"Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 19 қарашадағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қарашада № 21669 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16916 болып тіркелген, 2018 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әдістеме 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы орган мен монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі (бұдан әрі – Субъект) белгілейтін монополиялық жоғары (монополиялық төмен) бағаны анықтау кезінде қолданады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Әдістемеде Қазақстан Республикасының Кодексі мен заңдарында айқындалатын ұғымдар, сондай-ақ мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      1) салыстырмалы тауар нарығы – тауарды сатып алу немесе сату мақсаттары негізге алына отырып айқындалатын сатылатын тауар көлемі, тауарды сатып алушылар немесе сатушылар (берушілер) құрамы және тауар нарығына кіру шарттары бойынша салыстырылатын басқа тауар нарығы;

      2) тауар – азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет;

      3) монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, оның ішінде:

      1) тауардың бұрын белгіленген бағасын арттыру арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:

      тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;

      тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы өзгеріссіз қалса не тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамының өзгеруі болмашы болса;

      тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары өзгеріссіз қалса немесе олардың өзгеруі тауар бағасының өзгеруімен мөлшерлес болмаса;

      2) тауардың бұрын белгіленген бағасын түсірмеу арқылы белгіленген баға, егер бұл ретте жиынтығында мынадай шарттар орындалса:

      тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар елеулі түрде төмендесе;

      тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін туғызса;

      тауардың тауар нарығындағы, оның ішінде салық салуды, кедендік-тарифтік, тарифтік және тарифтік емес реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу шараларымен байланысты айналым жағдайлары тауардың бағасын азайту жағына қарай өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етсе, егер бұл баға осындай тауарды өндіру мен өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайда сомасынан және салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайларында қалыптасқан бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып табылады.

      Нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тауар бағасы монополиялық жоғары баға деп танылмайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында монополияға қарсы орган немесе монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі тергеп-тексеруді жүргізгенге дейін Кодекстің 90-6-бабының 11) тармақшасына сәйкес тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Монополияға қарсы орган немесе монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарға монополиялық жоғары бағаны белгілеуінен көрінетін, Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін деректерді анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының және көлемдерінің серпініне, оның ішінде:

      1) Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауардың бағасын Субъектінің салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің сондай тауар бағасынан асатын етіп белгілеуі;

      2) салыстырмалы тауар нарығында баға өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының өсу қарқынының арту;

      3) физикалық сипатын (мысалы, тауар бірлігінің салмағын) төмендету арқылы Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының көтерілу;

      4) өндіру немесе беру мүмкіндігі болған кезде тұтынушылардың сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру және (немесе) беру көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді және (немесе) беруді тоқтату мәніне талдау жүргізеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Монополияға қарсы орган немесе монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарға монополиялық төмен бағаны белгілеуінен көрінетін Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін деректерді анықтау мақсатында тауар нарығындағы тауар өндіру (өткізу) бағасының және көлемдерінің серпініне, оның ішінде:

      1) Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауардың бағасын Субъектінің тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында басқа нарық субъектілерінің сондай тауар бағасынан төмен етіп белгілеуіне;

      2) тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында баға өсуінің тиісті қарқындарымен салыстырғанда Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауар бағасының төмендеу қарқынының артуына талдау жүргізеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарға монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеуінен көрінетін Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көзделген бұзушылықтардың белгілері болған жағдайда, монополияға қарсы орган және (немесе) монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарады. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде Субъектінің монополиялық жоғары (төмен) бағаны белгілеу жөніндегі әрекеттерін растайтын фактілердің болуы анықталады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Монополиялық жоғары бағаны анықтау үшін монополияға қарсы орган үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген бағаны нақ сол тауар нарығындағы тауардың бағасымен салыстырады.

      Нақ сол тауар нарығында бағаны салыстыру мүмкін болмаған жағдайда, салыстырмалы тауар нарығындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі салыстырмалы тауар нарығындағы тауар бағасымен салыстыру жүргізіледі.

      Егер салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағаны не салыстырмалы тауар нарығын айқындау, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде айқындау мүмкін болмаған жағдайда, нарық субъектісінің шығыстарына және пайдасына талдау жүргізіліп, тауардың негізделген бағасы айқындалады.

      Салыстырмалы тауар нарығын айқындау Кодекстің 175-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Монополиялық төмен бағаны анықтау үшін монополияға қарсы орган тиісті тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектілері белгілейтін тауар бағасының деңгейін талдайды. Бағаларды талдау кезінде тауардың сапалық параметрлері ескеріледі.

      Субъект белгілеген баға нақ сол тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектілері белгілеген бағадан жоғары болған жағдайда, онда Субъектінің бағасы монополиялық төмен болып табылмайды.

      Егер Субъект белгілеген баға нақ сол тауар нарығында Субъектімен бір тұлғалар тобына кірмейтін, нарық субъектілері белгілейтін бағадан төмен болса, монополияға қарсы орган Субъектінің осындай тауарды өндіру және өткізудің нақты шығыстарына талдау жүргізеді және Субъектінің жағдайы үстем деп танылған тауарға Субъектінің төмен баға белгілеуінің мән-жайын анықтайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Монополиялық жоғары бағаны анықтау кезінде шешім қабылдау үшін монополияға қарсы орган мыналарға:

      1) субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін;

      2) тауардың өндірістік және толық өзіндік құнының серпінін, сондай-ақ тауар бағасының серпінін (оның ішінде өндірістік және толық өзіндік өсу (төмендеу) қарқынын бағаның өсуі (төмендеуі) қарқынымен салыстыру);

      3) өндірістік қуаттарды есепке ала отырып тауарды өндіру (өткізу) көлемінің серпінін;

      4) нәтижесінде тауар бағасы тікелей немесе жанама қалыптастырылатын шарттарды;

      5) бағалардың әртүрлі түрлерінің серпінін (мысалы, орташа өлшенген, тұтынушылардың әртүрлі топтары үшін);

      6) кезең және өндірістік өзіндік құнның шығыстарын, оның ішінде әкімшілік персоналдың жалақысының өсуі (төмендеуі) қарқынын өндірістік персоналдың жалақысының өсуі (төмендеуі) қарқынымен салыстыруды;

      7) субъектінің жағдайы үстем деп танылатын тауардан субъект алған пайданы;

      8) субъектінің инвестициялық бағдарламасына;

      9) кредиторлар мен қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерін талдауды қолданады;

      Монополиялық төмен бағаны анықтау кезінде шешім қабылдау үшін монополияға қарсы орган осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларын талдауды қолданады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Монополияға қарсы орган немесе монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі осы Әдістеменің 3-тармағына сәйкес белгіленген бағаны тауардың монополиялық жоғары бағасы деп таниды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Монополияға қарсы орган немесе монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі:

      1) бұл ретте мынадай шарттар орындалса:

      тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар өзгеріссіз қалса немесе оларды өзгерту тауардың бағасын өзгертуге сәйкес келмесе;

      тауарды сатушылар немесе сатып алушылардың құрамы өзгеріссіз қалса немесе тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамының өзгеруі елеусіз болып табылса;

      салық салуды, кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, тауар нарығындағы, оның ішінде мемлекеттік реттеу шараларымен негізделген тауар айналымының жағдайлары өзгеріссіз қалса немесе оларды өзгерту тауардың бағасының өзгертуімен сәйкес келмесе, тауардың бұрын белгіленген бағасын төмендету;

      2) егер бұл ретте мынадай шарттар орындалса:

      тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар айтарлықтай өссе;

      тауарды сатушылар немесе сатып алушылар құрамы тауар бағасын ұлғаю жағына өзгерту мүмкіндігіне негізделсе;

      салық салуды, кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, тауар нарығындағы, оның ішінде мемлекеттік реттеу шараларымен негізделген тауар айналымының жағдайлары тауар бағасын ұлғаю жағына өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етсе, тауардың бұрын белгіленген бағасын ұстап тұру немесе төмендетпеу арқылы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілейтін бағаны тауардың монополиялық төмен бағасы деп таниды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Егер қаралатын тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінде талданатын тауарлар бөлінісінде шығындар баптары мен пайданың есебі болмаған жағдайда, монополияға қарсы орган немесе оның аумақтық бөлімшесі нақ сол тауар нарығында не салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында үстем жағдайға ие нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кірмейтін нарық субъектісі белгілейтін, бәсекелестік жағдайда қалыптасқан ең жоғары (ең төмен) бағаны негізделген баға ретінде таниды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген монополияға қарсы орган немесе монополияға қарсы орган аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Кодекстің 221-бабына сәйкес қорытынды әзірлейді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Монополиялық жоғары (төмен) баға белгіленген жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекстің 225-бабына сәйкес монополиялық кірісті айқындайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға С. Жумангарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады