Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 08-1/1, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 98 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 28 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1899. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-1-4/252 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 460 бірлескен бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 11.09.2020 № 11-1-4/252 және ҚР Әділет министрінің 06.10.2020 № 460 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 24 наурыздағы N 229 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасынан шет елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке бастық құжаттарын әкету, салып жiберу және талап ету тәртiбi туралы Уақытша Ережесiнiң 6 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ :

      1. Қоса берiлiп отырған, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесiн бекiтiлсiн.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының


Мемлекеттік хатшысы -


Сыртқы істер министрі


Қазақстан Республикасының


Әділет министрі



      Келісілген:

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрі Білім және ғылым министрі

      2002 жылғы 16 мамыр 2002 жылғы 12 мамыр

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты Денсаулық сақтау министрі

      әлеуметтік қорғау министрі 2002 жылғы 2 мамыр

      2002 жылғы 22 сәуір

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы

      Бас прокуроры Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2002 жылғы 21 наурыз төрағасы

      2002 жылғы 2 наурыз

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет, ақпарат және

      қоғамдық келісім министрі

      2002 жылғы 27 сәуір

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 08-1/1 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2002 жылғы 28 маусымдағы
N 98 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің
мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының,
шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге
қатысты құжаттарды талап ету
Ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 наурыздағы N 229 "Қазақстан Республикасынан шет елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке бастық құжаттарын әкету, салып жiберу және талап ету тәртiбi туралы" қаулысының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрленген және Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi, консулдық мекемелерi мен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Ережелер азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн әдiлет, прокуратура, сот органдары, әлеуметтiк қамтамасыз ету және денсаулық сақтау туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi, сондай-ақ өзiнiң құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет), Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест Қазақ қоғамы сияқты Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мекемелерiне соқпай-ақ тiкелей анықтама жүргiзу мен құжаттар талап ету тәртiбiн жүзеге асыра алатын тұлғаларға қатысты емес және оны өзгертпейдi.

      3. Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкілдіктерiнен, консулдық мекемелерiнен келiп түсiп жататын сұрау салуларды, Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету және Қазақстан Республикасында анықтама жүргiзудi орындау Консулдық қызмет департаментi арқылы:

      1) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi талап ету бойынша - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларының АХАТ бөлiмдерi, сондай-ақ Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет;

      2) Әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы (еңбек стаждары, жалақылары, зейнетақылары, бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерi, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттаулары, негiзсiз қуғын-сүргiнге ұшырау фактiлерi, азаматтардың және олардың мүлiктерiнiң тәркiленуi, әскери қызметi, еңбек армиясына қатысқаны туралы) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және арнайы мемлекеттiк мұрағаттарында, ақпарат пен құқықтық статистика орталықтарында жатқан құжаттар бойынша мәлiметтер талап етудi Мәдениет, ақпарат және келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика мен ақпарат орталығы (Департаментi);

      3) Ұйымдарда ведомстволық сақтауда жатқан құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi талап ету бойынша - тиiстi мемлекеттiк органдар мен олардың жүйесiндегi мекемелер;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң құзыретiне кiретiн құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;

      5) Бiлiмi туралы құжаттарды, сондай-ақ жоғары бiлiм деңгейiн растайтын құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi;

      6) Саяси оқиғалардың, әскери қимылдардың немесе табиғат апаттарының салдарынан олармен байланыс үзiлген, оның iшiнде бұрынғы әскери тұтқындар мен еркiнен айырылғандар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың жақын туыстарын iздестiру бойынша, сондай-ақ бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы аумағында және одан тыс жерлерде әскери iс-қимыл кезеңдерiнде жерленген жауынгерлер мен азаматтық тұлғалар қабiрлерiнiң сақталғандығы туралы анықтама жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест қазақ қоғамы;

      7) Емделуде болғаны, кәсiби аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәлiметтердi талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет жүзеге асырады.

      Мәлiметтер (мұрағаттық анықтамалар) азаматтарға олардың өздерi туралы және олардың асырауындағы немесе олардың қамқорлығындағы адамдар туралы берiлуi мүмкiн.

      4. Әскери билеттер және қызметтiк жеке куәлiктердің түпнұсқалары мен көшiрмелерi шет елдерге жiберу, немесе әкету талап етуге жатпайды.

      Шет елге тұрақты тұруға кетер кезде аталған құжаттар соңғы жұмыс орны (қызметi) бойынша тиiстi мекемелер мен ұйымдарға, кететiн азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алатын мекемелерге өткiзедi.

      5. Құжаттарды талап ету туралы өтiнiштi беру кезiнде белгiленген тәртiпте талап етiлген консулдық алым төленедi.

      Консулдық алым талап ету нәтижелерiне қатыссыз өндiрiлiп алынады.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелiк билеттерiн талап ету тәртiбiн осы бiрлестiктер белгiлейдi.

2. Шет елдерден құжаттарды талап ету тәртiбi

      7. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдары, Қазақстан Республикасының азаматтарының, шет елдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды өтiнiшiн беру жолымен, егер ол осы Ережелердiң 2 тармағының қолданысына жатпайтын болса, шет елдерден Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап етедi.

      8. Шет елдерден құжаттарды талап ету туралы өтiнiштердi ресiмдеу кезiнде мүдделi тұлғалар, мекемелер мен ұйымдар әр құжатқа белгiленген үлгiдегi сауалнамаларды 3 дана бойынша (Қосымша) Сыртқы iстер министрлiгiне ұсынады.

      9. Сыртқы iстер министрлiгi мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде толтырылған сауалнаманың екi данадағы қосымшасымен құжаттарды талап ету туралы сұрауды Қазақстан Республикасының шет елдердегi тиiстi дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерiне жiбередi. Сауалнамаға талап етiлетiн құжаттар туралы қосымша мәлiметтер мазмұндалған барлық материалдар қоса берiледi. Yшiншi данасы Сыртқы iстер министрлiгiнде бақылауда қалады.

      10. Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi, егер ол қажет болған жағдайда құжаттарды талап ету және оларды ресмилендiру мәселелерi бойынша болу елдерiнiң тиiстi органдарына сұрау салады және Сыртқы iстер министрлiгiнiң сұрауларын жеделдетiп орындауға барлық қажеттi шаралар қабылдайды.

      11. Болу елдерiнiң органдарынан алынған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте заңдастырылады. Олардың сұрауларына терiс жауап алған жағдайда Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi бұл туралы Сыртқы iстер министрлiгiн хабардар етедi.

      12. Сыртқы iстер министрлiгi шет елдерде орналасқан Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнен алынған құжаттарды арыз берушiлерге жiбередi немесе егер құжаттар сол елдiң органдарынан алынбаған болса, оларға терiс жауаптарды хабарлайды.

      13. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатпаған және оның мүдделерi басқа мемлекеттер арқылы көрсетiлмеген елдерде құжаттарды талап ету iргелес жатқан мемлекеттердiң бiрiнде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасынан құжаттарды
талап ету тәртiбi

      14. Шет елдерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар олардың тұрақты мекенi немесе азаматтығы бар елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерiне өтiнiш беру жолымен Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап етедi.

      15. Шет елдерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерi мен консулдық мекемелерiне келiп түскен құжаттарды талап ету туралы өтiнiштер дипломатиялық поштамен Сыртқы iстер министрлiгiне жiберiледi. Сонымен бiрге талап етiлген әрбiр құжатқа үш данадан белгiленген үлгiдегi сауалнама қоса берiлуi керек. Сауалнаманың көшiрме нұсқасы шетелдiк мекемелердiң iс қағаздарында қалады.

      16. Талап ету жөнiндегi жеке тұлғалардың мынадай өтiнiштерi қанағаттандырылуға жатпайды:

      1) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiгi, егер олар арызданушыға емес, басқа тұлғаларға ресiмделсе;

      2) Егер неке бұзылған болса, неке құру туралы куәлiгi (тиiстi анықтама берілуi мүмкiн);

      3) қайтыс болғандардың туу туралы куәлiгi.

      Қайтыс болғаны туралы куәлiктердi марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсаттарда талап ете алады.

      16 жасқа дейiнгi балаларға туу туралы куәлiктердi әке-шешелерi, асырап алушылары, қамқоршылары мен кәмелетке толмағандарды тәрбиелейтiн балалар мекемелерiнiң әкiмшiлiктерi талап ете алады.

      17. Бұрынғы Советтiк Социалистiк Республикалар Одағының консулдық мекемелерiнде бұрын осындай куәлiктер алған Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктерiн Сыртқы iстер министрлiгi Ресей Федерациясының дипломатиялық өкілдiктерi немесе консулдық мекемелерi арқылы талап етедi.

      18. Шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерi мен консулдық қызметтерiнiң, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық қызметтерiнiң сұрауларын орындай отырып, Сыртқы iстер министрлiгi әрбiр талап етiлген құжаттарға арналған белгiленген үлгiдегi сауалнаманың екi данасын АХАЖ органдарына, мұрағаттық мекемелерге және тиiстi ұйымдарға жiбередi.

      19. Олардың құзырына жататын қазақстандық мекемелер мен мемлекеттiк мұрағаттарға тiкелей келiп түскен Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арыздары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес орындалады.

      20. Шетел мемлекеттерiнiң ресми құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте заңдастырылады.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi тiкелей Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiнде келiп түскен шетелдiк ресми құжаттарын заңдастыру талабын жоятын Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын елдердiң құжаттарын заңдастырады және оларды белгiленген тәртiппен арызданушыларға бередi.

      Шетелге әкетуге немесе жiберуге арналған жеке құжаттардың түпнұсқалары немесе мемлекеттiк нотариалды кеңселерi куәландырған көшiрме нұсқалары (онда заңдастыру талап етiлетiн елдер үшiн) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде заңдастырылады.

  Қосымша

      Құжаттарды талап ету жөнiндегi

      САУАЛНАМА

      Әр құжат жеке-жеке 3 данада толтырылады.

      Сұрақтарға жауаптарды қол жазуымен немесе баспа әрпiмен

      түсiнiктi жазып, толық және нақты беру керек

      ____________________________________________________________________ СҰРАҚТАР ЖАУАПТАР

      ____________________________________________________________________

      1. Құжаты талап етілетiн тұлғаның фамилиясы,

      аты-жөнi, әкесiнiң аты (Шет елдерде

      мемлекеттiк немесе орыс және шет тiлiнде

      фамилиясы қалай жазылғанын көрсетiңiз,

      егер фамилиясы өзгерген болса, онда

      барлығын көрсетіңiз)

      2. Аталған тұлғаның туған жерiн, жылын,

      айын, күнiн (Облысын, ауданын,

      қаласын, ауылын, қыстағын көрсетіңіз)

      3. Жынысы

      4. Аталған тұлғаның азаматтығы (егер

      азаматтығы өзгерген болса, онда

      барлығын көрсетіңіз)

      5. Ұлты

      6. Қандай құжаттар талап етiледi:

      а) егер туу, неке, ажырасқаны, қайтыс

      болғаны туралы және с.с. құжат талап

      етiлсе, онда туылғаны, некесi,

      ажырасқаны, қайтыс болғаны және с.с.

      тiркелген нақты орны мен уақытын,

      сондай-ақ туу туралы құжат талап ету

      кезiнде ата-анасының фамилиясын,

      аты-жөнiн, әкесiнiң атын көрсетiңiз

      б) егер бiлiмi туралы құжат талап етiлсе,

      онда оқу орнының аты мен мекен-жайын,

      түскен және оны бiтiрген күнiңiздi,

      сұратып алдыру құжатының сериясы мен

      номерiн көрсетіңіз;

      в) егер жұмыс стажы туралы құжат талап

      етiлсе, онда оқу кәсiпорны мен

      мекемесiнiң атауын және мекен-жайын;

      жұмыс уақыты мен кiм болып iстегеніңіздi

      көрсетiңiз; Егер жеке тұлғалардың

      қарамағында жұмыс iстеген болсаңыз,

      онда жұмыс берушінiң фамилиясын,

      аты-жөнiн, әкесiнiң атын және мекен-жайын

      көрсетіңіз;

      г) егер шет елдерде тағайындалған зейнетақы

      туралы құжат талап етiлсе, онда қашан,

      не үшiн және қандай мекеме зейнетақы

      тағайындағанын; қандай мекеме және

      қашан соңғы рет зейнетақы төлегенiн

      көрсетiңiз.

      ЕСКЕРТУ: кәсiпорындардың, мекемелердiң

      және оқу орындардың атауын мүмкіндігінше

      шет тілінде бергенiңiз жөн.

      7. Құжат қандай мақсат үшін талап етіледі

      8. Құжаты талап етiлетiн тұлғаның тұрған

      жерінiң нақты мекен-жайын көрсетiңiз

      ____________________________________________________________________

      Егер сiздiкі емес басқа бiреудiң жеке құжаты талап етiлсе,

      онда сонымен қатар мынадай келесi - сұрақтарға жауап берiңiз:

      ____________________________________________________________________

      9. Сiздiң фамилияңыз, аты-жөнiңiз және әкеңiздiң аты

      10. Сiздiң туған жерiңiз бен туған жылыңыз

      11. Сiздiң азаматтығыңыз

      12. Құжаты талап етiлiп отырған тұлғаға сiздiң туыстық

      қатынасыңыз

      13. Сiздiң тұратын жерiңiздiң мекен-жайы

      ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады