www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) 

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру шарты:
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің тиісті мерзімде талап етілмеген құжаттарды сақтау шарты:
Көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орнында сақтауды қамтамасыз етеді.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін) электрондық нұсқасы, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжат;
3) егер қызметтің мұндай түрі Қазақстан Республикасының аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметкеқойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестіктірастайтын құжаттар тізбесіне сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімі) болуы;
5) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;
6) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
7) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін бұзу;
8) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталық тауарларға лицензия ресімдеген жағдайда);
9) Еуразиялық экономикалық комиссия актісімен көзделген өзге де негіздер.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  2-қосымша

Минералогия, палеонтология, қазба жануарлардың сүйектері бойынша коллекциялық материалдардың экспортына лицензия беруге өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап
ЖЖЖЖ.КК.АА дейін|

3. Лицензияның типі |ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт ____ жылғы ______ № ______

5. Көрсетілетін қызметті алушы |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны|

12. Шығарылған ел |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі |

15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Уәкілетті тұлға
Т.А.Ә.
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі Күні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады