"Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 тамызда № 21138 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12457 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мынадай:

      1) азаматтық іс тараптарды шақырусыз қаралған кезде (бұйрық арқылы, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу);

      2) егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді зерттеу қажеттігі туралы мәлімдемесе;

      3) жабдықтың техникалық ақауы, оның болмауы немесе техникалық себептерге байланысты қолдану мүмкін болмаған жағдайларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысының барысы аудио-, бейнежазбаға түсіріледі.

      Азаматтық іске қатысушы барлық тараптар сот отырысына келмеген не сот отырысы жаңа дәлелдемелер зерттелместен өткізілетін жағдайларда, сот отырысының хаттамасын жүргізу туралы мәселені судья шешеді.

      Азаматтық істі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауына дайындау кезінде хаттама тараптардың өтінішхаты немесе соттың бастамасы бойынша, сондай-ақ осы сатыда даудың мәні бойынша шешім шығарылатын жағдайларда шығарылады.";

      6-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот отырысы барысында аудио- немесе бейнежазба құралдары үздіксіз пайдаланылады. Сот отырысы залында қатысып отырғандарға сот талқылауын кейінге қалдыру, үзіліс немесе сот шешімін қабылдау үшін соттың кетуі туралы хабарлаған сәттен бастап және оның сот талқылауын хабарлаған немесе қайта бастаған кезге дейінгі аудио-, бейнежазба құралдарының тоқтап тұруы үзіліс болып есептелмейді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасын сақтау және жою тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына қол жеткізу тәртібі";

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мәжбүрлеп оқшаулау орындарында ұсталып отырған адамдардың сот отырысының аудио-, бейнежазбасымен танысуы мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен азаматтық сот ісін жүргізу бойынша іске қатысушы тараптардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудиожазба көшірмелері ұсынылады.

      31. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша сот осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша арыздың негізінде сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесін, азаматтық істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қоспағанда, ұсынады.

      Сот азаматтық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот отырысының аудиожазбасының көшірмесін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот отырысының аудиожазбасының көшірмесін беру туралы жазбаша арыздың негізінде береді.

      Бұл ретте адам дербес деректерді қорғау туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы және алынған жазбаны осы Кағидалардың 2-тармағында көзделген мақсаттарда пайдалану туралы ескертіледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      34. "Қылмыстық істер бойынша сот отырысының аудио-, бейнежазба көшірмесі сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес тәулік ішінде беріледі.

      Сот отырысының аудиожазба көшірмесі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша үш тәулік ішінде, ал азаматтық істер бойынша сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап бес күн ішінде беріледі.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы Н. АХМЕТЗАКИРОВ

  Департамент басшысы
2020 жылғы 25 тамызы
№ 20 Бұйрыққа қосымша
Сот отырысының барысын
түсіріп алуды қамтамасыз ететін
аудио-, бейнежазба құралдарын
техникалық қолдану, аудио-,
бейнежазбаны сақтау және жою,
аудио-, бейнежазбаға қол
жеткізу қағидаларына
1-қосымша
 нысан
  Судья_______________________
  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
  соттың атауы)
  ____________________________
  ____________________________
  (өтініш берушінің Т.А.Ә.
  (болған жағдайда)
  ____________________________
  (тұрғылықты жері, телефон нөмірі)

Сот отырысының аудио-,бейнежазба көшірмесін беру туралы арыз

      Маған_______________________________________________________________

      20___ж "___" қылмыстық іс/материал бойынша сот отырысының аудио-, бейне жазба көшірмесін ________________________________________________________________

      (материалдық (электрондық) жеткізгіште/ақпараттық сервис арқылы (астын сызыңыз) беруіңізді сұраймын.

      Мыналарды:

      1) ұсынылатын сот отырысының аудио-,бейнежазба көшірмесін тек сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ нақты деректерді анықтау мақсатында пайдалануға;

      2) егер субъектінің құқықтары мен бостандықтары бұзылатын сондай-ақ озге де жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалатын болса, дербес деректерді таратуға жол бермеуге міндеттенемін.

      20____ ж. "____" ________________________________ _______________

      Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны, сонымен қатар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін заңда белгіленген әкімшілік (ӘҚБтК-нің 79-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК-нің 147-бабы) жауаптылық туралы ескертілдім.

      Материалдық (электрондық) жеткізгіш қандай да бір жазбаларсыз қоса беріліп отыр.

      Қоса берілген материалдық (электрондық) жеткізгіштің форматталатыны және ондағы бар ақпараттың жойылатыны туралы хабардармын және онымен келісемін.

      (күні) ________(қолы)__________

  Сот отырысының барысын
  түсіріп алуды қамтамасыз ететін
  аудио-, бейнежазба құралдарын
  техникалық қолдану, аудио-,
  бейнежазбаны сақтау және жою,
  аудио-, бейнежазбаға қол
  жеткізу қағидаларына
  2-қосымша
   нысан
  Судья_______________________
  (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
  соттың атауы)
  ____________________________
  ____________________________
  (өтініш берушінің Т.А.Ә.
  (болған жағдайда)
  ____________________________
  (тұрғылықты жері, телефон нөмірі)

Сот отырысының аудиожазба көшірмесін беру туралы арыз

      Маған______________________________________________________________

      20___ж "___" азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот отырысының аудиожазба көшірмесін _____________________________________________________________

      (материалдық (электрондық) жеткізгіште/ақпараттық сервис арқылы (астын сызыңыз) беруіңізді сұраймын.

      Мыналарды:

      1) ұсынылатын сот отырысының аудиожазба көшірмесін тек сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ нақты деректерді анықтау мақсатында пайдалануға;

      2) егер субъектінің құқықтары мен бостандықтары бұзылатын сондай-ақ озге де жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалатын болса, дербес деректерді таратуға жол бермеуге міндеттенемін.

      20____ ж. "____" ________________________________ _______________

      Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзғаны, сонымен қатар, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін заңда белгіленген әкімшілік (ӘҚБтК-нің 79-бабы) және қылмыстық (ҚР ҚК-нің 147-бабы) жауаптылық туралы ескертілдім.

      Материалдық (электрондық) жеткізгіш қандай да бір жазбаларсыз қоса беріліп отыр.

      Қоса берілген материалдық (электрондық) жеткізгіштің форматталатыны және ондағы бар ақпараттың жойылатыны туралы хабардармын және онымен келісемін.

      (күні) ________(қолы)__________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады