Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-1-4/252 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 460 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21405 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 67-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 08-1/1 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 98 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1899 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 29, 632 құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқық департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Әділет және Сыртқы істер министрліктері осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет және Сыртқы істер министрліктерінің жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев
     
      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Соты

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
20__ жылғы "__" ________
№ ______________
және
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
20__ жылғы "__" ________
№ _______________
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мекемелері арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 67-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері мен Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда құжаттарды талап ету деп (бұдан әрі – талап ету) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды сұрау салынған елдің мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан тиісті құжаттарды алып, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – Консулдық қызмет департаменті) арқылы жолдау үдерісі танылады.

      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше тәртіп белгіленсе, онда сол халықаралық шартта белгіленген тәртіп қолданылады.

      4. Қазақстан Республикасынан мынадай құжаттардың:

      1) әскери билеттердің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктердің);

      2) қызметтік куәліктердің;

      3) неке қию туралы куәліктердің, егер неке бұзылған болса;

      4) қайтыс болған адамдардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері талап етуге жатпайды.

      5. Қайтыс болуы туралы куәліктер қайтыс болғандардың туыстары, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары және ұйымдары ресми мақсаттарда (мұрагерлік іс ашу және басқа да әлеуметтік-құқықтық сипатқа ие мақсаттарда) талап етуі мүмкін.

      6. Кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың талап ету жөніндегі өтініштерін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) береді.

      7. Талап ету үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)" сәйкес консулдық алым алынады.

      Консулдық алым талап ету нәтижелеріне қарамастан алынады.

2-тарау. Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртібі

      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдау үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келесі құжаттарды:

      1) еркін нысандағы өтінішті;

      2) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша талап ету жөніндегі 3 дана сауалнаманы;

      3) өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      4) құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);

      5) заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);

      6) өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;

      7) талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда);

      8) консулдық алым төленгенін дәлелдейтін құжаттың түпнұсқасын тапсырады.

      9. Егер:

      1) құжаттарды талап ету мәселесімен құжаттарды алуға құқығы жоқ тұлға жүгінсе;

      2) өтініш беруші сауалнамада қарастыруға қажетті мәліметті ұсынбаса;

      3) өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаса, құжаттарды талап ету туралы сұрау салуды жолдаудан бас тартылады.

      10. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі құжаттардың осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес келуін тексергеннен кейін сұрау салуды қоса берілетін құжаттармен бірге (2 дана сауалнама, консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қалған құжаттар) Консулдық қызмет департаменті арқылы он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жібереді.

      11. Консулдық қызмет департаменті он бес күнтізбелік күн ішінде келіп түскен сұрау салуды қоса берілген құжаттармен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жібереді.

      12. Талап ету жөніндегі сұрау салуларды Қазақстан Республикасының мына мемлекеттік органдары мен ұйымдары:

      1) азаматтық хал актілерді тіркеу туралы құжаттарды талап ету бойынша – азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері (тіркеуші органдар);

      2) әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету бойынша:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтерінде, ақпарат пен құқықтық статистика орталықтарында мемлекеттік сақталуда жатқан құжаттар бойынша (еңбек өтілі, жалақы, зейнетақы, мемлекеттік және ведомстволық марапаттар, негізсіз қуғын-сүргінге ұшырау фактілері, азаматтарды депортациялау және олардың мүліктерінің тәркіленуі, әскери қызметі, еңбек армиясына қатысы, сот актілері және анықтамалар туралы) – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе талап етілетін құжаттар сақталуында жатқан басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар;

      3) білім, ғылыми дәреже беру, ғылыми атақ беру және біліктілікті арттыру туралы құжаттарды талап ету бойынша – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

      4) саяси оқиғалардың, әскери қимылдардың немесе табиғат апаттарының салдарынан байланыс үзілген, оның ішінде бұрынғы әскери тұтқындар мен еркінен айырылғандар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың жақын туыстарын іздестіру туралы мәліметтерге, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында және одан тыс жерлерде әскери іс-қимыл кезеңдерінде жерленген жауынгерлер мен азаматтық тұлғалардың қабірлерінің сақталғандығы туралы анықтама жүргізуге қатысты құжаттарды талап ету бойынша – Қазақстан Республикасының "Қызыл Ай Қоғамы" қоғамдық бірлестігі;

      5) Емделуде болғаны, кәсіптік аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәліметтерге қатысты құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.

      13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары он бес күнтізбелік күн ішінде сұрау салуларды қарастыру нәтижелері бойынша Консулдық қызмет департаменті арқылы сұрау салған Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне талап етілген құжатты жібереді немесе сұрау салуды қанағаттандырудың мүмкін еместігінің себептері туралы не қосымша тексеру қажеттігі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      14. Консулдық қызмет департаменті он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан келіп түскен жауапты қосымша құжаттарымен бірге Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жолдайды.

      15. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Консулдық қызмет департаментінен жауапты алғаннан кейін он бес күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге талап етілген құжатты немесе сұрау салуды қанағаттандырудың мүмкін еместігінің себептері туралы не қосымша тексеру қажеттігі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      16. Талап ету мерзімі өтініш берушінің Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне құжаттарды тапсырған күнінен бастап есептеледі және төрт айдан аспайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары қосымша тексеруді, сондай-ақ пошта арқылы құжаттарды жіберу ұзақ уақыт қажет ететін жағдайда, талап ету мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады және бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.

3-тарау. Шет елдерден құжаттарды талап ету тәртібі

      17. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары құжаттарды шет елдерден талап ету туралы сұрау салуды жолдау үшін Консулдық қызмет департаменті арқылы Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келесі құжаттарды:

      1) осы Қағидалардың қосымшасындағы нысан бойынша талап ету жөніндегі 3 дана сауалнаманы;

      2) өтініш берушінің, заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) құжаты талап етіліп отырған тұлғамен өтініш берушінің туыстық қатынасын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін (қажет болған жағдайда);

      4) заңды өкілдің немесе сенімді тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың түпнұсқасын (құжатты талап етуге өкілеттігі бар тұлға болған жағдайда);

      5) өтініш берушінің немесе заңды өкілдің, сенімді тұлғаның дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімін;

      6) талап етілетін құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда) жолдайды.

      18. Консулдық қызмет департаменті келіп түскен талап ету жөніндегі сұрау салуды он бес күнтізбелік күн ішінде тиісті Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жолдайды.

      19. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Консулдық қызмет департаментінен сұрау салу келіп түскен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде құжаттарды талап ету мәселесі бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарына жолданады және бұл туралы Консулдық қызмет департаментіне бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      20. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан жауаптың келіп түсу нәтижесі бойынша он бес күнтізбелік күн ішінде Консулдық қызмет департаменті арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына талап етілген құжатты қосымшасымен немесе сұрау салуды қанағаттандыру мүмкін еместігінің себебі көрсетілген немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен сұрау салуды қарастыруға қосымша мерзімнің қажеттігі туралы жазбаша жауап жолдайды.

      21. Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінен келіп түскен жауапты қосымша құжаттарымен бірге он бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына жолдайды.

      22. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының шет елдердегі мекемелерінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді бұрын алған Қазақстан Республикасы азаматтарының осындай қайталама куәліктерін Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мекемесі арқылы талап етеді.

      23. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатылмаған мемлекеттерден құжаттарды талап ету сол елдерді Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік ететін шет мемлекеттердің мекемелері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің болу елінің аумағында орналасқан сол елдердің мекемелері арқылы жүзеге асырылады.

      24. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттерден талап етіп алынған ресми құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
мекемелері арқылы
Қазақстан Республикасы
азаматтарының, шетелдік
азаматтар мен азаматтығы жоқ
тұлғалардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз
етуге қатысты құжаттарды талап
ету қағидаларына
қосымша

Құжаттарды талап ету жөніндегі сауалнама

Сұрақтар

Жауаптар

Құжаттары талап етілетін адамдарға қатысты көрсетілетін мәліметтер

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Ескертпе:
мәліметтерді мемлекеттік немесе орыс және шетел тілінде көрсетіңіз;
тегіңізді ауыстырған болсаңыз олардың бәрін көрсетіңіз


2. Туған күні, айы, жылы және туған жері
Ескертпе:
ауыл, қала, аудан, облыс, егер шет елде туылған жағдайда сол елді көрсетіңіз


3. Жынысы


4. Азаматтығы
Ескертпе:
егер ауыстырған болсаңыз барлық бұрынғы азаматтықтарыңызды көрсетіңіз


5. Ұлты


6. Қандай құжат талап етіледі:
Ескертпе:
егер азаматтық хал актілерін тіркеу туралы құжат талап етілсе, оның нақты жерін және уақытын, сондай-ақ туу туралы құжат талап етілсе, ата-анасының аты-жөнін, әкесінің атын (бар болған жағдайда) көрсетіңіз;
егер білім туралы құжат талап етілсе, оқу орынның атауын және мекенжайын, оқуға түсу және бітіру күнін, құжаттың нөмірін және сериясын көрсетіңіз;
егер еңбек өтілі туралы құжат талап етілсе, мекеменің атауын, мекенжайын, жұмыс мерзімін және лауазымын көрсетіңіз;
егер шет елде бекітілген зейнетақы туралы құжат талап етілсе, сол зейнетақы қашан, не үшін және қандай ұйым бекіткенін, сондай-ақ соңғы рет зейнетақыны қандай ұйым және қашан төлегені туралы мәліметті көрсетіңіз;
кәсіпорынның, мекеменің және оқу орынның атауын мүмкіндігінше шет тілінде көрсетіңіз.


7. Құжатты талап етудің мақсаты


8. Тұрғылықты мекенжайы


Басқа адамның құжаттары талап етілген жағдайда өтініш берушіге қатысты мәліметтер

9. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


10. Туған күні, айы, жылы және туған жері


11. Азаматтығы


12. Талап етілетін құжаттың иесіне туыстық қатынасы


13. Тұрғылықты мекенжайы


      Толтыру күні:______________                   ________________________________

                                                      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Правил истребования документов, касающихся обеспечения прав и законных интересов граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства, через учреждения Министерства иностранных дел Республики Казахстан

Совместный приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 11 сентября 2020 года № 11-1-4/252 и Министра юстиции Республики Казахстан от 6 октября 2020 года № 460. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 октября 2020 года № 21405.

      В соответствии с пунктом 67 Консульского устава Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 25 апреля 2016 года № 240, ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила истребования документов, касающихся обеспечения прав и законных интересов граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства, через учреждения Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

      2. Признать утратившим силу совместный приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 22 мая 2002 года № 08-1/1 и Министра юстиции Республики Казахстан от 28 июня 2002 года № 98 "Об утверждении Правил истребования документов, касающихся обеспечения прав и законных интересов граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства через учреждения Министерства иностранных дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1899, опубликован в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2002 год, № 29, ст.632).

      3. Департаменту консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Правовой департамент Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений о выполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 1) настоящего пункта.

      4. Министерствам юстиции, иностранных дел Республики Казахстан обеспечить размещение настоящего совместного приказа на официальных интернет-ресурсах государственных органов.

      5. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих заместителей министров юстиции и иностранных дел Республики Казахстан.

      6. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
__________ М. Бекетаев
      Министр иностранных дел
Республики Казахстан
__________ М. Тілеуберді

      "СОГЛАСОВАН"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и социальной защиты
населения Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Верховный Суд
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Утверждены
совместным приказом
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 6 октября 2020 года № 460
и Министра иностранных дел
Республики Казахстан
от 11 сентября 2020 года
№ 11-1-4/252

Правила истребования документов, касающихся обеспечения прав и законных интересов граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства, через учреждения Министерства иностранных дел Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила истребования документов, касающихся обеспечения прав и законных интересов граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства, через учреждения Министерства иностранных дел Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 67 Консульского устава Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 25 апреля 2016 года № 240, и устанавливают порядок истребования документов, касающихся обеспечения прав и законных интересов граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства, через загранучреждения и Министерство иностранных дел Республики Казахстан.

      2. В настоящих Правилах под истребованием документов (далее – истребование) понимается процесс получения соответствующих документов, касающихся обеспечения прав и законных интересов граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства, из государственных органов и организаций запрашиваемой страны путем пересылки через загранучреждение Республики Казахстан и Департамент консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан (далее – Департамент консульской службы).

      3. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлен иной порядок, чем тот, который содержится в настоящих Правилах, то применяется порядок, изложенный в указанном международном договоре.

      4. Не подлежат истребованию из Республики Казахстан подлинники и копии следующих документов:

      1) военные билеты (удостоверения о приписке к призывному участку);

      2) служебные удостоверения;

      3) свидетельства о заключении брака, если брак расторгнут;

      4) свидетельства о рождении умерших лиц.

      5. Свидетельства о смерти могут быть истребованы родственниками умерших, государственными органами и организациями иностранных государств в официальных целях (открытие наследственного дела и иные цели социально-правового характера).

      6. Заявления об истребовании в отношении несовершеннолетних лиц, а также лиц, признанных судом недееспособными, подаются их законными представителями (родителями, опекунами, попечителями).

      7. За истребование документа из Республики Казахстан взимается консульский сбор в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)".

      Консульский сбор взимается независимо от результатов истребования.

Глава 2. Порядок истребования документов из Республики Казахстан

      8. Для оформления запроса об истребовании документов из государственных органов и организаций Республики Казахстан граждане Республики Казахстан, иностранные граждане и лица без гражданства подают в загранучреждение Республики Казахстан следующие документы:

      1) заявление (в произвольной форме);

      2) три экземпляра анкеты по истребованию документов по форме, согласно приложению к настоящим Правилам;

      3) копия документа, удостоверяющего личность заявителя, законного представителя либо доверенного лица;

      4) копия документа, подтверждающего родственные отношения заявителя с лицом, в отношении которого истребуются документы (в случае необходимости);

      5) оригинал документа, подтверждающего полномочия законного представителя либо доверенного лица (в случае истребования документов представителем лица, имеющего право на их получение);

      6) согласие заявителя или его законного представителя либо доверенного лица на сбор и обработку персональных данных (в произвольной форме);

      7) копия истребуемого документа (при наличии);

      8) оригинал документа, подтверждающего уплату консульского сбора.

      9. В оформлении запроса об истребовании документов отказывается, если:

      1) по вопросу истребования документов обратилось лицо, не имеющее права на получение таких документов;

      2) заявитель не указал в анкете информацию, необходимую для рассмотрения запроса;

      3) заявитель не предоставил документы, предусмотренные пунктом 8 настоящих Правил.

      10. Загранучреждение Республики Казахстан в течение пятнадцати календарных дней после проверки документов на соответствие пункту 8 настоящих Правил направляет запрос об истребовании документов с прилагаемыми документами (2 экземпляра анкеты, копия документа, подтверждающего уплату консульского сбора и остальные документы, указанные в пункте 8 настоящих Правил) в государственные органы и организации Республики Казахстан через Департамент консульской службы.

      11. Департамент консульской службы в течение пятнадцати календарных дней пересылает поступивший запрос в государственные органы и организации Республики Казахстан вместе с прилагаемыми документами.

      12. Исполнение запросов по истребованию осуществляют следующие государственные органы и организации Республики Казахстан:

      1) по истребованию документов о регистрации актов гражданского состояния – отделы регистрации актов гражданского состояния (регистрирующие органы);

      2) по истребованию документов социально-правового характера:

      по вопросам, входящим в компетенцию Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан – Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;

      по документам, находящимся на государственном хранении в государственных и специальных государственных архивах, центрах информации и правовой статистики Республики Казахстан (о трудовом стаже, заработной плате, пенсии, государственных и ведомственных наградах, фактах необоснованных репрессий, депортации граждан и конфискации их имущества, военной службе, участии в трудовой армии, судебных актах и справках) – Министерство культуры и спорта Республики Казахстан, Департамент по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Министерство обороны Республики Казахстан, Комитет по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры Республики Казахстан, Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" либо иные государственные органы и организации, на хранении которых находятся истребуемые документы;

      3) по истребованию документов об образовании, присуждении ученой степени, присвоении научного звания и повышении квалификации – Министерство образования и науки Республики Казахстан;

      4) по истребованию документов, имеющих сведения о розыске близких родственников граждан Республики Казахстан, иностранных граждан и лиц без гражданства на территории Республики Казахстан и за границей, связь с которыми прервана вследствие политических событий, военных действий или стихийных бедствий, в том числе бывших военнопленных и интернированных, а также по наведению справок о сохранности могил воинов и гражданских лиц, захороненных в периоды военных действий на территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик и за его пределами – Общественное объединение "Общество Красного Полумесяца Республики Казахстан";

      5) по истребованию документов, имеющих сведения о нахождении на лечении, профзаболеваниях и несчастных случаях – Министерство здравоохранения Республики Казахстан и Министерство культуры и спорта Республики Казахстан.

      13. Государственные органы и организации Республики Казахстан по результатам рассмотрения запросов в течение пятнадцати календарных дней направляют через Департамент консульской службы в загранучреждение Республики Казахстан истребуемый документ либо письменно информируют соответствующее загранучреждение Республики Казахстан о причинах невозможности удовлетворения запроса либо о необходимости дополнительной проверки.

      14. Департамент консульской службы в течение пятнадцати календарных дней пересылает поступивший ответ государственного органа и организаций Республики Казахстан в загранучреждение Республики Казахстан вместе с прилагаемыми документами.

      15. Загранучреждение Республики Казахстан после получения ответа из Департамента консульской службы в течение пятнадцати календарных дней предоставляет заявителю истребуемый документ либо письменно информирует заявителя о причинах невозможности удовлетворения запроса либо о необходимости дополнительной проверки.

      16. Срок истребования исчисляется со дня подачи заявителем документов в загранучреждение Республики Казахстан и не превышает четырех месяцев. В случае необходимости дополнительной проверки государственными органами и организациями Республики Казахстан, а также пересылки документов по почте, требующей длительного времени, срок истребования продлевается не более чем на тридцать календарных дней, о чем сообщается заявителю.

Глава 3. Порядок истребования документов из-за границы

      17. Для оформления запроса об истребовании документов из-за границы государственные органы и организации Республики Казахстан подают через Департамент консульской службы в загранучреждение Республики Казахстан следующие документы:

      1) три экземпляра анкеты по истребованию документов по форме, согласно приложению к настоящим Правилам;

      2) копия документа, удостоверяющего личность заявителя, законного представителя либо доверенного лица;

      3) копия документа, подтверждающего родственные отношения заявителя с лицом, в отношении которого истребуются документы (в случае необходимости);

      4) оригинал документа, подтверждающего полномочия (в случае истребования документов представителем лица, имеющего право на их получение);

      5) согласия заявителя или его законного представителя либо доверенного лица на сбор и обработку персональных данных;

      6) копия истребуемого документа (при наличии).

      18. Департамент консульской службы в течение пятнадцати календарных дней пересылает поступивший запрос об истребовании в соответствующее загранучреждение Республики Казахстан.

      19. Загранучреждение Республики Казахстан в течение пятнадцати календарных дней со дня поступления запроса из Департамента консульской службы обращается по вопросам истребования документов в компетентные органы иностранных государств, о чем сообщает Департаменту консульской службы в течение пяти рабочих дней.

      20. По результатам получения ответа от компетентных органов иностранных государств загранучреждение Республики Казахстан в течение пятнадцати календарных дней направляет через Департамент консульской службы в государственный орган и организацию Республики Казахстан письменный ответ с приложением истребуемого документа либо с указанием причин невозможности удовлетворения запроса либо необходимости дополнительного срока для рассмотрения запроса компетентными органами иностранных государств.

      21. Департамент консульской службы в течение пятнадцати календарных дней пересылает поступивший ответ загранучреждения Республики Казахстан в государственный орган и организацию Республики Казахстан вместе с прилагаемыми документами.

      22. Повторные свидетельства о регистрации актов гражданского состояния граждан Республики Казахстан, получивших ранее такие свидетельства в консульских учреждениях бывшего Союза Советских Социалистических Республик, истребуются Департаментом консульской службы через загранучреждение Республики Казахстан в Российской Федерации.

      23. Истребование документов из стран, с которыми Республика Казахстан не имеет дипломатических отношений, осуществляется через загранучреждения иностранных государств, представляющих данные страны на территории Республики Казахстан либо загранучреждения данных стран, находящиеся на территории государства пребывания загранучреждений Республики Казахстан.

      24. Легализация либо апостилирование истребованных официальных документов из иностранных государств осуществляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, если иное не предусмотрено международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан.

  Приложение
к Правилам истребования
документов, касающихся
обеспечения прав и законных
интересов граждан
Республики Казахстан,
иностранных граждан
и лиц без гражданства, через
учреждения
Министерства иностранных дел
Республики Казахстан

Анкета по истребованию документов

Вопросы

Ответы

Сведения, указываемые в отношении лиц, чей документ истребуется

1. Фамилия, имя, отчество (при наличии)
Примечание:
укажите сведения на государственном либо на русском и на иностранном языке;
укажите также все предыдущие фамилии в случае их изменения


2. Число, месяц, год и место рождения
Примечание:
село, город, район, область, если родились за границей, укажите страну


3. Пол


4. Гражданство
Примечание:
укажите также все предыдущие гражданства в случае изменения


5. Национальность


6. Какой документ истребуется:
Примечание:
если истребуется документ о регистрации акта гражданского состояния, то укажите точное место и время регистрации, а также фамилию, имя и отчество (при наличии) родителей при истребовании документа о рождении;
если истребуется документ об образовании, то укажите название и адрес учебного заведения, дату поступления и окончания, серию и номер истребуемого документа;
если истребуется документ о стаже работы, то укажите название, адрес учреждения, период работы и должность; если истребуется документ о пенсии, назначенной за границей, то укажите, когда, за что и какая организация назначала пенсию, какая организация и когда выплатила пенсию в последний раз;
название предприятия, учреждения и учебного заведения по возможности указать и на иностранном языке.


7. Цель истребования документа


8. Адрес местожительства


Сведения, указываемые в отношении заявителя в случае истребования документов иного лица

9. Фамилия, имя, отчество (при наличии)


10. Число, месяц, год и место рождения


11. Гражданство


12. Родственные отношения к лицу, чей документ истребуется


13. Адрес местожительства


      Дата заполнения: ______________ ________________________________________
(Ф.И.О (при наличии), подпись)