Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 21194 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Арнайы су пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу жөніндегі құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздік декларациясын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушы
С. Громов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық дамыту, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 216 Бұйрыққа
1-қосымша

"Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат алуға немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсаттың мерзімін ұзарту және қайта рәсімдеуге www.egov.kz, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымша нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      4. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық мен куәландырылған өтінішімен мынадай құжаттар ұсынылады:

      Арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін:

      су шаруашылығы құрылысы, гидромелиорациялық жүйелер немесе құрылғылар паспортының электрондық көшірмесі;

      су алуды есептеу құралының болуы туралы мәліметтен тұратын құжаттың электрондық көшірмесі;

      Рұқсатты қайта рәсімдеу үшін:

      заңды тұлға атауының өзгергені және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгергені, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгергені, дара кәсіпкердің қайта тіркелгені туралы растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін:

      су алуды есептеу құралының болуы туралы мәліметтен тұратын құжаттың электрондық көшірмесі.

      5. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:

      су электр станциясының белгіленген қуаты туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылысжайлардың өткізу қабілеті туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      балық қорғау және балық жіберу құрылысжайлары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық сұранымға қоса тіркелетін, гидроэнергетика мұқтаждықтарына мәлімделген су ресурстарын пайдалану көрсеткіштері туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі.

      6. Жерүсті су обьектілерін суды алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:

      кеменің техникалық сипаттамаларын қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып, оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсатын қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кемеде пайда болатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының бар-жоғы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы статус автоматты түрде көрсетіледі.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы, эпидемиялық маңыздылығы объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға арналған гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру туралы мәліметтер, су дайындау және (немесе) ауыз су мұқтаждары үшін су тұтынушыларға жеткізу үшін су ресурстарын алуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын есептеу туралы, тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағынын реттеу жөніндегі қызмет туралы, су объектілерін олардан су ресурстарын алмай пайдалану туралы, ілеспе алынған жер асты суларын (шахта, карьер, кеніш) ағызу туралы), су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      8. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      9. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісін анықтаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері сегіз жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін қарайды, арнайы су пайдалануға рұқсатты, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап жібереді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – арнайы су пайдалануға рұқсат, рұқсатты қайта рәсімдеу, рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе бас тарту туралы дәлелді жауап, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бассейндік инспекцияларға бес жұмыс күні ішінде ұсынылатын келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жер үсті және (немесе) жер асты суларын алу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың Кодекстің 82-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігі;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген соттың шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы Қағидаларға 3-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

      14. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Арнайы су пайдалануға
рұқсат" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш

      Кімге:____________________________________________________________________

                        (мемлекеттік органның толық атауы)

      Кімнен:___________________________________________________________________

            (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      Өтініш иесінің мекенжайы __________________________________________________

                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон)

      Өтініш иесінің деректемелері_______________________________________________

                              (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi,

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

      Мыналарға (тиісті ұяшықты белгілеңіз):


пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызуға;

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалануға;

Кодекстің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құралдарды пайдалана отырып, жерүсті суларын тартуға және (немесе) пайдалануға рұқсат беруді сұраймын.

      1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1) су пайдалануға жауапты адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,

      байланыс телефоны _________________________________________;

      2) олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын жылжымайтын

      объектінің кадастрлық нөмірі, техникалық құрылғының түгендеу нөмірі немесе ұңғыманың нөмірі ______________________________.

      2. Координаталары көрсетілген жерүсті суларының, ағызылатын сарқынды сулардың, жерасты су көзін алу және (немесе) пайдалану орындары көрсетілген ахуалдық схема қоса тіркеледі және осы өтінішке 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады.

      3. Су пайдалану мақсаты______________________________________

      4. Арнайы су пайдалану кезінде пайдаланылатын су объектісі туралы ақпарат осы өтінішке 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады.

      5. Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, жерасты су көзінен суды алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі осы өтінішке 3-қосымшаға сәйкес (гидроэнергетика және ағысты реттеу мақсатында су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда су пайдаланудың әр түріне жеке көрсетіледі) нысанда ұсынылады.

      6. Су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептемелерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды, ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын ағызуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, өнімнің бір бірлігіне су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары және оларды су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен келісу туралы деректер

      _______________________

      (нормалары, келісу күні мен мерзімі)

      7. Су пайдалануды бастаудың және аяқтаудың болжамды мерзімі:

      Су пайдаланудың басталған күні "___" _________ 20 ___ жыл

      Су пайдаланудың аяқталған күні "___" _________ 20 ___ жыл

      8. Су пайдаланушының өндірістік қызметінің сипаттамасы (шығарылатын өнімнің

      көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын

      учаскелердің алаңдары) _________________________

      9. Осы өтінішке 4-қосымшаға сәйкес нысанда қайталама су пайдаланушылар тізбесі (арнайы су пайдалануға рұқсат алуға арналған құжаттарға сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдер қоса беріледі) ұсынылады.

      10. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кім берді, қолданылу мерзімі, егер бұлар өтініш берушіде бар болса)

      ______________________________________________________________

      11. Су пайдалануды есепке алуға, режимдік байқаулар мен зертханалық талдаулар жүргізуге арналған жабдықтың сипаттамасы (түрі, маркасы, техникалық сипаттамалары, саны, тексеру мерзімі, зертханаларды аккредиттеу саласы)

      ____________________________________________________________________.

      12. Жылу алмасу (нормативтік-таза) суларын бұруды қоспағанда, тазартылған өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызған кезде – қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру туралы деректер

      ____________________________________________________.

      (нөмірі, рұқсаттың қолдану мерзімі)

      13. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын жинаған кезде – эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды деректері

      _______________________________________________

      (нөмірі, берілген күні)

      14. Су ресурстарын тиімді пайдалану және су шығынын қысқартуды қамтамасыз ету бөлігінде өтініш иесінің ниеті (Кодекстің 72-бабына сәйкес) (атап өту)

      ___________________________________________________________.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш иесі

      ____________________________________________________________________

                  аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      20 жылғы "___" _________

      Өтініш қарауға 20 жылғы "___" _________ қабылданды.

      ____________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған адамның қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Арнайы су пайдалануға
рұқсат алуға арналған өтінішке
1-қосымша

Жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану, сарқынды суларды төгу орындарының, жерасты су көздерінің ахуалды схемасы (қоса ұсыну) Масштабы __________________ (көрсету)

Су жинау (су бұру) орнының (немесе су объектісінің) атауы

Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелермен көрсетілген жер учаскесінің алаңы

Нүктелер №

Географиялық координаттар

бойлығы

ендігі

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд


_______гектар
________шаршы километр

1







2







...








_______гектар
________шаршы километр

1







2







...








_______гектар
________шаршы километр

1







2







...







      Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелері көрсетілген жер учаскесінің алаңы, _________

      гектарды (шаршы шақырым) құрайды.

  Арнайы су пайдалануға
рұқсат алуға арналған өтінішке
2-қосымша

Арнайы су пайдалану кезінде қолданылатын су объектісі туралы ақпарат

Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалар (су шаруашылығы құрылғыларына немесе жергілікті рельефке өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызу кезінде осы суларды ағызуға және қабылдауға арналған құрылғылардың сипаттамалары көрсетіледі)

Су көзінің (қабылдағыштың) коды*

Арнайы су пайдалану түрі

Пайдалану түрі (коды)**

1





2









      Ескертпе:

      * теңіз – 10, өзен – 20, кеуіп бара жатқан өзен – 21, көл – 30, тоған су қоймасы – 40, құймалы су қоймасы – 40, магистральды арна – 50, магистральды құбыржол – 55, жерасты суы бар қабат – 60, шахта, кеніш, карьер – 61, тік дренаж ұңғымалары – 62, коллекторлық-дренаждық желі – 70, өзен желісімен байланысы жоқ коллекторлар – 71, жерүсті су объектілеріне жететін коллекторлар – 72, суармалы диқаншылық алаңдары – 80, жинағыштар – 81, жергілікті рельеф – 82, фильтрациялау алаңы – 83, су құбыры желілері – 90, кәріз желілері – 91.

      ** ША – шаруашылық-ауызсу, Ө – өндірістік, АШ – ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, ТС – тұрақты суару, ЛС – лиманды суару, ЖС – жайылымдарды суландыру, ШС – шабындықты суару, ТБШ – тоғанды балық шаруашылығы, ГҚ – арналардағы қабаттарды қолдау, ПҚ – пласттағы қысымды қолдау, ҚСТ – құймалы су қоймаларын толтыру, СТ – суды тасымалдау, ПТ – пайдаланбай тапсыру, ӨБ – өзге бассейнге берілді, ӨМ – өзге мемлекетке берілді, АШ – арналарды шаю, СӨ – санитариялық өткізгіштер, ГЭ – гидроэнергетика, ТБ – тағы басқалары, ЕС – жасыл екпелерді суару, ШКС –шахталы-кенішті суларды пайдаланбай ағызу, ШТ – шаруашылық-тұрмыстық, СТ – су объектілерін толтыру үшін су бұру.

  Арнайы су пайдалануға
рұқсат алуға арналған өтінішке
3-қосымша

Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі

      Арнайы су пайдалану түрі_________________________________________

Айлар

Текше метр/тәулігіне

Текше метр/айына

1

2

3

4

1

Қаңтар



2

Ақпан



3

Наурыз



4

Сәуір



5

Мамыр



6

Маусым



7

Шілде



8

Тамыз



9

Қыркүйек



10

Қазан



11

Қараша



12

Желтоқсан



Жылына жиыны, текше метр/жылына


  Арнайы су пайдалануға
рұқсат алуға арналған өтінішке
4-қосымша

Қайталама су пайдаланушылардың тізбесі

Су пайдаланушылардың атауы

Су пайдаланушының суды пайдалану мемлекеттік есебі (СПМЕ) коды (бар болса)

Есептік көлемі (текше метр/жылына)

Су пайдалану мақсаты

Шарттың нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6

1






2






3






4











Жылына жиыны, текше метр/жылына




  "Арнайы су пайдалануға
рұқсат" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны
  Кімге:______________________
(мемлекеттік органның толық
атауы)
Кімнен:_____________________
(жеке немесе заңды тұлғаның
толық атауы)
Өтініш иесінің мекенжайы
___________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үйдін нөмірі, телефон)
Өтініш иесінің деректемелері
_________________________
(жеке тұлғалар үшін – Жеке
сәйкестендіру нөмірі,
заңды тұлғалар үшін –
Бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта рәсімдеуге және мерзімін ұзартуға арналған өтініш

      ___________________________________________________ байланысты

                  (қысқаша негіздемесі)

      ________________________________________________________ сұраймын.

                  (өтініштің мақсаты)

      Жылу алмасу (нормативтік-таза) суларын бұруды қоспағанда, тазартылған өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызған кезде – қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру туралы деректер

      ___________________________________________________.

      (нөмірі, рұқсаттың қолдану мерзімі)

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабы 10-тармағының 6-тармақшасына сәйкес су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен өнімнің бір бірлігіне су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларыдын келісу туралы деректер _______________.

      (нормалары, келісу күні мен мерзімі)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш иесі_________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20 жылғы " " _______

  "Арнайы су пайдалануға
рұқсат" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беру тәсілі

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталда тіркелген сәтінен бастап:
рұқсатты беру – 10 (он) жұмыс күні;
қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
рұқсат мерзімін ұзарту – 3 (үш) жұмыс күні.
Екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Бұйрықпен бекітілген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу, рұқсатты ұзарту, рұқсаттың телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Нысан электронды.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен жүзеге асырылады.
Порталдың жұмысы – техникалық жұмыстар жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) Арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін:
су шаруашылығы құрылысжайы, гидромелиорациялық жүйелер немесе құрылғылар паспортының электрондық көшірмесі;
су алуды есептеу құралының болуы туралы мәліметтен тұратын құжаттың электрондық көшірмесі;
Рұқсатты қайта рәсімдеу:
заңды тұлға атауының өзгергені және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгергені, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгергені, дара кәсіпкердің қайта тіркелгені туралы растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
Рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін:
су алуды есептеу құралының болуы туралы мәліметтен тұратын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша ұсынылады:
су электр станциясының белгіленген қуаты туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылысжайлардың өткізу қабілеті туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
балық қорғау және балық жіберу құрылысжайлары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
құжаттың электрондық көшірмесі түрінде электрондық сұранымға қоса тіркелетін, гидроэнергетика мұқтаждықтарына мәлімделген су ресурстарын пайдалану көрсеткіштері туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) жерүсті су обьектілерін су алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:
кеменің техникалық сипаттамаларын қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып, оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсатын қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
кемеде пайда болатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының бар-жоғы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 66-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісу туралы сұранымға теріс жауабы, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың және жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін тарту кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың Кодекстің 82-бабы 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған болуы".

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 216 Бұйрыққа
2-қосымша

"Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және (немесе) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымша нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) су шығынын, тасымалдау желілеріндегі, су тұтыну нүктелеріндегі су шығынын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемін қысқарту мүмкіндігін жыл сайын талдау бойынша деректердің электрондық көшірмесі;

      2) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары есебінің электрондық көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларының электрондық көшірмелері.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрсетіледі.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      6. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      7. Ұсынылған құжаттардың толық екендігі анықталған жағдайда осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері сегіз жұмыс күні ішінде қарайды және су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу туралы хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – арнайы су пайдалануға рұқсат, рұқсатты қайта рәсімдеу, рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе бас тарту турады дәлеледі жауап, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;

      2) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 86-бабымен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемемен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер мен деректердің жіне (немесе) көрсетіетін қызметті алушының сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы Қағидаларға 2-қосымшадағы 10-тармақта көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте сотқа жүгіне алады.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      11. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

      13. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      Кімге:____________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      Кімнен:___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      Өтініш иесінің мекенжайы ___________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдін нөмірі, телефон)

      Өтініш иесінің деректемелері _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

      Бұрын келісілген су тұтынудың үлестік нормалары туралы деректер

      __________________________________________________________________________

                  (нөмірі, берілген күні, мерзімі, егер бұлар өтініш иесінде бар болса)

ӨТІНІШ

      Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш иесі __________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20__жылғы " " _______

  "Су тұтыну және су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беру тәсілі

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталда тіркелген сәтінен бастап:
келісім беру – 10 (он) жұмыс күні.
Екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Су тұтыну және су бұрудың үлестік нормаларын келісу туралы хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Электрондық түрде.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен жүзеге асырылады.
Порталдың жұмысы – техникалық жұмыстар жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) су шығынын, тасымалдау желілеріндегі, су тұтыну нүктелеріндегі су шығынын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемін қысқарту мүмкіндігін жыл сайын талдау бойынша деректердің электрондық көшірмесі;
3) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары есебінің электрондық көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларының электрондық көшірмелері: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы, не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 86-бабымен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемемен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер мен деректердің жіне (немесе) көрсетіетін қызметті алушының сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары

Өнім түрі

Өнімнің өлшем бірлігі

Сумен жабдықтау жүйесі

Су тұтынудың жеке нормасы, өнім бірлігіне текше метр

Технологиялық қажеттіліктерге

Қосымша және қосалқы қажеттіліктерге

барлығы

Оның ішінде су

барлығы

Оның шінде

Таза су

айналымды

Кезекті пайдалану


Таза су

айналымды

Кезекті пайдалану

техникалық

Ауыз су

барлығы

техникалық

Ауыз су

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

      Кестенің жалғасы

Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктері

барлығы

Оның ішінде тең көлемсіз су

Маусымды тұтынудың тең көлемсіз коэффициенті

барлығы

Оның ішінде су

Таза су

айналымды

Кезекті пайдалану

Таза су

айналымды

Кезекті пайдалану

техникалық

Ауыз су

барлығы

техникалық

ауыз су

барлығы

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары

Өнім түрі

Өнімнің өлшем бірлігі

Су ысырабының жеке нормативтері, өнім бірлігіне текше метр

Басқа тұтынушыларға берілген судың жеке нормативтері немесе қайтарымсыз су тұтыну нормативтері өнімнің м3/бірл.

Технологиялық қажеттіліктер

Қосымша және қосалқы өндіріс қажеттіліктері

Шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Суды пайдалану бағыты бойынша су бұрудың жеке нормасы, текше метр/өнім

Технологиялық қажеттіліктер

Қосымша және қосалқы өндіріс қажеттіліктері

Шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер

барлығы

Оның ішінде ағынды

Тазалауды талап ететін

Нормативтік таза

барлығы

Тазалауды талап ететін

Нормативтік таза

барлығы



Тазалауды талап ететін

Нормативтік таза

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша

Тұрақты суару кезінде су тұтыну және су бұрудың үлестік нормалары

Ылғалдандыру коэффициенті, агроклиматты аймақтардың ку шифрі

Көрсеткіштер

Суармалау нормасы нетто, текше метр/гектар

Суару тәсілдері

Су ысырабы, текше метр/гектар

Су тұтыну, текше метр/гектар

Су тұтыну текше метр/гектар

Суару кезінде

Тасымалдау кезінде текше метр/гектар

атауы

Жалпы алаңнан %

1. Су шаруашылығы бассейні

1.1 Су шаруашылығы ауданы


Вегетациялық суару

Ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңы және атауы


Жер үсті







Жаңбырлатып







Тамшылатып














Вегетацияаралық суару

Ылғалзарядтағыш








Шаю







  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
6-қосымша

Көлтабандап суару кезінде су тұтыну және су бұрудың үлестік нормалары

Ылғалдандыру коэффициенті, агроклиматты аймақтардың ку шифрі

Көлтабан түрлері

Көлтабандағы өсімдіктер

Суару нормасы, көлтабандап суару, (нетто текше метр/гектар

Су тұтыну (брутто, текше метр/гектар)

Су бұру, текше метр/гектар

Топырақты сулар деңгейінің шоғырлануы

терең

жақын

терең

жақын

терең

жақын

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Су шаруашылығы бассейні

Су шаруашылығы ауданы


Ұсақ сулы

Табиғи шалғын







Себілген дақылдар







Терең сулы

Табиғи шалғын







Себілген дақылдар







  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік қызметті көрсету
қағидаларына
7-қосымша

Жайылымдарды суландыру кезінде малды суару үшін су тұтынудың үлестік нормалары

Ылғалдану коэффициенті, Қазақстан Республикасының өңірлері, кУ

Малдар

Жыл мезгілдері бойынша су тұтынудың тәуліктік нормалары, литр/тәулігіне 1 малға

жазда

Көктемде және күзде

қыста

1

2

3

4

5

Оңтүстік өңір

Мал түрлері




Солтүстік өңір

Мал түрлері




  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 216 Бұйрыққа
3-қосымша

"Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі–Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымша нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін порталға келесі құжаттарды ұсынады:

      1) суды есепке алу құралына паспортының электрондық көшірмесі;

      2) мерзімі аяқталған немесе тексеріс жүргізілмеген жағдайда суды есепке алу құралын тексеру актісінің электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрсетіледі.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      5. Хат – хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      6. Құжаттардың толық топтамасы болған жағдайда жауапты орындаушы сегіз жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны стационарлық абоненттік құрылғы арқылы актіні жасау үшін суды есепке алу аспабы (бұдан әрі - СЕА) орналасқан объектіге шығу туралы хабардар етеді.

      СЕА пломбаланғаннан, не пломбаны алғаннан кейін жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су алу немесе ағызу жөніндегі құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылатын суды есепке алу аспаптарына пломбаны орнату (алу) актісін ұсынады.

      СЕА ұсынылған материалдарға сәйкес еместігі немесе оның жарамсыздығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту ұсынады.

      Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су алу немесе ағызу жөніндегі құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылатын суды есепке алу аспаптарына пломбаны орнату (алу) актісін бергеннен кейін жауапты орындаушы ақпараттық портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер;

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 72-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар, Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Арнайы су пайдалану құқығын
жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалардың суды алу
немесе ағызу құрылыстарында
немесе құрылғыларында
орнатылатын суды есепке алу
аспаптарын пломбалау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның
толық атауы)
____________________________
____________________________
(жеке тұлғаның аты, тегі,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда немесе заңды
тұлғаның атауы )
Өтініш берушінің заңды
мекенжайы _________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үйдің нөмірі, телефон)
Өтініш берушінің
деректемелері _______________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Суды есепке алу аспабына/аспабынан пломба орнатуды (алып тастауды) сұраймын

      (қажеттісінің асты сызылсын) _______________________________________________

                                          (ұйымның атауы)

      Суды есепке алу аспабы ____________________________________________________

      (суды есепке алу аспабының маркасы, зауыттық нөмірі)

      Суды есепке алу аспабын бассейндік инспекцияда тіркеу күні_____________________

      Cу пайдалануға рұқсат құжатының нөмірі және күні_____________________________

      Пломбаны алып тастау күні мен акт нөмірі (қайта жүгінген жағдайда)_______________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      Суды есепке алу аспаптарының паспортының көшірмесі, суды есепке алу аспабын

      салыстырып тексеру актісі (суды есепке алу аспаптарының паспортында жүргізілген

      салыстырып тексеру туралы ақпарат болмаған жағдайда).

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін

      қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім

      береді.

      ______________________________             _____________________________

      өкілдің лауазымы                               өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар

                                                      болған жағдайда)

                                                      Қоса беріледі_______парақта.

                                                Мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

  "Арнайы су пайдалану құқығын
жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалардың суды алу
немесе ағызу құрылыстарында
немесе құрылғыларында
орнатылатын суды есепке алу
аспаптарын пломбалау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беру тәсілі

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі –портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталда тіркелген сәтінен бастап:
келісім беру – 10(он) жұмыс күні.
Екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу жөніндегі құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылатын суды есепке алу аспаптарына пломбаларды орнату (алу) актісі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қағаз нысан.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен жүзеге асырылады.
Порталдың жұмысы – техникалық жұмыстар жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) суды есепке алу аспаптарына паспорттың электрондық көшірмесі;
3) мерзімі аяқталған немесе тексеру болмаған жағдайда суды есепке алу аспабын тексеру актісінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

11) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 72-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Арнайы су пайдалану құқығын
жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалардың суды алу
немесе ағызу құрылыстарында
немесе құрылғыларында
орнатылатын суды есепке алу
аспаптарын пломбалау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарына пломба орнату (алып тастау) актісі

      20__жылғы " " ____________ № ______

      Су пайдаланушының қатысуымен _______________________________________

      кәсіпорынның атауы,тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      мемлекеттік инспектор

      _____________________________________________________________жасады.

                  лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________ суды есепке алу аспабы _______________________ су тартқышта

      су өлшегіштің маркасы             ұңғыманың нөмірі, орналасқан жері

      тексеруден өтті ________________________ тексерілген күні ________________

                              ұйымның атауы

      пломба номірі ____________

      Суды есепке алу аспабының көрсеткіштері ______________________

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 88-бабына сәйкес су

      объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ету мақсатында судың зиянды әсер етуін,

      ластануын және қоқыстануын болдырмайтын құрылыстармен және құрылғылармен

      қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке aлу

      аспаптарымен жабдықталмаған жаңа және реконструкцияланатын объектiлердi

      пайдалануға енгізуге тыйым салынады.

      Мемлекеттік инспектор                               _________________

                                    мөр орны                         қолы

      Су пайдаланушы                         ________________ (қолы)

      мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектілер болып табылатын тұлғалардан басқа)

  "Арнайы су пайдалану құқығын
жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалардың суды алу
немесе ағызу құрылыстарында
немесе құрылғыларында
орнатылатын суды есепке алу
аспаптарын пломбалау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

Суды есепке алу құралына/құралынан пломбы белгілеу (алу) туралы хабарлама (қажетін сызу керек) № (құжаттың нөмірі)

      Құрметті ___________________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушы)

      ________________ суды есепке алу құралына/құралынан _________________ пломбы

      белгілеу (алу) туралы хабарлаймыз

      Пломбы нөмірі             (суды есепке алу құралының маркасы, зауыд нөмірі)

      Бассейндік инспекция басшысы ____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болғанда), қолы)

      "___"__________ 20__ жыл

      Мөр орны (болғанда)

      Хабарлама_______________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болғанда), қолы)

      Көрсетілетін қызметті алушыға табысталды "___" _______________ 20__ жылы

      (Қол қоюшының лауазымы)                   (қол қоюшының ТАӘ)

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 216 Бұйрыққа
4-қосымша

"Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымша нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      2) аттестатталатын ұйым қызметкерлерінің біліктілігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу уақытын көрсетумен мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдағаны туралы статус жолданады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      5. Хат – хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесіне (бұдан әрі-жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Құжаттар топтамасы толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, бөгеттер қауіпсіздігі саласында жұмыстарды өткізу құқығына аттестатты рәсімдейді. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды рәсімдейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1053 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12635 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      10. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Бөгеттердің қауіпсіздігі
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына ұйымдарды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
  1-қосымша
  Кімге_______________________
(мемлекеттік органның
толық атауы)
Кімнен _____________________
(заңды тұлғаның атауы)
Өтініш берушінің заңды
мекенжайы ____________
____________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үй №, телефон)
Өтініш берушінің
деректемелері _______________
(Бизнес идентификациялық номер)

Өтініш

      __________________________________________________________________________

                                    (ұйымның атауы)

      Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау жүргізуді сұраймын

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: мәлімет нысаны; аттестатталатын ұйым қызметкерлерінің біліктілігін растайтын құжаттың көшірмесі.

      _____________________________                   ______________________________

      Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      (заңды тұлғаға лауазымы) жіберілген күні: күні.айы.жылы.

      (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделмесе көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

  "Бөгеттердің қауіпсіздігі
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына ұйымдарды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3- қосымша

"Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі – көрсетілген қызметті беруші).

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беру тәсілі

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталда тіркелген сәтінен бастап:
келісім беру – 5 (бес) жұмыс күні.
Екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.


Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде.

5

Результат оказания государственной услуги

Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен жүзеге асырылады.
Порталдың жұмысы – техникалық жұмыстар жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
аттестатталатын ұйым қызметкерлерінің біліктілігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1053 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12635 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті беруші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Бөгеттердің қауіпсіздігі
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына ұйымдарды
аттестаттау" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Мәліметтер нысаны

Пайдалануға берілген бөгет құрылысының жобалары жөніндегі ақпарат

р/с

Объектінің атауы

Тапсырыс берушінің атауы

Бөгеттің пайдалануға берілген жылы

Бөгеттің сыныбы

Гидротехникалық құрылыстарды жобалау, салу, жөндеу және реконструкциялау, пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесі

1

2

3

4

5

6







Аттестатталатын ұйым мамандарының біліктілік құрамы туралы деректер

р/с №

Аты, тегі, әкесінің аты

Лауазымы

Осы ұйымда (уақытша, тұрақты) жұмыс істейді

Жұмыс өтілі

Оқу орны, бітірген жылы, диплом бойынша біліктілігі және, көрсетілген білімі

1

2

3

4

5

6







  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 216 Бұйрыққа
5-қосымша

"Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 апреля Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымша нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйым берген бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі;

      бөгеттің қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрсетіледі.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      5. Хат – хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және өтініш берушіге жібереді.

      Құжаттар топтамасы толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда бөгеттердің қауіпсіздігі декаларациясының тіркелген шифрын беру туралы хабарламаны рәсімдейді. Осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жауапты орындаушы мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 111-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген соттың шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      10. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Тіркеу шифрларын беру үшін
бөгеттің қауіпсіздік
декларациясын тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысаны
  Кімге ______________________
(мемлекеттік органның
толық атауы)
Кімнен
____________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Өтініш берушінің заңды
мекенжайы
____________________________
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үй нөмірі,
телефон)
Өтініш берушінің деректемелері
____________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      Бөгеттің қауіпсіздік декларациясын (бастапқы, кезекті) тіркеуді жүргізуді сұраймын

      (қажеттісінің астын сызу) ___________________________________________________

                                    (ұйымның атауы)

      Бөгеттің қауіпсіздік декларациясын кезекті тіркеу жүргізілген жағдайда тіркеу

      шифрінің нөмірін және соңғы тіркеу жүргізілген күнді көрсету

      __________________________________________________________

                        (тіркеу шифрінің нөмірі, күні)

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті орган аттестаттаған ұйым берген бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының сараптамалық қорытындысының көшірмесі;

      2) бөгеттің қауіпсіздік декларациясының көшірмесі.

      Мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшы__________________________________________________

      (тегі,аты,әкесінің аты (бар болғанда) (электрондық цифрлық қолтаңба)

      Толтыру күні: "____" __________ 20__ жыл

  "Тіркеу шифрларын беру үшін
бөгеттің қауіпсіздігі
декларациясын тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беру тәсілі

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Порталда тіркелген сәтінен бастап:
келісім беру – 5 (он) жұмыс күні.
Екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының тіркеу шифрін беру туралы хабарлама не осы қосымшаның 9-тармағы негізінде дәлелді бас тарту.
Электрондық нысан.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен жүзеге асырылады.
Порталдың жұмысы – техникалық жұмыстар жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйым берген бөгеттің қауіпсіздігі декларациясының сараптамалық қорытындысының электрондық көшірмесі;
бөгеттің қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 111-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген соттың шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті беруші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Тіркеу шифрларын беру үшін
бөгеттің қауіпсіздік
декларациясын тіркеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысаны

Бөгеттің қауіпсіздік декларациясының тіркеу шифрін беру туралы хабарлама

      Құрметті _________________________________________________________

      (қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))

      Бөгеттің қауіпсіздік декларациясының тіркеу шифрі берілгені туралы

      хабарлаймыз ____________________________________________

      (тіркеу нөмірі және күні)

      Бассейндік инспекция басшысы ____________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

                                    (электрондық цифрлық қолтаңба)

      "___" ____________ 20__ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады