Ақпарат және телерадио хабарларын тарату саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қарашада № 21643 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10357 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-қосымшада:

      "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны мен ұсынылған құжаттардың толықтығын, сондай-ақ берілген түбіртектегі деректемелерінің дұрыс толтырылуын тексереді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын берген жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 11 (он бір) жұмыс күні ішінде құжаттар мен мәліметтер нысанын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес профилактикалық бақылау жүргізу жолымен біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарайды. Профилактикалық бақылаудың қорытындысы бойынша уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия қалыптастырады, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту дайындайды.".

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаметіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2020 жылғы 13 қарашасы
№ 367 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 29 бұйрығымен
бекітілген

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Р/с

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Телекоммуникация саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар инженерлік-техникалық мамандардың жалпы санының кемінде үштен бірі

Телекоммуникациялар саласында бейінді жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар қызметкерлер, оның ішінде инженерлік-техникалық мамандар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


2.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


3.

Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер

Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы

Схема еркін нысанда жасалған схема.
Техникалық мүмкіндіктердің болуын лицензиар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен тексереді

4.

Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелер

Төтенше жағдайлар кезінде халықты құлақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


5.

Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер

1) телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы;
2) спутниктік оператор ұсынған қабылдау-тарату спутниктік станциялардың қабылдау-тарату желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
3) мыналар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны: құрылатын желінің атауы (эфирлік, кабельдік, спутниктік, телекоммуникациялар желісі бойынша);
хабар тарату қамтылған аумақ;
пайдаланылатын стандарттардағы желінің түрі;
даму кезеңдері бойынша таратылатын теле-, радиоарналардың тізбесі (тізбесі және қысқаша сипаттамалары);
шартты қол жеткізу жүйелері (оларды пайдаланған жағдайда);
пайдаланылатын спутниктік ресурстың қолда бар жиіліктер белдеуі, мөлшері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда);
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамалары (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

1) Еркін нысанда жасалған схема
2) Спутниктік ғарыштық аппарат иесінің пайдаланылатын спутниктік ресурсқа беретін жоспары.
Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасының және спутниктік ғарыштық аппарат иесінің пайдаланылатын спутниктік ресурсқа (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) беретін жоспарының болуын лицензиар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен тексереді.

6.

Құқық иеленуші теле-, радиокомпаниялармен (көп бағдарламалық хабар тарату үшін) теле-, радиоарналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттар

Құқық иеленуші теле -, радиокомпаниялармен теле-, радиоарналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Шарттардың болуын лицензиар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен тексереді

7.

Техникалық құралдарды, әкімшілік-басқару персоналын орналастыруға және пайдалануға, халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар мен алаңдар

Техникалық құралдарды, әкімшілік-басқару персоналын орналастыруға және пайдалануға, халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайдың және алаңның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


8.

Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізуге арналған өлшеу құралдары және сынақ жабдығы

Метрологиялық сипаттамалары көрсетілген қолданылатын өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының тізбесі және оларды тексеруді немесе метрологиялық аттестаттауды растайтын құжаттар (сертификаттардың көшірмелері)

Өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының болуын лицензиар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен тексереді


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады