"Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 576, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 962, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 11-1-2/539, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 6, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 17, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 34 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 895, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 640, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 11-1-4/262, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 55/қе және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 116 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 29 қыркүйекте № 21308 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау және оны мемлекеттік органдардың назарына жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 576, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 962, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 11-1-2/539, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 6, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 17, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 34 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрінде № 13007 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 5 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық 2020 жылдың 15 қарашасынан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
__________К. Масимов

Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
__________М. Тілеуберді

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
__________Г. Нурдаулетов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
__________Е. Тургумбаев

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________Е. Жамаубаев



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады