Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 29.06.2021 № 433-НҚ (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны ;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ағылшын тілінде менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) ағылшын тілінде менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісі нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметке арналған сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес міндетті түрде сертификаттау кезінде ағылшын тілінде сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес ерікті сертификаттау кезінде ағылшын тілінде сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес міндетті түрде сертификаттау кезінде IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) ағылшын тілінде сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес ерікті сертификаттау кезінде IAF MLA біріктірілген белгісімен (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) ағылшын тілінде сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес сәйкестік сертификаттарының нысандарын толтыру тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қолданысқа енгізілген сәттен тастап 18 ай ішінде бұрын бекітілген талаптар нысандар бойынша сәйкестік туралы декларацияны қолдануға рұқсат деп бекітілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 1-қосымша |
Өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификатының нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
KZ. (2)
1. Осы сертификат тиісті түрде сәйкестендірілген өнімнің (6) |
Міндетті түрде сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификаты қосымшасының нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
ҚСС №
Сәйкестік сертификатына қосымша
№__________________
Сәйкестік сертификаты қолданылатын нақты өнімнің тізбесі
|
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 2-қосымша |
Өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификатының нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ
1. Осы сертификат тиісті түрде сәйкестендірілген өнімнің (6) |
Ерікті сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификаты қосымшасының нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
ҚСС №
Сәйкестік сертификатына қосымша
№__________________
Сәйкестік сертификаты қолданылатын нақты өнімнің тізбесі
|
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 3-қосымша |
Өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ
1. Осы сертификат тиісті түрде сәйкестендірілген өнімнің (6) |
Өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен сәйкестік сертификаты қосымшасының нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
ҚСС №
Сәйкестік сертификатына қосымша
№__________________
Сәйкестік сертификаты қолданылатын нақты өнімнің тізбесі
|
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 4-қосымша |
Өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ
1. Осы сертификат тиісті түрде сәйкестендірілген өнімнің (6) |
Өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен сәйкестік сертификатына қосымшаның нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
ҚСС №
Сәйкестік сертификатына қосымша
№__________________
Сәйкестік сертификаты қолданылатын нақты өнімнің тізбесі
|
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 5-қосымша |
Менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
СРО (1)
KZ. (2)
СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ Мемлекеттік тізілімде
|
Менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатына қосымшаның нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ |
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі |
|
№ 203-НҚ Бұйрыққа 6-қосымша |
IAF MLA біріктірілген белгісімен менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
СРО (1)
KZ. (2)
СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫ Мемлекеттік тізілімде
|
IAF MLA біріктірілген белгісімен менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатына қосымшаның нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ |
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 7-қосымша |
Менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатының нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF TECHNICAL REGULATION ОF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
ҚСС №
KZ. (2)
CERTIFICATE OF CONFORMITY
|
Менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатына қосымша нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF TECHNICAL REGULATION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN |
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 8-қосымша |
IAF MLA біріктірілген белгісімен менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатының нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF TECHNICAL REGULATION ОF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
КСС №
KZ. (2)
CERTIFICATE OF CONFORMITY
|
IAF MLA біріктірілген белгісімен менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатына қосымшаның нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF TECHNICAL REGULATION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN |
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 9-қосымша |
Көрсетілетін қызметке арналған сәйкестік сертификатының нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
|
Көрсетілетін қызметке арналған сәйкестік сертификатына қосымшаның нысаны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ
ҚСС №
Сәйкестік сертификатына қосымша
Сәйкестік сертификатының қолданыс саласы __________________________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы) __________________________________________________________________________ (өтініш берушінің мекенжайы)
|
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 10-қосымша |
Өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификатының нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF NTCHNICAL REGULATION OF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
КСС №
KZ. (2)
CERTIFICATE OF CONFORMITY
1.This certificate certifies that properly identified products (6) |
Өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификатына қосымшаның нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF TECHNICAL REGULATION ОF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
КССА №
List of specific products, to which the action applies conformity certificate
|
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 11-қосымша |
Өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификатының нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF NTCHNICAL REGULATION OF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
|
Өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі сәйкестік сертификатына қосымшаның нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF TECHNICAL REGULATION ОF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
Head of Certification body or his authorized representative ___________ _________________(13) Signature initials, surname L.C. Еxpert – auditor ___________ _____________________(14) Signature initials, surname |
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 12-қосымша |
Өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF NTCHNICAL REGULATION OF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
|
Өнімді міндетті түрде сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен сәйкестік сертификатына қосымшаның нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF TECHNICAL REGULATION ОF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
ҚСС №
List of specific products, to which the action applies conformity certificate
|
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 13-қосымша |
Өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен сәйкестік сертификаты бланкісінің нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF NTCHNICAL REGULATION OF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
|
Өнімді ерікті сертификаттау кезіндегі IAF MLA біріктірілген белгісімен сәйкестік сертификатына қосымшаның нысаны ағылшын тілінде
STATE SYSTEM OF TECHNICAL REGULATION ОF THE REPUBLIC KAZAKHSTAN
КСС №
List of specific products, to which the action applies conformity certificate
|
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйегі № 203-НҚ Бұйрыққа 14-қосымша |
Сәйкестік сертификаттарының нысандарын толтыру тәртібі
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы сәйкестік сертификаттарының нысандарын толтыру тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде өнімдер мен көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау кезінде қолданылатын сәйкестік сертификаттарының;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау кезінде қолданылатын сәйкестік сертификаттарының;
3) сәйкестік сертификаттарына қосымшалардың нысандарын толтыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
2. Осы Тәртіптің талаптарына сәйкес дайындалған сәйкестік сертификаттарының бланктері және оларға қосымшалар қатаң есептілік құжаттары болып табылады және кемінде төрт қорғау дәрежесіне ие болуы тиіс, оның ішінде:
- позитивтік суреттердің гильошир шеңбері;
- гильошир шеңберінің периметрі бойынша орналасқан микромәтін ("СЕРТИФИКАТ" сөзі);
- жартылай мөлдір голографиялық қорғаныш элементі;
- ультракүлгін сәулесінің әсерімен флуоресценттелетін арнайы бояуды қолдана отырып, жоғары баспа тәсілімен орындалған әріптік белгіден және/немесе бланкінің реттік нөмірінен (жеті араб санынан тұратын сан) тұратын баспаханалық нөмір.
3. Сәйкестік сертификатын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серікстестігінің www.nca.kz ресми сайтында орналастырылған аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізілген сәйкестікті растау жөніндегі орган (бұдан әрі – СРО) ресімдейді.
4. Бұрын белгіленген талаптар бойынша сәйкестік сертификаттары мен оларға қосымшалардың бланкілері нысандарының айналымы 2022 жылғы 1 наурызға дейін рұқсат етіледі.
5. Сәйкестік сертификатын сертификаттау жүргізген СРО электрондық басып шығару құрылғылары арқылы мемлекеттік, орыс тілдерінде толтырады. Қажет болған жағдайда сәйкестік сертификатын ағылшын тілінде толтыруға рұқсат беріледі.
6. Сәйкестік сертификатының барлық жолдары толтырылуы тиіс.
2-тарау. Сәйкестік сертификаттарын толтыруға қойылатын талаптар
7. Міндетті және ерікті сертификаттау, соның ішінде IAF MLA біріктірілген белгісін (Халықаралық аккредиттеу форумын тану туралы көпжақты келісімнің халықаралық аккредиттеу форумы) (бұдан әрі – IAF MLA біріктірілген белгісі) қолдану кезіндегі сәйкестік сертификаты бланкісін толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1-жол – сертификат берген СРО атауы және орналасқан мекенжайы. СРО атауы қолданыстағы аккредиттеу аттестатында көрсетілген атаумен сәйкес келуі тиіс;
2-жол – СРО тіркеу нөмірлері (кодты деректемелер) (ҚР СТ 7.17 "Аккредиттеу субъектілері тізілімінің құрылымы және оны жүргізу тәртібі" ұлттық стандартына (бұдан әрі – ҚР СТ 7.17) сәйкес беріледі;
3-жол – сәйкестік сертификатын сәйкестік сертификаттарын реттеу тізілімінде тіркеу күні (күні – екі араб санымен, айы – жазбаша, жыл – араб сандарымен);
4-жол – сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі (СРО ҚР СТ 3.11 "Жүйенің мемлекеттік тізілімінің құрылымы және жүргізу тәртібі" ұлттық стандартқа (бұдан әрі – ҚР СТ 3.11) сәйкес қалыптастырады;
5-жол – сәйкестік сертификатының қолдану мерзімін СРО "Сәйкестікті растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 710 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 17758 тіркелген) Сәйкестікті растау қағидаларына сәйкес белгілейді. Күні 3 жолға ұқсас толтырылады;
6-жол – өнімнің типі, түрі, маркасы өнімге арналған стандарттау құжатына сәйкес және (немесе) дайындаушы тағайындаған шартты белгі (болған жағдайда), сондай-ақ өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өнім туралы өзге мәліметтер (болған жағдайда) көрсетіледі. Қажет болған жағдайда стандарттың, техникалық сипаттаманың немесе оған сәйкес өнім өндірілетін басқа құжаттың атауы (бар болса) көрсетіледі (импортталатын өнімдер үшін құжатқа сілтеме қажет емес). Егер сәйкестік сертификаты бір өнімге берілсе, өнімнің зауыттық нөмірі, егер партияға болса – партияның мөлшері (данада, килограммен, метрмен және т.с.с.), егер сәйкестік сертификаттың қолдану мерзімі шығарылатын өнімнің бүкіл көлеміне болса – "сериялық өндіріс" деп көрсетіледі. Өнімнің партиясы мен бір бұйым үшін өнімнің партиясын (мөлшерін) немесе бір бұйымды сәйкестендіретін тауардың ілеспе құжаттамасының деректемелері көрсетіледі;
7-жол – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өнімнің коды;
8-жол – сертификатталатын өнімді дайындаушы-кәсіпорынның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді жасау жұмыстары жүзеге асырылатын орындардың мекенжайы(-лары) (мекенжайлар әр түрлі болған жағдайда);
9-жол – нормативтік құқықтық актілердің және/немесе стандарттау құжаттарының белгілеулері немесе оларға сәйкес сертификаттау жүргізілген стандартты емес (оларды қолданған жағдайда), осы стандарттың бөлімдерінің (тармақтарының, тармақшаларының) белгілеулері;
10-жол – өтініш берушінің атауы және мекенжайы, сондай-ақ өтініш берушінің өнімді Сәйкестік белгісімен таңбалауға немесе өнімнің жекелеген партияларын алып жүруге құқысы көрсетіледі;
11-жол – СРО сәйкестік сертификатын беруіне негіз болған құжаттар, ең алдымен нөмірін, күнін, атауын және аккредиттелген зертхана аттестатының тіркелу нөмірін көрсете отырып, сынақ хаттамасы көрсетіледі. Егер зертхана Қазақстан Республикасы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде (бұдан әрі – МТРЖ) аккредиттелген болса, онда зертхананы аккредиттеген жүйені көрсетіп толықтырады. МТРЖ танылатын шетелдік сәйкестік сертификаттары болған кезде, олардың тіркеу нөмірі, күні және осы құжаттарды берген СРО көрсетіледі. Сонымен қатар өндіріс жағдайын талдау актісі (сертификаттау схемасында көзделген жағдайларда), нөмірін, күнін, менеджмент жүйесінің сертификатын берген менеджмент жүйесінің СРО атауын, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірін көрсету арқылы менеджмент жүйесінің сертификаты туралы мәлімет беріледі;
қорытындылар, анықтамалар және уәкілетті орган берген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы өзге де құжаттар. Сәйкестік туралы өтінім қолданылған кезде өтініш беруші оған қоса беретін құжаттар көрсетіледі;
12-жол – қолданылатын схема көрсетіледі, инспекциялық бақылау жүргізетін ұйым туралы ақпарат және СРО енгізу қажет деп есептейтін басқа ақпарат, мысалы, сыртқы сәйкестендіру белгілері (ыдыс, орама түрі, таңбалау және басқалары), Сәйкестік белгісі қойылған орны және басқалары көрсетіледі;
13-жол – сәйкестік сертификатын берген СРО басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолы, аты-жөні, тегі;
14-жол – сертификаттау жүргізген сарапшы-аудитордың қолы, аты-жөні, тегі.
Сертификаттың 6-8, 11-жолдарында көрсетілген ақпарат көлемі ауқымды болған жағдайда, мұндай ақпарат сертификатқа қосымшада көрсетіледі. Қосымша сәйкестік сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қажет болған жағдайда жоғарыда аталған мәліметтер міндетті және ерікті сертификаттау үшін сертификаттың бланкілерінде ағылшын тілінде, оның ішінде IAF MLA біріктірілген белгісін қолдана отырып толтырылады.
8. Менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты бланкісін, оның ішінде IAF MLA біріктірілген белгісін қолдану нысанын толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1-жол – сертификат берген СРО атауы және орналасқан мекенжайы. СРО атауы қолданыстағы аккредиттеу аттестатында көрсетілген атаумен сәйкес келуі тиіс;
2-жол – СРО тіркеу нөмірлері (кодты деректемелер) (ҚР СТ 7.17 сәйкес беріледі);
3-жол – сәйкестік сертификатын сәйкестік сертификаттарын реттеу тізілімінде тіркеу күні (күні – екі араб санымен, айы – жазбаша, жыл – араб сандарымен);
4-жол – сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі (СРО ҚР СТ 3.11 сәйкес қалыптастырады);
5-жол – сәйкестік сертификатының қолдану мерзімін СРО белгілейді. Күні 3 жолға ұқсас толтырылады;
6-жол – менеджмент жүйесінің алғашқы сертификаттау күні;
7-жол – өндірістік алаңдарды қоса алған, өтініш беруші ұйымның атауы мен мекенжайы. Өндірістік алаңдар мен олардың орналасқан орындарының қосымша тізбелерін менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатының қосымшасында көрсету қажет;
8-жол – мененджмент жүйесінің атауы;
9-жол – менеджмент жүйесінің сертификаттау саласы мен қызмет саласының тиісті кодталуы (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды) (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) 03 "Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне" ҚР ҰЖ Ұлттық жіктеуішіне сәйкес. ЭҚЖЖ кодының егжей-тегжейін менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатының қосымшасында көрсету қажет;
10-жол – оларға сәйкестікке сертификаттау жүргізілген нормативтік құқықтық актілердің және/немесе нормативтік құжаттар мен олардың тармақтарының белгінемі (қажет болған жағдайда);
11-жол – сәйкестік сертификатын берген СРО басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолы, аты-жөні, тегі;
12-жол – жергілікті жерде аудит жүргізген мененджмент жүйесінің осы түрі бойынша сарапшы-аудиторлардың бірінің қолы, аты-жөні, тегі.
Сертификаттың 9-жолында көрсетілген қызмет түрі мен көрсетілетін қызметтің типіне қатысты сертификаттау облысы бойынша ақпарат ауқымды болған кезде, мұндай ақпарат сертификаттың қосымшасында келтіріледі. Қосымша сәйкестік сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады.
Қажет болған жағдайда жоғарыда аталған мәліметтер міндетті және ерікті сертификаттау үшін сертификаттың бланкілерінде ағылшын тілінде, оның ішінде IAF MLA біріктірілген белгісін қолдана отырып толтырылады.
9. Көрсетілетін қызметке арналған сәйкестік сертификаты бланкісін толтыру кезінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1-жол - сертификат берген СРО атауы және орналасқан мекенжайы. СРО атауы қолданыстағы аккредиттеу аттестатында көрсетілген атаумен сәйкес келуі тиіс;
2-жол – СРО тіркеу нөмірлері (кодты деректемелер) (ҚР СТ 7.17 сәйкес беріледі);
3-жол – сәйкестік сертификаттарының тізілімінде сертификаттың тіркелген күні (екі араб цифрларындағы сан, ай – жазбаша, жыл – араб цифрларымен) және сертификаттың тіркеу нөмірі (ҚР СТ 3.11 сәйкес СРО қалыптастырады);
4-жол - сәйкестік сертификатының қолдану мерзімін СРО белгілейді. Күні 3 жолға ұқсас толтырылады;
5-жол – көрсетілетін қызметті орындаушының атауы және өтініш беруші ұйымның мекенжайы;
6-жол – көрсетілетін қызметтің атауы;
7-жол – 04-2008 ҚР МЖ СЭҚӨЖ Ұлттық жіктеуішіне сәйкес көрсетілетін қызмет кодының жіктеу бөлігі. Бірқатар нақты қызметтерге сертификат берілген жағдайда куәлікке тиісті кодтардың нөмірі қосылады немесе сертификаттардың қосымшасында кодтардың тізімі көрсетіледі;
8-жол – нормативтік құқықтық актілердің және/немесе стандарттау құжаттарының белгілеулері немесе оларға сәйкес сертификаттау жүргізілген стандартты емес (оларды қолданған жағдайда), осы стандарттың бөлімдерінің (тармақтарының, тармақшаларының) белгілеулері;
9-жол – сертификаттау және сәйкестік сертификатын беру кезінде қабылданған негіздер көрсетіледі: сертификаттау схемасы, орындаушының шеберлігін бағалау актісі немесе көрсетілетін қызмет нәтижесін сынау хаттамасы; көрсетілетін қызмет процесін бағалау актісі; сапа жүйесін бағалау актісі; жалпы кәсіпорынды аттестаттау актісі. Егер бар болса, жарамдылық мерзімінен менеджмент жүйесі сертификатының мемлекеттік тізіліміндегі немесе өндірістің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
10-жол – инспекциялық бақылауды жүзеге асыратын ұйым туралы ақпарат көрсетіледі;
11-жол – сәйкестік сертификатын берген СРО басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолы, аты-жөні, тегі;
12-жол – сертификаттау жүргізген сарапшы-аудитордың қолы, аты-жөні, тегі көрсетіледі.
Сертификаттың 6-жолдарында көрсетілген қызмет мен көрсетілетін қызмет типіне қатысты ақпарат көлемі ауқымды болған жағдайда, мұндай ақпарат сертификатқа қосымшада көрсетіледі. Қосымша сәйкестік сертификатының ажырамас бөлігі болып табылады.
10. Сертификатқа қосымша, қосымша бланкісінде ресімделеді және сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Қосымшаның әр беті нөмірленеді, оған сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі қойылады, СРО басшысының (уәкілетті тұлғаның) және сарапшы-аудиторының қолы, аты-жөні, тегі (болған жағдайда) қойылады. Бұл ретте сертификаттың тиісті жолдарында қосымшаға сілтеме жасалады көрсетіледі.
11. Біріктірілген IAF MLA таңбасын қолданумен менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты, егер менеджмент жүйесінің СРО аккредиттеу органымен IAF MLA біріктірілген белгісін пайдалану туралы толыққанды мүше мәртебесін және көпжақты тану туралы келісімге (MLA) қол қойғанын куәландыратын келісім болған жағдайда ғана толтырылады.
12. Сертификатқа осы бөлімде көзделмеген мәліметтерді енгізуге, сондай-ақ сөздердің аббревиатурасын (жалпы қабылданған белгілер мен қысқартулардан басқа) және кез-келген мәтінді түзетуге жол берілмейді.