"Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 186-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 тамызда № 21139 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10953 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген елеулі маңызды тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2020 жылғы 27 тамызы
№ 186-НҚ Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 180 бұйрығымен
бекітілген

Елеулі маңызды тауарлардың тізбесі

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

1.

0201

Ірі қара малдың еті, жас немесе тоңазытылған

2.

0202

Ірі қара малдың еті, мұздатылған

3.

0203

Шошқаның еті, жас тоңазытылған немесе мұздатылған

4.

0204

Қой немесе ешкінің жас еті, тоңазытылған немесе мұздатылған

5.

0207

0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған

6.

0301

Тірі балық

7.

0302

0304 тауар позициясының балық сүзбесі мен балық етін қоспағанда, жаңа ұсталған немесе мұздатылған балық

8.

0303

0304 тауар позициясының балық сүзбесі мен балық етін қоспағанда, мұздатылған балық

9.

0304

Жаңа ұсталған, салқындатылған немесе мұздатылған балық сүбесі (балық фаршын қоса алғанда) және басқа балық еті

10.

0305

Кептірілген, тұздалған және тұздықтағы балық; қақтау процесі кезінде не оған дейін жылулық өңдеуге ұшыраған немесе ұшырамаған қақталған балық; тамаққа қолдануға жарамды майда немесе ірі тартылған балық ұны және балық түйіршіктері

11.

0306

Тірі, жаңа ұсталған, салқындатылған, мұздатылған, кептірілген, тұздалған немесе тұздықтағы бақалшақтағы немесе бақалшағы жоқ шаянтәріздестер; қақтау процессі кезінде не оған дейін жылулық өндеуге ұшыраған немесе ұшырамаған бақалшақтағы немесе бақалшағы жоқ қақталған шаянтәріздестер; бумен немесе қайнаған суда пісірілген, салқындатылған немесе салқындаттылмаған, мұздатылған, кептірілген, тұздалған немесе тұздықтағы бақалшақтағы шаянтәріздестер; тамаққа қолдануға жарамды майда немесе ірі тартылған шаянтәріздестер ұны және түйіршіктері

12.

0401

Қоюлатылмаған және қант немесе басқа тәттілендіретін заттар қосылмаған сүт және кілегей

13.

0402

Қоюлатылған және қант немесе басқа тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей

14.

0405

Сүттен жасалған сары май және өзге тоң майлар; сүт пасталары

15.

0406

Ірімшіктер және сүзбе

16.

0407

Қабықтағы, жас, консервіленген немесе піскен құс жұмыртқалары

17.

0701

Жас немесе тоңазытылған картоп

18.

0703

Басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа пияздық көкөністер, жас немесе тоңазытылған

19.

0704

Қаудандық қырыққабат, түрлі-түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және brassica тұқымдасынан ұқсас жеуге жарамды көкөністер, жас немесе тоңазытылған

20.

0706

Сәбіз, шалқан, ас қызылшасы, қойжелкек, шалғам және басқа да ұқсас жеуге жарайтын тамыр жемістері, жас және тоңазытылған

21.

0708

Аршылған немесе аршылмаған, жас немесе тоңазытылған, бұршақ тұқымдас көкөністері

22.

0713

Кептірілген, аршылған, тұқымдық қауызынан тазартылған немесе тазартылмаған, ұсақталған немесе ұсақталмаған бұршақ тұқымдас көкөністері

23.

0902

Дәмдік хош иісті қоспалары бар немесе жоқ шай

24.

1001

Бидай және меслин

25.

1002

Қара бидай

26.

1003

Арпа

27.

1004

Сұлы

28.

1005

Жүгері

29.

1006

Күріш

30.

1008

Қарақұмық, тары және субидайдықтың тұқымдары; басқа да дақылдар

31.

1101 00

Бидай немесе қара бидай ұны

32.

1102

Бидай немесе қара бидайдан басқа өзге де астық тұқымдастар дәндерінен алынған ұн

33.

1103

Жарма, ірі тартылған ұн және астық тұқымдастар дәндерінен алынған түйіршіктер

34.

1104

1006 тауар позициясындағы күрішті қоспағанда, басқа да тәсілдермен өңделген астық тұқымдастар дәндері (мысалы, дән жармасы түрінде қабығынан аршылған, жаншылған, үлпектерге қайта өңделген, түйілген немесе ұсатылған); тұтас, жаншылған, үлпек түріндегі немесе бастырылған астық тұқымдастар дәнінің ұрықтары

35.

1105

Майда немесе ірі тартылған ұн, ұнтақ, үлпек, картоп түйіршіктері

36.

1106

Майда немесе ірі тартылған ұн және 0713 тауар позициясындағы кептірілген бұршақ тұқымдас көкөністері, саго пальмасының өзегінен, 0714 тауар позициясындағы түйнек тамырлардан немесе 8-топтың өнімдерінен алынған ұнтақ

37.

1201 00

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

38.

120400

Зығыр тұқымдары, ұсатылған немесе ұсатылмаған

39.

1205

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған рапстың немесе кользаның тұқымдары

40.

1206 00

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары

41.

1207

Басқа да майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері, ұсатылған немесе ұсатылмаған

42.

1208

Қышаның тұқымдарынан басқа, майлы дақылдар тұқымдарынан немесе жемістерінен алынған майда немесе ірі тартылған ұн

43.

1209

Егіске арналған тұқымдар, жемістер және споралар

44.

1211 90 860 1

Мия тамыры

45.

1214

Түйіршіктелген немесе түйіршіктелмеген тарна, жапырақты қызылша (мангольт), жемдік тамырлар, пішен, жоңышқа, беде, эспарцет, жемдік қырыққабат, бөрібұршақ, сиыржоңышқа және ұқсас жемдік өнімдер

46.

1507

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген соя майы және оның фракциялары

47.

1512

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, мақсары немесе мақта майы және олардың фракциялары

48.

1514

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген рапс (рапстан немесе кользадан) немесе қыша майы және олардың фракциялары

49.

1515

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген өзге де өсімдіктен алынған ұшпайтын тоң майлар және майлар (жожоба майын қоса алғанда) және олардың фракциялары

50.

1517

Маргарин; 1516 тауар позициясындағы тағамдық тоң майлардан немесе олардың фракцияларынан басқа, жеуге жарамайтын қоспалар немесе жануарлардың немесе өсімдіктердің тоң майларынан немесе майларынан немесе фракциялардағы әр түрлі тоң майларынан және аталған топтың майларынан алынатын дайын өнімдер

51.

1518 00

1516 тауар позциясындағы өнімдерден басқа, піскен, тотықтандырылған, сусыздандырылған, сульфирленген, әуедегі үрлеумен тотықтандырылған, вакуумда немесе инертті газда қыздыру жолмен полимеризделген немесе басқа тәсілмен химиялық модификацияланған жануарлардың немесе өсімдіктердің тоң майлары мен майлары және олардың фракциялары; басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген жеуге жарамайтын қоспалар жануарлардың немесе өсімдіктердің тоң майлары мен майларынан, немесе фракциялардағы әр түрлі тоң майлардан және аталған топтың майларынан алынатын дайын өнімдер

52.

1701

Құрақ немесе қызылша қанты және қатты түрдегі химиялық таза сахароза

52.1

1904 90 800 0

Астық дәндерін немесе астық өнімдерін (мысалы, жүгері үлпектері) үрлеу немесе қуыру жолымен алынған өзге де дайын тамақ өнімдері; астық түріндегі немесе үлпек немесе өзге тәсілмен өңделген астық түріндегі (жұқа және ірі тартылған ұнды, жарманы қоспағанда), алдын ала пісірілген немесе өзге тәсілмен дайындалған, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген дақылдар (жүгері дәнінен басқа)

53.

2302

Түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген кебектер, жармалар, жарма ұндар және дақылдар дәндерін немесе бұршақ дақылдарын елеуден, тартудан немесе басқа да тәсілдермен өңдеуден алынған өзге де қалдықтар

54.

2304 00 000

Қытайбұршақ майын бөліп алу кезінде алынатын күнжара және тартылмаған немесе тартылған, түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген басқа да қатты қалдықтар

55.

2306

2304 немесе 2305 тауар позициясындағы қалдықтардан басқа, өсімдік тоң майларын немесе майларын бөліп алу кезінде алынатын күнжара және тартылмаған немесе тартылған, түйіршіктелмеген немесе түйіршіктелген, басқа да қатты қалдықтар

56.

2309

Жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын өнімдер

57.

2501 00

Тұз (асханалық және денатуратталған тұзды қоса алғанда) және таза натрий хлориді суда ерітілген немесе ерімеген, немесе жабысуға кедергі келтіретін немесе сусымалылықты қамтамасыз ететін агенттердің қоспалары бар немесе жоқ; теңіз суы

58.

2705 00 000 0

Мұнай газдары мен басқа да газ тәрізді көмірсутектерден басқа, тас көмір газы, су, генераторлық және ұқсас газдар

59.

2709 00

Битуминозды жыныстардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері

60.

2710

Шикілерден басқа, битуминозды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері; басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген, құрамында 70 салм.% немесе одан да артығы болатын мұнай немесе мұнай өнімдері бар, битуминоздық жыныстардан алынған, оның үстіне бұл мұнай өнімдері негізгі өнімдерді құрайтын өнімдер болып табылады; өңделген мұнай өнімдері

61.

2711

Мұнай газдары және өзге де газ тәрізді көмірсутектер;

62.

2712

Мұнай вазелині; боялған немесе боялмаған синтез нәтижесінде алынған, микрокристалданған парафин, мұнай балауызы, парафин гачі, озокерит, құба көмірлі балауыз, шымтезек балауызы, өзге де минералды балауыздар және ұқсас өнімдер;

63.

2713

Битуминозды жыныстардан алынған мұнай коксы, мұнай битумы және мұнай және мұнай өнімдерін өңдеуден қалған өзге де қалдықтар;

64.

2715 00 000 0

Табиғи асфальт, табиғи битум, мұнай битумы, минералды шайыр немесе минералды шайыр пегі негізіндегі битум қоспалары (мысалы, битум мастикалары, жол жабындарына арналған асфальт қоспалары)

65.

4101

Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері

66.

4102

Осы топқа 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың жүні бар немесе жүнсіз, бүлінген немесе бүлінбеген, өңделмеген терілері

67.

4103

Осы топқа 1б немесе 1в ескертпелермен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз (өзге әдіспен буланған немесе тұздалған, кептірілген, пикелденген немесе консервіленген, бірақ пергаментке келтіріліп иленбеген), бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген басқа да терілер

68.

4104

Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас жануарлардың терісінен жасалған, түгі жоқ, бөлінген немесе бөлінбеген, бірақ одан әрі өңдеусіз иленген былғары немесе былғары краст

69.

4106 31 000 0

Жүнсіз немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, бірақ одан әрі өңделмеген, ылғалды күйдегі (хромдалған жартылай фабрикатты қоса алғанда) шошқа терісінен жасалған иленген былғары)

70.

4106 32 000 0

Шошқаның терісінен жасалған иленген былғары, жүнсіз немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, бірақ одан әрі өңделмеген, құрғақ күйінде (краст)

71.

4401

Бөренелер, кеспек отындар, бұтақтар, шөпшек байламдары түріндегі немесе ұқсас түрлеріндегі отындық сүрек; жаңқа немесе сүрек жоңқасы; қоспалы немесе қоспасыз бөрене, брикеттер, түйіршіктер түріндегі немесе ұқсас түрлердегі сүрек үгінділер мен қалдықтары және скрап

72.

4403

Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған немесе шелқабығымен немесе тұрпайы бөренеленген немесе бөренеленбеген ағаш материалдары

73.

4404

Бондарлық ағаш; кесілген бөренелер; үшкірлеген, бірақ ұзын бойымен кесілмеген қадалар, қазықтар және бағандар; ұшталмаған, қатты сүргіленген, иілмеген немесе басқа тәсілмен өңделмеген, тростарды, қолшатырларды, саймандарға арналған тұтқаларды немесе ұқсас бұйымдарды өндіру үшін пайдаланылатын ағаш материалдары; аршылған және осыған ұқсас сүрек

74.

4406

Теміржол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш шпалдар

75.

4407

Араланған немесе ұзын бойымен жарылған, жаңқаланған немесе жаңқаланбаған, қабаттарға бөлінген немесе сыдырылған, тегістелген немесе тегістелмеген, сыртқы қалыңдығы 6 мм асатын шет жақ қосылыстары бар немесе жоқ ағаш материалдары

76.

4707

Регенирацияланған қағаз немесе картон (макулатура және қалдықтар)

77.

5101

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн

78.

5102

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған биязы немесе қылшықты жануарлардың қылы

79.

5103

Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ ыдыратылған шикізатты қоспағанда, жүннің немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары

80.

5104 00 000 0

Жануарлар жүнінен немесе жұқа немесе қатты түгінен жұлынған шикізаттар

81.

5301

Шикізатты зығыр немесе өнделген, бірақ иіруге ұшырамаған зығыр; зығырдың қыл-қыбыры мен қалдықтары (иіру қалдықтары мен жұлынған шикізатты қоса алғанда)

82.

7108

Өнделмеген немесе жартылай өнделген, немесе ұнтақ түріндегі алтын (платинадан алынған гальванды қаптамасы бар алтынды қоса алғанда)

83.

7112

Бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтары немесе бағалы металдар жалатылған металдар; негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын, құрамында бағалы металдар немесе бағалы металдардың қосылыстары бар басқа да қалдықтар мен сынықтар

84.

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қара металдардың қайта балқытуға арналған құймалары (шихталық құймалар)

85.

7207

Темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған жартылай фабрикаттар

86.

7208

Ені 600 мм немесе одан да көп, ыстықтай басылған, жалатылмаған, гальваникалық немесе басқа қаптамасыз, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек

87.

7209

Ені 600 мм немесе одан да көп, суықтай басылған (суық күйінде қысылған), жалатылмаған, гальваникалық немесе басқа қаптамасыз, темірден немесе қосарланбаған болаттан жасалған тегіс илек

88.

7210

Ені 600 мм немесе одан да көп, ыстықтай иленген, жалатылмаған, гальваникалық немесе басқа қаптамасыз, темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған тегіс илек

89.

7302

Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдан жасалған бұйымдар:
рельстер, қарсы рельстер және тісті рельстер, ауыспалы рельстер, тұйық қиылыс айқаспалары, ауыспалы штангалар және өзге де көлденең қосылыстар, шпалдар, түйіспе жапсырмалары мен төсемдері, сыналар, тірек тақталары, ілгекті рельс бұрандалары, төсемдер мен созғыштар, тұғырлар, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектер

90.

7404 00

Мыс қалдықтары мен сынықтары

91.

7503 00

Никель қалдықтары мен сынықтары

92.

7601

Өңделмеген алюминий

93.

7602 00

Алюминий қалдықтары мен сынықтары

94.

7603

Алюминий ұнтақтары мен қабыршықтары

95.

7604

Алюминий шыбықтары мен профильдері

96.

7605

Алюминий сымы

97.

7606

Ені 0,2 мм-ден астам алюминийден жасалған плиталар, табақтар, жолақтар немесе таспалар

98.

7607

Ені (негізін есепке алмағанда) 0,2 мм алюминий фольга (қағаздан, картоннан, пластмассадан немесе ұқсас материалдардан жасалған негізсіз немесе негізімен)

99.

7608

Алюминийден жасалған түтіктер мен түтікшелер

100.

7609 00 000 0

Алюминий түтіктерге немесе түтікшелерге арналған фитингтер (мысалы, жалғастырғыштар, иіндер, ернемектер)

101.

7610

Алюминий металл конструкциялары (9406 тауар позициясындағы құрастырылатын құрылыс металл конструкцияларынан басқа) және олардың бөліктері (мысалы, көпірлер және олардың бөліктері, мұнаралар, керегеторлы діңгектер, шатырларға арналған аражабындар, құрылыс фермалар, есіктер, терезелер және олардың рамалары, есіктерге арналған табалдырықтар, балюстрадалар, тіректер және колонналар): металл конструкцияларда пайдалануға арналған алюминийден жасалған беттер, шыбықтар, профильдер, түтіктер және ұқсас бұйымдар

102.

7611 00 000 0

Кез келген заттарға арналған (қысылған немесе сұйылтылған газдан басқа), сыйымдылығы 300 л астам, қаптамасымен немесе жылу оқшаулағышпен немесе оларсыз, бірақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықтарсыз резервуарлар, цистерналар, бактар және алюминийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар

103.

7612

Кез келген заттарға арналған (сығылған немесе сұйылтылған газдан басқа), сыйымдылығы 300 л-ден астам қаптамасымен немесе жылу оқшаулағышпен немесе оларсыз, бiрақ механикалық немесе жылу техникалық жабдықтарсыз бөшкелер, барабандар, банкiлер, жәшiктер және алюминийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар (қатты немесе деформацияланатын түтiк түрiндегi сыйымдылықтарды қоса алғанда)

104.

7613 00 000 0

Сығылған немесе сұйылтылған газдарға арналған алюминий сыйымдылықтар

105.

7614

Электрлік оқшаулаусыз алюминийден жасалған иірілген сым, тростар, өрме баулар және ұқсас бұйымдар

106.

7616

Алюминийден жасалған басқа да бұйымдар

107.

7802 00 000 0

Қорғасын қалдықтары мен сынықтары

108.

7902 00 000 0

Мырыш қалдықтары мен сынықтары

109.

8002 00 000 0

Қалайы қалдықтары мен сынықтары

110.

8101 97 000 0

Вольфрамның қалдықтары мен сынықтары

111.

8102 97 000 0

Молибденнің қалдықтары мен сынықтары

112.

8103 30 000 0

Танталдың қалдықтары мен сынықтары

113.

8104 20 000 0

Магний қалдықтары мен сынықтары

114.

8105 30 000 0

Кобальт қалдықтары мен сынықтары

115.

8106 00 100 0

Өңделмеген висмут; қалдықтары мен сынықтары; ұнтақтары

116.

8107 30 000 0

Кадмий қалдықтары мен сынықтары

117.

8108 30 000 0

Титан қалдықтары мен сынықтары

118.

8109 30 000 0

Цирконий қалдықтары мен сынықтары

119.

8110 20 000 0

Сүрме қалдықтары мен сынықтары

120.

8111 00 190 0

Марганец қалдықтары мен сынықтары

121.

8112 22 000 0

Хром қалдықтары мен сынықтары

122.

8607

Темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері

      Ескерту: ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.

      Тауар позициясы – ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауардың атауы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады