"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 396/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 қазанда № 21505 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және электрондық үкіметтің "ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі бекітілсін.";

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркісібі
Министрінің
2020 жылғы 21 қазаны
№ 396/НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі

      1. Ақпараттық жүйелер:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

      2) "электрондық үкіметтің" шлюзі;

      3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      4) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      6) "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі" ақпараттық жүйесі;

      7) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      8) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі;

      9) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      10) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы" ақпараттық жүйесі;

      11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      12) кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      13) тәуекелдерді селективті бақылау және басқару;

      14) статистика, талдау, сыртқы сауда статистикасының деректеріне қолжетімділікті ұйымдастыру;

      15) голографиялық қорғау элементі бар есептік-бақылау маркаларын пайдаланумен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын бақылау;

      16) акцизделген өнімнің және мұнай өнімдері жеке түрлерінің өндірілуі мен айналымын бақылау (Акциз);

      17) интеграциялық деректер қоймасы;

      18) "Web-декларант" электрондық декларациялау кешені;

      19) қазынашылықтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      20) "АХАЖ" ақпараттық жүйесі;

      21) "Жылжитын мүлік тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      22) "Ұлттық зияткерлік меншік институты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      23) "e-learnіng" электрондық оқыту ақпараттық жүйесі;

      24) "Салық төлеуші кабинетінің Web-қосымшасы" ақпараттық жүйесі;

      25) "Салық есептілігін өңдеу жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      26) "Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы" ақпараттық жүйесі;

      27) "Интеграцияланған салық ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесі;

      28) "Деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйесі;

      29) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесі;

      30) "ҚР Қаржымині МКК Web-порталы" ақпараттық жүйесі;

      31) "Салық төлеушілерінің және салық салу объектілерінің тізілімі" ақпараттық жүйесі;

      32) "Электрондық шот фактуралар" ақпараттық жүйесі;

      33) "Жедел басқару орталығы" ақпараттық жүйесі;

      34) "Интеграцияланған кедендік тариф" ақпараттық жүйесі;

      35) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі" ақпараттық жүйесі;

      36) "Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесі;

      37) "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      38) "Мобильді үкімет" ақпараттық жүйесі.

      2. Аппараттық-бағдарламалық кешендер:

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешені.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады