2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13943 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және архив ісі саласындағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Біліктілігіне қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың "Өнер және гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және архив ісі саласындағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы басшылық лауазымдарда кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі.".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі