"Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/169 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қазанда № 21570 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/169 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11633 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 29 қазаны
№ 272 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/169 бұйрығымен
бекітілген

Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес әзірленді және тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) әкімші – Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;

      2) жекеше орман питомниктерін құру және дамыту – орман питомниктерін құру немесе қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізудің бүкіл циклы, ол 5-10 жылға созылып, жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаж жұмыстарын, көгалдандыру, ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін ағаш пен бұта тұқымдыларын өсіруді қамтиды;

      3) қатысушы – ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға жасалған ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушы және (немесе) жекеше орман иеленуші болып табылатын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлға;

      4) негізгі жоба – бюджеттік жоспарлау мақсатында осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымы әзірлеген тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызу және оларды өсіру немесе жекеше орман питомниктерін құру және дамыту жобасы (жобалау-іздестіру жұмыстарын қоса алғанда);

      5) тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіру – жобалау-іздестіру жұмыстарынан бастап сүрек дайындауға дейін ағаш пен бұта өсімдіктерінің сүрегін өндірудің бүкіл циклы, ұзақтығы 10-15 жыл.

      3. "Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен (бұдан әрі – қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу тәртібі

      4. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызу және оларды өсіру, жекеше орман питомниктерін құру және дамыту жөніндегі шығыстарды өтеуге бюджетте көзделген қаражат негізінде әкімші негізгі жобада қаралған жұмыстардың құнынан 50 % дейін қатысушының шығыстарын өтеуді жүзеге асырады.

      Бұл ретте тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін бюджетте көзделген қаражат қатысушылар арасында барабар бөлінеді.

      5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ағымдағы жылғы 20 қарашадан кешіктірмей www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы төмендегі құжаттарды береді:

      порталға жүгінген кезде:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуге арналған электрондық өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуге арналған өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.";

      6. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушіге беруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап ұсынылған құжаттарды тексереді.

      Құжаттар пакеті толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау шеңберінде республикалық бағдарламаны іске асыру бойынша іріктеуге жіберу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті беруден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ қолы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз нысанында жібереді.

      12. Қызмет көрсетуші Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін осы Қағидаларда белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін Мемлекеттік корпорация арқылы беру мемлекеттік қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты (немесе сенімхат негізінде оның өкілі) көрсету арқылы жүзеге асырылады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      Өтініш берушінің (өкілдің) өтінішінің болмауына байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін талап етілмеген ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      14. Қазақстан Республикасы заңына 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес қызмет көрсетуші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      15. Қатысушы орындаған жұмыстарды қабылдау үшін әкімші ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей әкімшінің аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті орындаушы органдардың қызметкерлер қатарынан үш адамнан кем емес орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссия құрады (бұдан әрі – қабылдау бойынша комиссия).

      Орындаған жұмыстарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 қазаннан 10 қарашаға дейін қабылдау бойынша комиссия қатысушының жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырады, өтініш ағымдағы жылғы 10 қыркүйектен кешіктірмей әкімшіге беріледі.

      16. Әкімші орындалған жұмыстар актілерінің негізінде қатысушыларға шығыстарды өтеу үшін ағымдағы жылдың желтоқсан айында аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем жасау шоттарының тізілімін және екі данада төлем жасау шоттарын береді.

3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

  Тез өсетін ағаш және бұта
тұқымдыларды плантацияларға
отырғызуға және оларды
өсіруге, жекеше орман
питомниктерін құруға және
дамытуға жұмсалатын
шығыстарды өтеу қағидасына
1-қосымша
  Нысан

Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылар плантацияларын отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеуге өтініш

      Осымен қатысушы _______________________________________________

                              (қатысушының атауы, ЖСН/БСН)

      әкімшіге ____________________________________________________________

                                    (әкімшінің атауы)

      20___жылғы ___________________ _______________ дейінгі

      кезең үшін қосылған күн салығын қоса алғанда, бойынша

      ______________________ теңге мөлшеріндегі жалпы жұмсалған шығындар

      сомасына тез өсетін ағаш және (немесе) бұта тұқымдылар плантацияларын

      отырғызу және (немесе) оларды өсіру, жекеше орман питомниктерін

      құру және (немесе) дамыту бойынша (керегінің асты сызылсын)

      орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін ұсынады.

      Қатысушының шоты _________________________ шот № _____________.

                              (қаржы ұйымының атауы)

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның (заңды тұлға үшін бірінші басшының) не өкілеттілігін растайтын

      құжат бойынша оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      қолы ______________

      20 __ жылғы "___" ____________

  Тез өсетін ағаш және бұта
тұқымдыларды плантацияларға
отырғызуға және оларды
өсіруге, жекеше орман
питомниктерін құруға және
дамытуға жұмсалатын
шығыстарды өтеу қағидасына
2-қосымша
  Нысан

Орындалған жұмыстарды қабылдау актісі

      20__ жылғы үшін _____________________________________________________

                              (қатысушының атауы)

      ____________________________________________________________бойынша

      (тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылар плантацияларын отырғызу және оларды

      өсіру, жекеше орман питомниктерін құру және дамыту (керегінің асты сызылсын)

                              орындалған жұмыстарды қабылдау актісі

Р/с №

Жұмыстар және (немесе) материалдар сатып алуға жұмсалған шығыстар атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Жалпы құны, теңге

Барлығы

Оның ішінде

Негізгі жалақы

Басқа шығыстар


Жиыны







оның ішінде ҚҚС






      Шығыстар сомасы _____________________________________ теңгені құрады.

                              (сандармен, жазбаша)

      ____________________________________________________________________

                  (қатысушы атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      20 __ жылғы "___" ______________

      Орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссияның кұрамы

      ____________________________________________________________________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (оның бар болған жағдайда), қолы)

      кестеде көрсетілген жұмыстардың жүргізілгенін растайды.

  Тез өсетін ағаш және бұта
тұқымдыларды плантацияларға
отырғызуға және оларды
өсіруге, жекеше орман
питомниктерін құруға және
дамытуға жұмсалатын
шығыстарды өтеу қағидасына
3-қосымша

"Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күн;
2) Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілген күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) Мемлекеттік корпорация арқылы барынша жол берілген қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ қолы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз нысанында жіберілетін жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау шеңберінде республикалық бағдарламаны іске асыру бойынша іріктеуге жіберу туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық/қағаз түрінде беріледі

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-дан 20.00-ға дейін;
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында – www.​gov4c.​kz;
2) порталда.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

порталға:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуге арналған электрондық өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;
Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуге арналған өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің орман заңнамасы мен осы қағидалар талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8 800 080 777 жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Тез өсетін ағаш және бұта
тұқымдыларды плантацияларға
отырғызуға және оларды
өсіруге, жекеше орман
питомниктерін құруға және
дамытуға жұмсалатын
шығыстарды өтеу қағидасына
4-қосымша
  Нысан
  ____________________________

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Заңның 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №_____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің Қағидаларда көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге арналған құжаттарыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың және қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттар атауы:

      1) _________________________________________;

      2) _________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      Мөр орны

      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Телефоны _________________________________

      Алдым: _____________________________________________________________

                        (қатысушының атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады