Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21397 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы мен 18-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қысқы дизель отынын және арктикалық дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 422 0 және 2710 19 423 0), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басталатын және аяқталатын, орны ауыстырылатын транзиттік тасымалдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына бензинді, авиациялық және дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 12 411 0 – 2710 12 590 0, 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0) теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен әкелуге 2020 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады