"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының 2016 жылғы 22 тамыздағы № 6001-16-7-9/549 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 28 қазандағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21563 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының 2016 жылғы 22 тамыздағы № 6001-16-7-9/549 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14255 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметінің) меңгерушісіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады