Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 98 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 қазанда № 21424 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы үшін қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы "___" "_____________"

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 98 қаулысымен
бекітілді

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы үшін қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы үшін қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) және "Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 252 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12999 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңда және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көрсетілген мәндерде қолданылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ қор биржасы дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      2) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – қор биржасы КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (өнімдерге/көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      3) клиент – қор биржасының қызметін алатын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым;

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ тәуекелдері) – қор биржасын, сондай-ақ оның мүшелерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

      5) цифрлық актив – қаржы құралы болып табылмайтын, криптография және компьютерлік есептеулер құралдарын қолдана отырып, электрондық-цифрлық нысанда жасалған мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны;

      6) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      7) іскерлік қатынастар – қор биржасының оның кәсіби қызметі шеңберінде қызметтерді ұсынуы жөніндегі қатынастар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) қарсы іс-қимыл мақсатында қор биржасы ішкі бақылауды:

      1) қор биржасының КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) қор биржасының ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) қор биржасын, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қор биржасының басқару органында немесе атқарушы органында КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде қор биржасының ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидалары әзірленеді және қабылданады.

      Қор биржасы Ішкі бақылау қағидаларын қор биржасының көрсетілетін қызметтерінің КЖ/ТҚҚ тәуекелдеріне ұшырауы деңгейін, қор биржасының көлемін, сипатын және күрделілігін бағалау нәтижелерін ескере отырып, орындайды.

      Ішкі бақылау қағидаларында КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалар қамтылады, қор биржасы оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және қор биржасының ішкі құжаты не қор биржасының басқару органы немесе атқарушы органдары бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен қор биржасында қор биржасының басшы қызметкерлерінің немесе қор биржасының тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы деңгейінен төмен емес қор биржасының өзге басшыларының арасынан ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты тұлға (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес, оның жоғары білімі, биржалық және (немесе) банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қор биржасының бөлімшесі басшысының лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі не КЖ/ТҚҚ саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі не қаржылық қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі және мінсіз іскерлік беделі бар, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚҚ мәселелері кіретін қор биржасының қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібі;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) нысаналы қаржы санкцияларын қолдану және клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуын тексеру тәртібі;

      3) Тізбеден мен ЖҚҚТҚ тізбесінен клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді алып тастаған кезде нысаналы қаржы санкцияларын қолдануды тоқтату тәртібі;

      4) қор биржасы қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің, қор биржасының басқару органының және (немесе) атқарушы органының өздеріне белгілі болған, қор биржасының қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      5) қор биржасының ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқару есептілігін дайындау және қор биржасының басқару органына және (немесе) атқарушы органына ұсыну тәртібі;

      6) КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес КЖ/ТҚҚ бойынша жауапты қызметкер мен бөлімшенің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қор биржасында әзірленген және қор биржасының атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың) болуын, сондай-ақ қор биржасында олардың сақталуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды және олардың ұсынылуына бақылауды ұйымдастыру;

      3) анықталған клиенттер және нысаналы қаржы санкцияларын қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы қор биржасының басқару органын және (немесе) атқарушы органын хабардар ету;

      4) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарламаларды жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      5) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуін тоқтата тұру не бас тарту туралы шешімдер қабылдау;

      6) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін қор биржасының басқару органына және (немесе) атқарушы органына сұрау салулар жіберу;

      7) қор биржасының басқару органын және (немесе) атқарушы органын қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы хабардар ету;

      8) қор биржасының басқару органына және (немесе) атқарушы органына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылатын шаралар туралы ақпарат дайындау.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Жүктелген функцияларды орындау үшін жауапты қызметкерге, төмендегілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, мынадай өкілеттіктер беріледі:

      1) өз функцияларын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте және қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қор биржасының барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға рұқсат алу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

      3) қор биржасы бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету.

      9. Жауапты қызметкердің функциялары ішкі аудит қызметі жүзеге асыратын функциялармен, сондай-ақ қор биржасы бөлімшелерінің биржалық және (немесе) банк операцияларын жүзеге асырумен байланысты жүзеге асыратын функцияларымен сәйкес келмейді.

      10. Қор биржасы КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процестерді автоматтандыру үшін қор биржасының ішкі бақылау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.

3-тарау. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      11. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында қор биржасы КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері уәкілетті органның және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 6-тармағына сәйкес кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.

      13. Қор биржасы жыл сайынғы негізде қор биржасы қызметтерінің ең кем дегенде тәуекелдердің мынадай арнайы санаттарын ескере отырып, КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалауды жүзеге асырады: клиенттердің типіне қарай тәуекел, ел (географиялық) тәуекелі, көрсетілетін қызметтің және (немесе) оны көрсету тәсілінің тәуекелі.

      Қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын бірегейлендіру рәсімдерін және мониторингін өзгертуді, қандай да бір операцияларды жүргізуге лимиттерді белгілеуді, қызмет көрсету талаптарын өзгертуді, қызмет көрсетуден бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне мыналар енгізіледі, бірақ олармен шектелмейді:

      1) шетелдік қаржы ұйымдары;

      2) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

      3) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.09.2024 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін төмендететін клиенттер типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оларды бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар, сондай-ақ оларды бақылауды мемлекеттік органдар жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;

      3) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сондай-ақ акциялары шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

      4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар.

      16. Қор биржасы осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден келген клиенттерге қызмет көрсетумен, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асырумен байланысты ел (географиялық) тәуекелін бағалауды жүзеге асырады.

      КЖ/ТҚ тәуекелін жоғарылататын операциялар жүргізетіндер шет мемлекеттер болып табылады:

      1) уәкілетті орган КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес жасайтын Ақшаны жылыстатумен күрес жөніндегі қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) сәйкес оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      4) басқа факторлар (сыбайлас жемқорлық, есірткіні өндіру, айналымы және (немесе) транзиті деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмге қолдау көрсету туралы мәліметтер және басқалары) негізінде КЖ/ТҚ жоғары тәуекелі бар ретінде қор биржасы айқындаған шет мемлекеттер (аумақтар).

      17. Қор биржасының КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын қызметтері, сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) дербес компьютерлер, телефондар, электрондық терминалдар арқылы қызмет көрсетуді қоса алғанда, клиенттерге қашықтан қызмет көрсету;

      2) шетелдік қаржы ұйымдарының банк шоттарын ашу;

      3) қолданыстағы, сондай-ақ енгізілетін өнімдер үшін жаңа және дамушы технологияларды пайдалана отырып, ақпарат беру тетіктерін қамтитын жаңа өнімдер және іскерлік тәжірибелер.

      18. Қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау кезінде Талаптардың 14, 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер факторларына сәйкес қор биржасы мына қосымша мәліметтерді ескереді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қор биржасының уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны;

      2) қор биржасының уәкілетті органға клиенттердің шекті операциялары туралы жіберген хабарламаларының саны.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде қор биржасы Талаптардың 14, 15, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ қор биржасы белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қолданады.

      Қор биржасы клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қор биржасында бар клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша белгілейді және қор биржасы әзірлеген тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейінен тұратын шкаласы бойынша бағалайды.

      Қор биржасы клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      20. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында қор биржасы клиенттерді (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру қор биржасының клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы талаптарда көзделген мәліметтерді алу және тіркеу болып табылады.

      Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент – заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент – заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Егер тиісінше тексеру жөнінде шараларды қабылдау нәтижесінде клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.

      Қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиенттерге қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.

      Қор биржасы:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді әзірлеуге және жаңа іскерлік практикаға;

      2) жаңа және қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қолдануға байланысты туындауы мүмкін АЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа (дамып келе жатқан) технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып, қор биржасы іскерлік қатынастар орнатылғанға дейін клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне сәйкестендіру жүргізеді.

      21-1. Қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-1-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді, жүргізілетін операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және операцияларды зерделеуді жүргізеді, сондай-ақ:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жүргізген;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жүргізген (жүргізуге әрекет жасаған);

      3) клиент КЖ/ТҚ типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция (мәміле) жүргізген;

      4) клиент әдеттегіден тыс операциялар (мәмілелер) жүргізген;

      5) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиент және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің дәйектілігін тексереді және іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын анықтайды.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасаған кезінде, егер клиентті сәйкестендіру осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мәліметтерді басқа да тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қор биржасы осындай күмәннің бар екендігі туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. Талаптар 21-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      22. Талаптардың 21 және 21-1-тармақтарының талаптарына сәйкес алынған мәліметтерді қор биржасы клиенттің досьесіне енгізеді, ол клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл қор биржасында сақталады.

      Қор биржасы ішкі құжаттарға сәйкес досьелер жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ шектелмейді:

      1) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым;

      2) заңды тұлғалар.

      Қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде қор биржасы клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін клиенттерді тиісінше тексеру шараларына қор биржасы басшылыққа алатын басқа қаржы мониторингі субъектілерінен клиент туралы мәліметтерді дереу алады, сондай-ақ сұрау салу бойынша оларға, оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйелерден немесе басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді-көшірмелер жататын растайтын құжаттардың көшірмелерін кідіріссіз алады.

      Шетелдік қаржы ұйымы қолданған, клиенттерді (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға сүйенетін қор биржасы осындай шетелдік қаржы ұйымының қызметі ол тіркелген мемлекетте лицензиялауға, реттелуге және қадағалауға жататынын және шетелдік қаржы ұйымы тиісінше тексеру жөнінде КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы талаптарына ұқсас шаралар қабылдайтын, сондай-ақ тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді клиентпен (оның өкілімен) және бенефициарлық меншік иесімен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде 5 (бес) жыл сақтайтынын белгілейді.

      Қаржы тобына қатысушы болып табылатын қор биржасы қажеттілігіне қарай тиісті клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне қатысты осындай қаржы тобына басқа қатысушылар қолданған, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1, 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларға КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде сүйене алады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Клиент ақша аударымын жүзеге асырған не оның пайдасына қолма-қол ақшасыз төлем немесе ақша аударымы келіп түскен кезде қор биржасы төлем құжатында КЖ/ТҚҚ туралы заңның 7-бабы 2-тармағында көзделген клиент туралы мәліметтердің болуын, сондай-ақ оларды төлемге, ақша аударымына қатысушы қаржы ұйымына берілуін бақылайды.

      24. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде қор биржасы Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуына тексеру жүргізеді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады. Қор биржасы клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау барысында мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:

      1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) қор биржасының басшы қызметкерлерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;

      3) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдауға міндетті.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты қор биржасы, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша осы тармақтың үшінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Қор биржасы басшыны (құрылтайшыларды (қатысушыларды), құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің және заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлғаны), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаны және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      азаматтығы; туған күні және жері;

      заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;

      жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері;

      жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).

      Қор биржасы заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға-клиенттің, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиенттің құрылтайшыларын (қатысушыларын)) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы;

      қор биржасының тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса);

      тірклеген және орналасқан мекенжайы;

      қызмет сипаты;

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).

      Қор биржасы заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиентті сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауын, нөмірін (болған кезде);

      орналасқан жерінің мекенжайын;

      негізгі қызмет жүргізілетін орнын;

      қызметінің сипатын;

      басқаруындағы (меншігіндегі) мүлік құрамын (трасттарға және ұқсас құрылымы немесе функциясы бар заңды тұлға құрмаған өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың сенімді ақпарат көздерін пайдаланумен шынайы болуы тұрғысынан тексеріледі.

      26. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қор биржасының іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту туралы шешімді қабылдауы рәсімін, негіздері мен мерзімдерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде тиісті клиентті тексерудің жеңілдетілген және күшейтілген шаралары;

      3) шетелдік қаржы ұйымдарымен іскерлік қатынастар орнатылған кезде сәйкестендіруді жүргізу ерекшеліктері;

      4) қор биржасының клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын, жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      5) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      6) іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      7) басқа қаржы ұйымдарынан мәліметтер алу арқылы клиенттерді сәйкестендіру ерекшеліктері;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру тәртібі;

      9) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      10) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      11) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша және тәртіппен клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді қор биржасының сұрау салуы бойынша алу және ұсыну тәртібі.

      12) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚҚ бойынша (бар болса) топтық талаптарды орындау аясында сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, оның ішінде осындай мәліметтерді сақтау және құпиялылығын қамтамасыз ету ерекшеліктері.

      Егер қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға қор биржасының клиенттеріне қатысты КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануды тапсырса, қор биржасы мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді, олар мыналарды:

      қор биржасының сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шарттар жасасу рәсімін, сондай-ақ мұндай шарттар жасасуға уәкілетті қор биржасының лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      қор биржасы мен сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалар арасындағы шарттарға сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған адамдардың сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған мәліметтерді қор биржасына беру рәсімі мен мерзімдерін;

      қор биржасына алынған мәліметтерді беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қор биржасы қабылдайтын шараларды қоса алғанда, сәйкестендіруді жүргізу тапсырылған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтауын бақылауды қор биржасының жүзеге асыру рәсімін;

      сәйкестендіру жөніндегі талаптарды, оның ішінде рәсімдерді, алынған мәліметтерді қор биржасына беру мерзімдері мен толықтығын сақтамаған жағдайда, қор биржасының сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдау негіздерін, рәсімін және мерзімдерін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті қор биржасының лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      қор биржасы сәйкестендіру жүргізуді тапсырған тұлғалардың сәйкестендіру жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін, алынған мәліметтерді қор биржасына беру рәсімін, мерзімдері мен толықтығын қоса алғанда, жауапкершілігі туралы ережелерді;

      қор биржасының сәйкестендіру талаптарын орындау мақсатында оларға әдіснамалық көмек көрсету мәселелері бойынша сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау рәсімін қамтиды.

      Қор биржасының өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша талаптарды енгізуіне рұқсат етіледі.

      Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымына КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қолдануды тапсырған қор биржасы КЖ/ТҚҚ-ның ықтимал тәуекелдерін ескереді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26-1. Қор биржасы басқа қаржы мониторингі субъектісі немесе шетелдік қаржы ұйымы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген, болған немесе орналасқан жағдайда, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6, 6-1 және 8-тармақтарында көзделген әрекеттерді жасамайды.

      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Клиенттер операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы

      27. Клиентті тиісінше тексеру, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және оларды уәкілетті органға жолдау бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында қор биржасы клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      28. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде қор биржасы клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу бойынша, cондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелерін қор биржасы қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттердің операциялары мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 22-тармағында көрсетілген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл бойы сақталады.

      29. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін қор биржасы клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып белгілейді.

      Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізбеде болуын (Тізбеге енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

      30. Клиенттің операцияларын зерделеу дәрежесін қор биржасы клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын қор биржасы қызметтерінің КЖ/ТҚҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, сондай-ақ қордағы КЖ/ТҚ сценарийлерді (схемаларды) және (немесе) әдеттегіден тыс және күдікті операциялардың белгілерін ескере отырып айқындайды.

      Қор биржасы клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда клиент белгілі уақыт кезеңінде жүргізіп отырған (жүргізген) операцияларды зерделейді.

      31. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;

      2) қор биржасы бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптардың 19, 28 және 29-тармақтарында көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлу;

      3) қор биржасы бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлу;

      4) жауапты қызметкердің клиент операциясын жіктеу туралы шешімді қабылдау тәртібі, негізі және мерзімі;

      5) әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар жөніндегі мәліметтерді (оның ішінде операциялар сомасы, төлем валютасы, клиенттің контрагенті туралы деректерді) тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау тәртібі;

      6) клиент әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, қор биржасының клиент пен оның операцияларына қатысты қабылдайтын шаралардың сипаттамасы қабылдау тәртібі.

      7) уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламалар беру тәртібі;

      8) шекті және күдікті операцияның анықталғаны туралы қордың басқару органын, атқарушы органын және қор биржасының лауазымды адамдарын хабардар ету (қажет болған кезде) тәртібі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Операцияны шекті ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс немесе күдікті операцияны анықтаған жағдайда, көрсетілген операцияны анықтаған қор биржасының қызметкері осындай операция туралы хабарламаны жауапты қызметкерге қор биржасының ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.

      Қор биржасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерделеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Қор биржасының қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойыншадаярлау және оқыту бағдарламасы

      33. Қор биржасының қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты - қор биржасының қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және өзге де ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын орындау үшін қажет білім мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      34. Оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабы 8-тармағында көрсетілген КЖ/ТҚҚ саласында дайындау мен оқыту бойынша қаржы мониторинг субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      35. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.09.2022 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады