Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 қазанда № 21507 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 20 қазаны № 83
Бұйрықпен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрыққа 3-1 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13309 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өзін-өзі реттейтін ұйым (бұдан әрі - ӨРҰ) – қызметтің, саланың, экономикалық қызмет түрлерінің, өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығының ортақтығы қағидаты бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің ерікті не міндетті мүшелігіне (қатысуына) негізделген, қауымдастық (одақ), қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйым;";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ӨРҰ қызметін бастау, сондай-ақ тоқтату үшін негіз Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - Бұйрық) нысан бойынша реттеуші мемлекеттік органға жіберілген ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама болып табылады.

      ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда коммерциялық емес ұйым жібереді.

      Коммерциялық емес ұйым ӨРҰ қызметті тоқтатқаны туралы хабарлама жіберген жағдайда оған мынадай құжаттар:

      ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының ӨРҰ қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімінің көшірмесі;

      заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

      5. Егер кәсіпкерлік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген бір ӨРҰ болуы көзделсе, онда мұндай ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген, мүшелері (қатысушылары) өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы көлемнің жартысынан артығын өндіретін және олардың саны нақты саладағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санының кемінде үштен бірін құрайтын коммерциялық емес ұйымнан немесе ӨРҰ қабылданады.

      Егер кәсіби қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген бір ӨРҰ болуы көзделсе, онда мұндай ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген, саны нақты саладағы кәсіптік қызмет субъектілерінің жалпы санының жартысынан артық болатын коммерциялық емес ұйымнан немесе ӨРҰ қабылданады.

      Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің ерікті мүшелігіне (қатысуына) негізделген ӨРҰ қызметті жүзеге асыруын бастауы үшін коммерциялық емес ұйымнан ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама келіп түскен жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган мұндай хабарламаны қабылдайды.

      ӨРҰ қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдау Бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      12-тармақ алып тасталсын;

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18117 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық құралдардың тізбесінде:

      реттік нөмірлері 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

63

Пестицидтердің, биоагенттердің өндірісі және (немесе) өткізілуі туралы есеп

Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары

Жылына екі рет (20 шілдеге дейін бір рет және 20 қаңтарға дейін бір рет)


64

Пестицидтердің, биоагенттердің қозғалысы туралы есеп

Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары

Жылына екі рет (20 шілдеге дейін бір рет және 20 қаңтарға дейін бір рет)


65

Пестицидтердің, биоагенттердің сақталуы туралы есеп

Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары

Жыл сайын (20 қаңтарға дейін)


66

Қолында бүріккіш және дәрілегіш техника мен жабдық (ауыл шаруашылығы авиациясы, аэрозольдік генераторлар, атомайзерлік, штангылық, желдеткіштік бүріккіштер, бүріккіш және дәрілегіш техниканың өзге де түрлері) бар фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің бүріккіш және дәрілегіш техникаларының болуы туралы есеп

Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары

Жыл сайын (20 қаңтарға дейін)


67

Өзінің өсімдік шаруашылығы өндірісі үшін пестицидтерді, биоагенттерді қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің химиялық өңдеулерді жүргізуі туралы есеп

Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары

Ай сайын (наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін)


68

Химиялық өңдеу жөнінде қызметтер көрсететін фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің химиялық өңдеу жөніндегі қызметтерді көрсетуі туралы есепті

Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары

Ай сайын (наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін)


69

Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері пайдаланған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп

Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары

Жыл сайын (20 қаңтарға дейін)


70

Пестицидтерді, биоагенттерді сақтауды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілерінің қойма үй-жайларының болуы туралы есеп

Пестицидтерді, өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, биоагенттерді өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері

Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық инспекциялары

Жыл сайын (20 қаңтарға дейін)


      ";

      реттік нөмірлері 89, 90, 112, 117 және 195-жолдар алынып тасталсын.

  Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
3-1-қосымша
  Нысан

      Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама

      1. __________________________________________________________ (мемлекеттік органның толық атауы)

      2. Осымен __________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрінің коды

      мыналар:

      өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті бастағаны_________________

      өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті тоқтатқаны ____________

      мыналардың:

      заңды тұлғаның орналасқан орнының______________________________

      жеке тұлғаның заңды мекенжайының ______________________________

      (тиісті жолда Х белгісі қойылады)

      хабарламада көрсетілген деректердің* ______________________________ өзгергені туралы хабарлайды

      3. Заңды тұлғаның орналасқан орнының мекенжайы

      _______________________________________________________________ (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      4. Интернет-ресурс мекенжайы (болған жағдайда) ________________

      Ескертпе:

      * Хабарламада көрсетілген тіркеу деректері өзгерген кезде толтырылады. Осы жолда заңды тұлғаның бұрынғы толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрінің коды көрсетіледі.

      5. Электрондық пошта___________________________

      6.Телефондар ___________________________________________________

      7. Факс _______________________________________________________

      8. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) _____________ (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      9. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелігі (қатысуы) туралы мәліметтер:

      ерікті __________________________________________________

      міндетті __________________________________________________

      (тиісті жолда Х белгісі қойылады)

      10. Өзін-өзі реттеуге берілген мемлекеттік функцияның атауы ___________________________________________________

      11. Коммерциялық емес ұйымның мүшелері (қатысушылары):

      1. ____________________________________________________________

      2. ____________________________________________________________ (жеке тұлға үшін салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), сондай-ақ заңды тұлға үшін ұйымдық-құқықтық нысаны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және орналасқан орны көрсетіле отырып, коммерциялық емес ұйымның әрбір мүшесінің (қатысушысының) толық атауы көрсетіледі)

      12. Қосымша мәліметтер __________________________________ (кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ақпарат көрсетіледі)

      13. Қызметті тоқтатуға арналған хабарламаға:

      ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының ӨРҰ қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімінің көшірмесі___________________

      заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі ___________________ (құжаттардың атауы және парақтар саны көрсетіледі) қоса беріледі.

      14. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыру _________ (уақыты және күні) басталады

      15. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыру

      ________ (уақыты және күні) тоқтатылады**

      Осы хабарламаны бере отырып, өтінім беруші төмендегілерді қамтамасыз етеді:

      көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат бағытталуы мүмкін;

      өтінім берушіге мәлімделген қызмет түрімен немесе жекелеген іс-қимылдармен айналысуға сот тыйым салмаған;

      барлық қоса берілген құжаттар түпнұсқаларға сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      өтінім беруші кәсіпкерлік және кәсіби қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуіне байланысты, қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру басталғанға дейін және кейіннен орындауға міндетті қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      Ескертпе:

      ** бұл жол егер Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру кезінде қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыруды тоқтату уақыты және күні туралы ақпарат ұсыну белгіленген жағдайда ғана толтырылады.

      Аталған хабарламаны бере отырып, өтінім беруші ӨРҰ қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы қабылданған хабарлама туралы үзінді көшірмені алғаннан кейін екі ай ішінде реттеуші мемлекеттік органға мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдері туралы мәліметтерді мынадай құжаттардың:

      Заңда көзделген мәліметтерді қамтитын ӨРҰ жарғысының;

      уәкілетті және реттеуші мемлекеттік органмен келісілген ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысында бекітілген ӨРҰ қағидалары мен стандарттарының;

      коммерциялық емес ұйымның өздері өндірген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тұтынушылары және басқа адамдар алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етудің бір немесе бірнеше тәсілінің болуын растайтын құжаттардың;

      кәсіпкерлік қызмет саласында міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген ӨРҰ қызметті бастағаны туралы хабарлама жолданған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ӨРҰ қағидаларына және стандарттарына берген қорытындысының көшірмелерін қоса бере отырып, ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті жарналарының түрлері және мөлшері туралы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.

      16. Өтінім беруші________________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Беру күні және уақыты: 20__ жылғы "__" ______ "__" сағат "__" минут.

      17. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда:

      Сенім білдірілген тұлға_________________________________________ (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)

      _______________________________________________________________

      Сенімхаттың нөмірі және күні

      Берілген күні және уақыты: 20__ жылғы "__" ______ "__" сағат "___" минут.

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
4-қосымша

Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі

Р/с №

Мемлекеттік орган

Орталық мемлекеттік органның ведомстволары, құрылымдық бөлімшелері және олардың аумақтық бөлімшелері

Хабарламалар түрлері

Ескертпе

1

2

3

4

5

2

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрліг

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық немесе аудандық аумақтық инспекциялары

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық инспекциялары.

Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама.


  Бұйрыққа
3-қосымша
  Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың
тізілімін жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімі

Тізілім жазбасының нөмірі

Мәліметтерді енгізу күні

ӨРҰ толық атауы және оның ұйымдық-құқықтық нысаны

ӨРҰ-ға мүшелік (қатысу) (ерікті немесе міндетті) туралы мәлімет

ӨРҰ-ға берілген мемлекеттік функцияның атауы

ӨРҰ жарғысы туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы

Бекітілген қағидалар туралы мәліметтер*

Бекітілген стандарттар туралы мәліметтер *

Мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдері туралы мәліметтер

ӨРҰ мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті жарналары жөніндегі мәліметтер

Түрлері

Мөлшерлері

7

8

9

10

11

      кестенің жалғасы

ӨРҰ мүшелері (қатысушылары) туралы мәліметтер

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрінің коды

Жеке тұлғалар үшін

Дара кәсіпкерлер үшін

Заңды тұлғалар үшін


Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі,

Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)

Ұйымдық- құқықтық нысаны

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Орналасқан орнының мекенжайы

12

13

14

15

16

17

      кестенің жалғасы

ӨРҰ интернет-ресурсының мекенжайы (бар болған жағдайда)

ӨРҰ-ға өз мүшелігін тоқтатқан (мүшелікті тоқтату негізінде) мүшелер туралы мәліметтер

Өзге де мәліметтер

18

19

20

  Бұйрыққа
4-қосымша
  Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Міндетті немесе ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті жүзеге асыруын бастағаны туралы хабарламаның қабылданғаны туралы өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен үзінді көшірме

      Осынмен,

      ___________________________________________________________________

      (реттеуші мемлекеттік органның толық атауы)

      өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметті жүзеге асыруды бастағаны турал

      қабылданған хабарлама туралы хабарлайды, экономикалық қызмет түрлерінің

      жалпы жіктеуішіне сәйкес экономикалық қызмет түрінің коды туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      (өзін-өзі реттейтін ұйымның толық атауы)

      Лауазымы ________________ (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      (қолы)

      Мөрдің орны

      Күні: 20__ жылғы "___" _______.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады