"Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 21240 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы, қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Сатып алу шартында көзделген жел электр станциясының генерациялайтын жабдығының (электр энергиясын өндіретін құрылғының) нақты жиынтық белгіленген қуаты асып кеткен жағдайда, Өтініш беруші сатып алу шартында көрсетілген жиынтық белгіленген қуаттың сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің дара генерациялайтын қондырғысының (қажет болған кезде бірнеше дара генерациялайтын қондырғылардың) қуатын шектейді.

      Бұл ретте, Өтініш беруші осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес шектеу белгіленген генерациялайтын қондырғылардың электр энергиясын сағаттық өндіру туралы деректерді диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы немесе электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі арқылы жүйелік операторға беруді қамтамасыз етеді.

      Сонымен қатар, жел электр станциясы генерациялайтын жабдығының нақты жиынтық белгіленген қуатын сатып алу шартында көрсетілген белгіленген қуаттан 10%-дан артық ұлғайтуға жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады