Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-239/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 21756 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 226-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 397 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8609 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада № 325 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2) "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 397 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9262 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 8 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-239/2020
Бұйрықпен бекітілген

Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы қағидалар

      1. Осы ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 226-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ғылыми-медициналық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет субъектісі;

      2) ғылыми-медициналық әзірлеме (бұдан әрі – ҒМӘ) – монографияны, әдістемелік ұсынымдарды, басшылықты, статистикалық жинақтарды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарының қызметіне енгізуге арналған ғылыми зерттеулердің нәтижесі.

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) сарапшылар – тиісті лицензияның және (немесе) аккредиттеу туралы куәліктің болуы негізінде ғылыми - медициналық сараптама (бұдан әрі – ҒМС) жүргізуге тартылатын жеке және заңды тұлғалар;

      3. ҒМС өткізу жөніндегі жұмыс органын (бұдан әрі – жұмыс органы) уәкілетті орган айқындайды. Жұмыс органы ҒМС рәсімін ұйымдастыру және техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады.

      4. ҒМС объектілері:

      1) қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары;

      2) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстар;

      4) денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелер.

      5. ҒМС негізгі қағидаттары:

      1) тәуелсіздік;

      2) ғылыми көзқарас, сараптаманың жан-жақтылығы, объективтілігі;

      3) медицина ғылымының дамуының әлемдік деңгейіне бағдарлану;

      4) ҒМС объектілері бойынша сараптамаға ұсынылған материалдардағы ақпарат негізінде ғана қорытындылар шығару;

      5) объектілер бойынша ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету және оны сараптамада көзделмеген мақсаттар үшін, сондай-ақ сарапшылар және олардың жұмысының нәтижелері туралы мәліметтерді пайдалануға жол бермеу;

      6) ҒМС нәтижелерінің жариялылығы болып табылады.

      6. ҒМС негізгі міндеттері:

      1) ҒМС объектілерінің ғылыми негізділігін, іске асыру мүмкіндігін, болжамды тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау;

      2) қаржыландырылатын ғылыми-медициналық қызмет объектілерінің алынған нәтижелерінің (орындау, аяқтау және енгізу сатыларында) маңыздылығын бағалау және қаржыландыруды жалғастыру, өзгерту немесе тоқтату туралы ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

2-тарау. Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу тәртібі

      7. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген ҒМС объектілерін әзірлеушілер уәкілетті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде:

      1) ҒМС объектісін;

      2) әзірлеушінің байланыс деректері, ғылыми зерттеу тақырыбының атауы және ғылымды дамытудың басым бағыты, әзірлеушінің ғылыми қызмет тәжірибесінің, ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми дайындығының болуы туралы мәліметтерді (жарияланымдар тізімі, авторлық куәліктер, патенттер және басқа да деректер), әзірлеушінің негізгі орындаушыларының кәсіптік біліктілігі және ҒМС объектісінің атауы көрсетілген әзірлеушінің (жеке тұлғалар үшін) және (немесе) әзірлеушінің (заңды тұлғалар үшін) бірінші басшысының қолы қойылған ілеспе хатты;

      3) ҒМС объектісіне оң қорытындысы бар биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

      4) ҒМС объектісі ұсынған ғылыми зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмысында тәжірибесі бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымдарының екі тәуелсіз құзыретті мамандарының рецензияларын (аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелері үшін) жібереді.

      8. Уәкілетті орган ҒМС объектісін және осы Қағидалардың 7-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды әзірлеушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жұмыс органына жібереді.

      9. Осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ҒМС объектілерін әзірлеушілер жұмыс органына қағаз және электрондық жеткізгіштерде:

      1) ҒМС объектісін;

      2) әзірлеушінің (жеке тұлғалар үшін) және (немесе) әзірлеушінің (заңды тұлғалар үшін) бірінші басшысының қолы қойылған ілеспе хатты;

      3) лауазымы, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, байланыс деректері көрсетілген авторлар мен рецензенттер туралы ақпаратты;

      4) ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме;

      5) ҒМС объектісі ұсынған ғылыми зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмысында тәжірибесі бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымдарының екі тәуелсіз құзыретті мамандарының рецензияларын жібереді.

      10. Жұмыс органы:

      1) ҒМС жүргізу үшін және сарапшыларды сарапшылар тобының құрамына енгізу үшін сарапшылар базасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді және оны уәкілетті органмен келіседі;

      2) әрбір ҒМС объектісіне сараптамалық кемінде бес адамнан тұратын топты хаттамалық шешімемен құрады:

      төраға (төрағаның функцияларын ҒМС өткізуге жауапты Жұмыс органының құрылымдық бөлімшесінің басшысы орындайды);

      ҒМС объектісі ұсынылған ғылыми зерттеулер саласындағы сарапшының(-лардың) жұмыс тәжірибесін ескере отырып, сарапшылар базасынан әзірлеушімен сарапшының (-лардың) үлестестіктің болмауы;

      ҒМС өткізуге техникалық және әдіснамалық сүйемелдеуге жауапты Жұмыс органының мамандары кіреді.

      3) ҒМС қорытындысын:

      уәкілетті органға – осы Қағидалардың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген объектілердің ҒМС өткізу қорытындысы бойынша;

      ҒМС объектісін әзірлеушіге – осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген объектілердің ҒМС өткізу қорытындылары бойынша ұсынады.

      11. ҒМС объектісі сараптама тобының мүшелеріне қағаз немесе электрондық түрде жіберіледі. Әрбір ҒМС объектісі бойынша сараптама жүргізу мерзімі ҒМС объектісінің сараптама тобының мүшелері алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды.

      Сараптама тобының мүшелері сараптама процесінің және ҒМС объектілеріндегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      12. ҒМС жүргізу кезінде сараптамалық топ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларын бағалау ҒМС әдістемесінде көзделген өлшемшарттарды, көрсеткіштерді және оларды бағалау тетіктерін және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстардың және ҒМС ғылыми-медициналық әзірлемелердің нәтижелерін бағалау әдістемесін негізге алады.

      13. ҒМС объектілерінің ҒМС қорытындылары бойынша сараптамалық топ барлық тартылатын сарапшылардың қорытындыларын жинақтайды, әрбір көрсеткіш бойынша орташа балды және ҒМС объектісінің жиынтық бағасын айқындайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ҒМС объектісі сөзсіз қолдау қөрсетіледі (бұл шешім ҒМС объектісі мүмкін болатын ең жоғары балл санының кемінде 70%-ын алған және ескертулер болмаған кезде.

      2). ҒМС объектісі сөзсіз қолдау (бұл шешім ҒМС объектісі мүмкін болатын ең жоғары балл санының кемінде 40%-ын алған және ескертулер болмаған кезде, ҒМС объектісін пысықтау барысында жойылады

      3) ҒМС объектісіне қолдау қөрсетілмейді (осы шешім ҒМС объектісі ұсынылған ҒМС объектісі шеңберінде жойылмайтын баллдар мен ескертулердің ең жоғары ық

      14. ҒМС нәтижесі ҒМС жұмыс органының ресми қорытындысы болып табылады.

      қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобалары бойынша ҒМС қорытындылары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламаның, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстың, денсаулық сақтау практикасына енгізу үшін жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлеменің нәтижелері бойынша ҒМС қорытындылары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Жұмыс органының ҒМС қорытындысы ҒМС жүргізуге тартылған сарапшылар қатарынан жұмыс органы айқындайтын сараптама тобы төрағасының қолымен ұсынылады.

      15. Сараптамалық топ осы Қағидалардың 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген объектілер бойынша ҒМС қорытындысын шығарған сәттен бастап жұмыс органы екі жұмыс күні ішінде ҒМС қорытындысын уәкілетті органға жібереді.

      16. Уәкілетті орган жұмыс органынан ҒМС қорытындысын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ҒМС объектісін мақұлдау және оның ұсынымдары осы ҒМС объектісіне қатысты қабылданған қолданыстағы регламенттер мен рәсімдерге сәйкес одан әрі кезеңдерден өту туралы;

      2) шығарылған ескертулерге сәйкес ҒМС объектісін пысықтау қажеттілігі туралы;

      3) ҒМС объектісін одан әрі қолдаудан бас тарту туралы.

      17. Шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ҒМС объектісіне қатысты қабылданған шешім туралы әзірлеушіні жазбаша хабардар етеді.

      18. Пысықтауға қайтарылған және қайтадан ҒМС-ға ұсынылған ҒМС объектілері жалпы негіздерде қаралады.

      19. ҒМС өткізуден бас тарту үшін:

      1) әзірлеушінің осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбауы;

      2) әзірлеушінің анық емес мәліметтер ұсынуы;

      3) әзірлеушінің бұрын жұмыс органы пысықтауға қайтарған ҒМС объектісін ҒМС қорытындысында шығарылған ескертулерді жоймай қайта ұсынуы негіз болып табылады.

      20. Уәкілетті орган ҒМС өткізуден бас тарту туралы:

      1) осы Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша ҒМС объектісі әзірлеушіден келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      2) осы Қағидалардың 19-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жұмыс органынан тиісті ақпаратты алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

  Ғылыми-медициналық
сараптамажүргізу қағидаларына
1-қосымша

Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының жобаларын бағалаудың тәртібі

Өлшемшарттардың және көрсеткіштердің атауы, оларды бағалау деңгейі

Өлшемшарттардың, көрсеткіштердің және оларды бағалау деңгейлерінің сипаттамасы

Баллдардағы баға

1. Маңыздылығының өлшемшарттары:

Өтінім берілетін ҒМС объектісінің ғылым және практика, зерттелетін проблема бойынша білім саласы үшін маңыздылығы

1.1. Жоспарланатын зерттеудің өзектілігі

Ғылым мен практиканың сұраныстарына сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

Жоғары

ҒМС объектісінде қойылған проблемаларды шешу қазіргі заманғы медициналық ғылым және практика үшін аса маңызды және басым міндет болып табылады

7–10

Біршама жоғары

ҒМС объектісінде қойылған проблемаларды шешу қазіргі заманғы медициналық ғылым және практика үшін маңызды міндет болып табылады

4–6

Қанағаттанарлық

ҒМС объектісінде қойылған проблемаларды шешу қазіргі заманғы медициналық ғылымның және практиканың жергілікті міндеттерінің бірі болып табылады

1–3

Өзекті емес

Ғылымның және практиканың сұраныстарына және міндеттеріне сәйкес келмейді

0

1.2. Күтілетін нәтиженің медициналық ғылымға әсер ету дәрежесі

ҒМС объектісін іске асыру барысында шешілетін медициналық ғылымның проблемаларының деңгейі мен басымдылығымен сипатталады

Жоғары

Медициналық ғылымның аса маңызды проблемаларын шешуге мүмкіндік беріп, оны одан әрі дамытуға түбегейлі әсер тигізеді

7–10

Біршама жоғары

Салалық ғылымдағы басым бағыттарының бірі шеңберінде басты проблеманы шешуде анағұрлым алға қарай жылжуға мүмкіндік беріп, медициналық ғылымды одан әрі дамытуға айқын әсер тигізеді

4–6

Қанағаттанарлық

Салалық ғылымның бар проблемаларының бірін шешу үшін негіз салуға мүмкіндік беріп, медициналық ғылымды дамытуға белгілі әсерін тигізеді.

1–3

Жоқ

Медициналық ғылымды дамыту үшін маңызы жоқ

0

1.3. Теориялық маңызы

Зерттеу нәтижелерінің денсаулық сақтау саласындағы тұжырымдамаларға, тәсілдерге, идеяларға, теориялық түсініктерге әсер ету дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Зерттеудің нәтижелері жаңа идеялардың, қағидаттардың, ғылыми бағыттардың, теориялардың, гипотезалардың, тұжырымдамалардың, негізінен жаңа тәсілдердің, ауруларды емдеуде, диагностикалауда, профилактикада, ұйымдастыруда, басқаруда, оқытуда мүмкіндіктердің пайда болуына әкеледі.

7–10

Біршама жоғары

Зерттеудің нәтижелері мәлім қағидаттарды, амалдарды, әдістерді, ережелерді, теорияларды, тәсілдерді, нысандарды дамытуға және жетілдіруге әкеледі.

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің нәтижелері мәлім оқиғалардың, үдерістердің, тетіктердің, жағдайлардың, заңдылықтардың, қасиеттердің мағынасын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

1–3

Төмен немесе жоқ

Нәтижені пайдаланудың және дамытудың елеулі емес перспективалары бар немесе ол проблеманы шешу үшін ештеңе бермейді.

0

1.4. Практикалық маңызы

Медициналық зерттеулерді практикада пайдаланудың нәтижелері болған денсаулықты қорғау, емдеудің әртүрлі әдістемелерін ұйымдастыру саласындағы нақты жетістіктерді сипаттайды

Жоғары

Практикалық денсаулық сақтау үшін құндылығы жоғары

7–10

Біршама жоғары

Практикалық денсаулық сақтау үшін белгілі құндылығы бар

4–6

Қанағаттанарлық

Практикалық денсаулық сақтау үшін құндылығы төмен

1–3

Маңызы жоқ

Құндылығы жоқ

0

1.5. Болжамды енгізу деңгейін бағалау

Жоспарлы зерттеуді енгізу масштабымен және деңгейімен, экономикалық, әлеуметтік, емдеу-профилактикалық әсердің болуымен және көлемімен сипатталады

Жоғары

Елеулі әсермен республикада кеңінен енгізу

7–10

Біршама жоғары

Елеулі әсермен бірнеше ұйымда енгізу

4–6

Қанағаттанарлық

Әсерді айқындаусыз бір ұйымда енгізу

1–3

Төмен

Енгізу жоспарланбайды, әсер күтілмейді

0

1.6. Енгізудің болжамды көлемдерін және нысандарын бағалау

Зерттеу нәтижелерін енгізудің әлеуетті мүмкін нысандарының маңыздылығымен және көлемімен сипатталады

Жоғары

Патент, денсаулық сақтау жүйесі немесе сала үшін нақты ұсыныстар және ұсынымдар

7–10

Біршама жоғары

Авторлық куәлік, ресми бекітілген әдістемелік ұсыныстар және ережелер, нұсқаулықтар, нұсқаулар

4–6

Қанағаттанарлық

Рационалдық ұсыныс, енгізу актісі

1–3

Төмен

Мекенжайсыз жалпы сипаттағы ұсыныстар және ұсынымдар

0

2. Ғылыми және технологиялық жаңалықтың өлшемшарттары:

Өткізілетін зерттеулер, әзірленетін тұжырымдамалар, шешілетін мақсаттар мен міндеттер жаңалығының деңгейі

2.1. Ғылыми жаңалықтың деңгейі

Зерттеудің проблемасын қалыптастыру және ғылыми негіздеу жаңалығының дәрежесімен, аталған бағытта бұрын зерттеулердің болмауымен сипатталады

Жоғары

Зерттеудің проблемасы алғаш рет қалыптастырылған және ғылыми негізделген, аталған бағытта бұрын зерттеулер өткізілмеген, проблеманы шешудің ұсынылатын жолы бұрын пайдаланылмаған

7-10

Біршама жоғары

ҒМС объектісінде проблеманы шешудің қолданыстағы жолдарын жетілдіруге мүмкіндік беретін зерттеудің проблемасын шешудің түпнұсқалы тәсілдері ұсынылған

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің проблемасын шешуге ұсынылатын тәсілдер тиімділік бойынша мәлім тәсілдерден айтарлықтай аспайды, бірақ жаңалық пен түпнұсқалықтың элементтері бар

1–3

Жоқ

Проблеманы шешуге ұсынылатын тәсілдерде жаңалық және түпнұсқалық жоқ

0

2.2. Зерттеу тұжырымдамасының дәлдігі

Зерттеу тұжырымдамасының нақтылығы мен толықтығының деңгейімен, тұжырымдалған мақсаттардың және міндеттердің сапасымен сипатталады

Жоғары

Зерттеудің нақты тұжырымдамасы. Атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін толық ашады.

7-10

Біршама жоғары

Зерттеудің тұжырымдамасы, атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін толық көлемде ашпайды.

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің тұжырымдамасы, атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін жартылай ғана ашады

1–3

Төмен

Зерттеудің тұжырымдамасы жоқ. Атауы және мақсаты жоспарланатын зерттеудің ғылыми жаңалығын және өзектілігін ашпайды.

0

3. Жобаны немесе бағдарламаны іске асырудың өлшемшарттары

Ұсынылатын зерттеуді өткізу ортасының және жағдайларының қойылған мақсаттарға, міндеттерге және күтілетін нәтижелерге сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

3.1. Ғылыми-әдістемелік деңгей

Жоспарланатын зерттеуді әдістемелік пысықтау дәрежесімен – әдістеме дизайнының қойылған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес келуімен сипатталады

Жоғары

Зерттеу көлемі бойынша жеткілікті материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді толық статистикалық өңдеумен өткізілетін болады

7–10

Біршама жоғары

Зерттеу көлемі бойынша жеткілікті шектелген материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді жартылай статистикалық өңдеумен өткізілетін болады

4–6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің күтілетін нәтижелерінің бірқатар жағдайларда олардың статистикалық нақтылығын, бөлек әдістемелік кемшіліктерін айқындау мүмкіндігінің болмауына, материалдың жеткіліксіз көлеміне байланысты төмен дәлелді күші болуы мүмкін.

1–3

Төмен

Пайдалануға жоспарланатын әдістер белгілі дәрежеде зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне адекватты емес, материалдың көлемі анық емес, нәтижелерді статистикалық өңдеу жоспарланбайды

0

3.2. Бітеменің болуы

Бұрынғы жұмыстың нәтижелері бойынша бағаланатын ҒМС объектісінде қойылған міндеттерді шешу үшін орындаушылар даярлығының деңгейі


Елеулі бітеме

Таңдалған бағыттың дұрыстығын растайтын оң нәтижелердің, зерттеу тақырыбы бойынша жарияланымдардың болуы

7–10

Белгілі бітеме

Таңдалған бағыттың дұрыстығын растайтын бастапқы материалдың болуы, зерттеудің тиісті әдістері игерілген

4–6

Ең төмен бітеме

Зерттеудің әдістері игерілген

1–3

Бітеме жоқ

Зерттеудің тақырыбы бойынша бітеме жоқ

0

3.3. Негізгі орындаушылардың біліктілігі және тәжірибесі

Зерттеулердің таңдалған бағыты бойынша негізгі орындаушылар біліктілігінің және тәжірибесінің дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Орындаушылардың жалпы санынан 70-100%-да қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар (жоспарлы зерттеудің бейініне сәйкес келетін жоғары, ЖОО-на кейінгі немесе қосымша білімі және осы салада кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі)

7–10

Біршама жоғары

Орындаушылардың жалпы санынан 40-69%-да қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар (жоспарлы зерттеудің бейініне сәйкес келетін жоғары, ЖОО-на кейінгі немесе қосымша білімі және осы салада кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі)

4–6

Төмен

Орындаушылардың жалпы санынан 39%-дан кем орындаушыларда қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті біліктілігі бар (жоспарлы зерттеудің бейініне сәйкес келетін жоғары, ЖОО-на кейінгі немесе қосымша білімі және осы салада кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі)

1–3

Жоқ

Жеткіліксіз

0

3.4. Зерттеуді орындау мерзімдерінің негізділігі

Зерттеудің бөлек кезеңдерін және шараларын қоса, оны орындау мерзімдерінің негізділігінің дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Жоспарлы мерзімдерге сәйкес келеді

7–10

Біршама жоғары

Орындау мерзімі көрсетілген мерзімнен 50 %-дан астам емес жоғары немесе қажет етілетін мерзімге қатысты төмендетілген

4–6

Жеткілікті жоғары емес

Орындау мерзімі көрсетілген мерзімнен 50 %-дан астам жоғары немесе қажет етілетін мерзімге қатысты төмендетілген

1–3

Жоқ

Орындау мерзімі негізсіз

0

3.5. Қаржылық негіздемесі

ҒМС объектісін іске асыруға әзірлеуші сұрататын сомалардың шаралардың көрсетілген көлеміне сәйкес келуі ретінде айқындалады

Жоғары

Зерттеулердің көлемдеріне және міндеттеріне толық сәйкес келеді

7–10

Біршама жоғары

Талап етілетін қаржыландыру жоспарлы жұмыстар көлемінің құнынан 50 %-ға дейін асады немесе әлеуетті қажетті сомаға қатысты жеткіліксіз

4–6

Жеткілікті жоғары емес

Талап етілетін қаржыландыру жоспарлы жұмыстар көлемінің құнынан 50 %-дан асады немесе әлеуетті қажетті сомаға қатысты жеткіліксіз

1–3

Жоқ

Тиісті қаржылық негіздеме жоқ

0

4. ҒМС объектісін
құрастыру және ресімдеу сапасының өлшемшарттары

Ұсынылатын ҒМС объектісінің көпшілік мақұлдаған нормаларға және ғылыми жобаларды жазу мен ресімдеудің бекітілген талаптарына сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

4.1. Ғылыми жобаны немесе бағдарламаны құрастырудың сапасы

ҒМС объектісінің құрылымы мен мазмұнының белгіленген талаптарға сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

Жоғары

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар және ашылған – өзектілігі, мақсаты, міндеттер, зерттеудің дизайны және басқа. Жобаны жазудың жақсы ғылыми стилі ұсталған.

7-10

Біршама жоғары

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ толық көлемде ашылмаған. Жобаны жазудың ғылыми стилистикасы бойынша елеулі емес ескертулер бар.

4–6

Қанағаттанарлық

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ кейбіреуі ашылмаған деуге болады. Жобаны жазудың ғылыми стилистикасы бойынша елеулі ескертулер бар.

1–3

Жоқ

ҒМС объектісінде бірқатар қажетті бөлімдер жоқ, бар бөлімдер ашылмаған деуге болады. Өрескел стилистикалық және орфографиялық қателіктер бар.

0

4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келуін бағалау

Көтерілетін проблема бойынша пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келу дәрежесімен және олардың жаңалығының деңгейімен сипатталады

Жоғары

Пайдаланылатын ғылыми-анықтамалық аппарат – қолданыстағы МемСТ-қа сәйкес келеді, сызбалар, кестелер, графиктер, суреттеме және т.б. түрінде қосымшалары бар. Авторлар шешілетін проблемаға тікелей қатынасы бар және ғылыми әдебиетте кем дегенде 5 жыл бұрын жарияланған анағұрлым маңызды әдеби көздерге сілтеме жасайды

7–10

Біршама жоғары

Авторлар пайдаланған ғылыми еңбектер және әдебиет қозғалатын мәселеге біршама сәйкес келеді және негізінде жаңалығы бар. (жариялымдардың цитат келтіру мерзімі 10 жылдан аспайды)

4–6

Төмен

Авторлар пайдаланған ғылыми еңбектер және әдебиет негізінде қозғалатын мәселеге сәйкес келмейді және жаңашылық болып табылмайды (жариялымдардың цитат келтіру мерзімі 10 жылдан астам)

1–3

Жоқ

Жұмыста ғылыми еңбектер мен жариялымдарға сілтемелер жоқ

0

      Әрбір көрсеткіш (k) 10 балдық шкала бойынша бағаланады. Әрбір жоба (бағдарлама) үшін КƩk жалпы баллдық баға (жоба (бағдарлама) алатын ең жоғары мүмкін балл-150) және ықтимал ең жоғары баллдан жоба (бағдарлама) алған пайыз (К%) қойылады.

      К% = (КƩk) x 100) және (немесе) 150

      Ғылыми-медициналық сараптама қорытындысы бойынша сараптамалық топ келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ҒМС объектісі сөзсіз қолдау қөрсетіледі (бұл шешім ҒМС объектісі мүмкін болатын ең жоғары балл санының кемінде 70%-ын алған және ескертулер болмаған кезде.

      2). ҒМС объектісі сөзсіз қолдау (бұл шешім ҒМС объектісі мүмкін болатын ең жоғары балл санының кемінде 40%-ын алған және ескертулер болмаған кезде, ҒМС объектісін пысықтау барысында жойылады

      3) ҒМС объектісіне қолдау қөрсетілмейді (осы шешім ҒМС объектісі ұсынылған ҒМС объектісі шеңберінде жойылмайтын баллдар мен ескертулердің ең жоғары ықтимал санының 40%-нан азын алған кезде қабылданады).

  Ғылыми-медициналық
сараптама жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстардың және денсаулық сақтау практикасына енгізілуге жоспарланатын ғылыми-медициналық әзірлемелердің нәтижелерін бағалаудың тәртібі

Өлшемшарттардың және көрсеткіштердің атауы

Өлшемшарт және (немесе) индикатордың сипаттамасы

Баллдардағы баға

1. Маңыздылығының өлшемшарттары:

Ғылым және практика үшін алынған нәтижелердің маңыздылығы, зерттелетін проблема бойынша білімдердің салалары

1.1. Ғылыми маңыздылық деңгейі

Медициналық ғылым үшін ҒМС ғылыми объектісін іске асыру барысында шешілген мәселелер мен міндеттердің деңгейімен және басымдылығымен сипатталады.

Жоғары

Денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірінің шеңберінде басты мәселелердің бірін шешуде елеулі алға жылжуға мүмкіндік беретін, ғылым мен практиканы әрі қарай дамытуға түбегейлі әсер етеді

7––10

Біршама жоғары

Денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірінің шеңберінде басты мәселелердің бірін шешуге мүмкіндік беретін, ғылым мен практиканы әрі қарай дамытуға түбегейлі әсер етеді

4––6

Қанағаттанарлық

Денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы мәселелерді шешу үшін негізді қалауға мүмкіндік беретін, ғылым мен практиканы әрі қарай дамытуға белгілі бір әсері бар

1––3

Жоқ

Ғылымды дамыту үшін маңыздылығы жоқ

0

1.2. Практика үшін маңыздылығы

Алынған нәтижелердің заманауи практикалық денсаулық сақтау сұрау салуларына сәйкестік деңгейімен сипатталады

Жоғары

Алынған нәтижелердің заманауи практикалық денсаулық сақтау үшін жоғары дәрежелі және басым мағынасы бар

7––10

Біршама жоғары

Алынған нәтижелер заманауи практикалық денсаулық сақтау үшін өте маңызды

4––6

Қанағаттанарлық

Алынған нәтижелердің заманауи практикалық денсаулық сақтау үшін белгілі бір (жергілікті) мағынасы бар

1––3

Жоқ

Практиканы дамыту үшін маңыздылығы жоқ

0

1.3. Болжамды енгізудің деңгейі және көлемдері

Алынған нәтижелерді енгізу масштабымен және деңгейімен, экономикалық, әлеуметтік, емдеу-профилактикалық әсердің болуымен және мөлшерімен сипатталады

Жоғары

Маңызды әсерімен республикада кеңінен енгізу

7––10

Біршама жоғары

Маңызды әсерімен бірнеше ұйымдарда енгізу

4––6

Қанағаттанарлық

Әсерін анықтаусыз бір ұйымда енгізу

1––3

Төмен

Енгізудің мәні жоқ

0

1.4. Енгізуге зерттеулер нәтижелерінің дайындық деңгейі

Зерттеулер нәтижелері лезде енгізілуі мүмкін немесе қосымша қаражаттарды, уақытты, шығындарды, іс-шараларды талап ететіндігін көрсететін көрсеткіш.

Жоғары

Зерттеу нәтижелері қосымша қаражаттарды, уақытты, шығындарды, іс-шараларды талап етпейтіндіктен лезде енгізіле алады

7––10

Біршама жоғары

Зерттеу нәтижелері енгізуге дейін қосымша тексерісті, сынақтар, іс-шаралар өткізуді, технологияларды өзгертуді және т.б. қажет етеді

4––6

Қанағаттанарлық

Күшті, қаражаттарды жұмылдыруды және даярлық іс-шараларды өткізуді қажет ететіндіктен енгізу көп уақытты қажет етеді.

1––3

Жоқ

Енгізу жөнсіз.

0

1.5. Енгізудің болжамды нысандарын бағалау

Енгізу нысандарын зерттеу нәтижелері бойынша маңыздылықпен сипатталады

Жоғары

Патент, қызметтің жаңа нысаны немесе саласы

7––10

Біршама жоғары

Авторлық куәлік, ресми түрде бекітілген әдістемелік ұсынымдар, нұсқаулар және нұсқаулықтар

4––6

Қанағаттанарлық

Рационализаторлық ұсыныс, енгізу актісі

1––3

Төмен

Денсаулық сақтау жүйесіне арналған ұсынымдар мен ұсыныстар жоқ немесе мекенжайсыз сипаты бар

0

2. Ғылыми және технологиялық жаңалық өлшемшарттары:

Алынған нәтижелердің, әзірленген тұжырымдамалардың және болжамдардың деңгейі

2.1. Ғылыми жаңалық деңгейі

Зерттеудің проблемасын шешудің ұсынылатын жолының жаңалығы деңгейімен сипатталады

Жоғары

Аталған бағытта зерттеу бұрын жүргізілген жоқ, зерттеудің проблемасын шешудің ұсынылатын жолы бұрын қолданылған жоқ

7––10

Біршама жоғары

ҒМС объектісінде проблеманы шешудің қолданыстағы жолын жетілдіруге мүмкіндік беретін қолданыстағы проблеманы шешудің біртума тәсілдері ұсынылды

4––6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің проблемасын шешуге ұсынылатын тәсілдер тиімділік бойынша қолданыстағылардан анағұрлым аспайды, бірақ жаңалығы және біртумалығы бар.

1––3

Төмен

Проблеманы шешуге ұсынылған тәсілдердің жаңалығы және біртумалығы жоқ.

0

2.2. Алынған нәтижелердің ғылыми деңгейі

Қойылған проблеманы/мәселені шешу толықтығының деңгейімен сипатталады

Жоғары

Зерттеудің қойылған проблемасы және (немесе) мәселесі толықтай шешілді, алынған нәтижелер қолданыстағы шешімдердің деңгейінен асады.

7––10

Біршама жоғары

Зерттеудің қойылған проблемасы және (немесе) мәселесі толықтай шешілді, алынған нәтижелер қолданыстағы шешімдердің деңгейінен жартылай асады

4––6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің қойылған проблемасы және (немесе) мәселесі жартылай ашылған, алынған нәтижелер қолданыстағы шешімдердің деңгейінде, бірақ кейбір басымдылықтары бар

1––3

Жоқ

Зерттеудің қойылған проблемасы және (немесе) мәселесінің шешімі жоқ немесе ол қолданыстағы шешімдердің деңгейінен төмен

0

3. Зерттеудің күтілетін нәтижелеріне жету өлшемшарттары

Зерттеудің күтілетін нәтижелеріне жету деңгейімен, олардың негізділігімен және белгіленген мерзімдер мен қаржыландыру көлеміне сәйкестігімен сипатталады

3.1. Қойылған мақсаттар мен міндеттерге зерттеу нәтижелерінің сәйкестігі

Нәтижелер зерттеу басында қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді

Жоғары

Барлық алынған нәтижелер қойылған мақсаттар мен міндеттерге толықтай сәйкес келеді

7––10

Біршама жоғары

Алынған нәтижелер негізінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келеді, қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейтін жеке нәтижелері бар

4––6

Қанағаттанарлық

Алынған нәтижелер қойылған мақсаттарға және міндеттерге жартылай сәйкес келеді

1––3

Жоқ

Алынған нәтижелер қойылған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес келмейді

0

3.2. Ғылыми-әдістемелік деңгей

Зерттеу нәтижелерінің негізділік деңгейімен: қорытындымен, байламдармен және ұсынымдармен сипатталады.

Жоғары

Зерттеу көлемі бойынша жеткілікті материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді толық статистикалық өңдеумен өткізілетін болады

7––10

Біршама жоғары

Зерттеу көлемі бойынша шектеулі материалда, дұрыс әдістерді пайдаланумен және алынған нәтижелерді жартылай статистикалық өңдеумен өткізілетін болады

4––6

Қанағаттанарлық

Зерттеудің күтілетін нәтижелерінің бірқатар жағдайларда олардың статистикалық нақтылығын, бөлек әдістемелік кемшіліктерін айқындау мүмкіндігінің болмауына, материалдың жеткіліксіз көлеміне байланысты төмен дәлелді күші болуы мүмкін.

1––3

Төмен

Осы материалда пайдаланылған әдістер қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз етпеді

0

3.3. Зерттеу жоспарына сәйкес келу

Есептілік мерзіммен белгіленген міндеттерді толық орындаумен, зерттеулердің жеке кезеңдерін іске асыру дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Барлық міндеттер мен іс-шаралар уақытында орындалған

7––10

Салыстырмалы жоғары

Міндеттер жартылай орындалған, кейін қалғандары маңызсыз

4––6

Қанағаттанарлық

Міндеттер жартылай орындалған, кейін қалғандары айтарлықтай маңызды

1––3

Төмен

Қойылған іс-шаралар көбінде орындалған жоқ

0

4. Ғылыми зерттеулердің есебін құрастыру және рәсімдеу сапасының өлшемшарттары

Ұсынылған ҒМС объектісінің ғылыми жұмыстарды жазу мен рәсімдеудің көпшілік мақұлдаған нормаларға және белгіленген талаптарға сәйкес келу дәрежесімен сипатталады


4.1. Ғылыми зерттеу есебін құрастыру сапасы

Белгіленген талаптарға ҒМС объектісі құрылымының және жобаны ұстаудың сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

Жоғары

ҒМС объектісі ҒЗЖ құрастыруға қойылатын белгіленген стандарттарға және талаптарға толық сәйкес келеді. Есепті жазудың жақсы ғылыми стилі ұсталды.

7—10

Салыстырмалы жоғары

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ олар жеткіліксіз көлемде ашылған. ҒМС объектісін жазудың ғылыми стилистикасы бойынша кішкене ескертулер бар.

4––6

Қанағаттанарлық

ҒМС объектісінде қажетті бөлімдер бар, бірақ кейбіреулері айтарлықтай ашылмаған. ҒМС объектісін жазудың ғылыми стилистикасы бойынша айтарлықтай ескертулер бар.

1––3

Жоқ

ҒМС объектісінде бірқатар қажетті бөлімдер жоқ немесе бар бөлімдер толық ашылмаған. Өрескел стилистикалық және орфографиялық қателер бар.

0

4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келуін бағалау

Шешілетін проблема және олардың жаңару деңгейі бойынша пайдаланған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келу дәрежесімен сипатталады

Жоғары

Қолданылатын ғылыми-анықтамалық аппарат – қолданыстағы МЕМСТ сәйкес келеді, сызбалар, кестелер, графиктер, иллюстрациялар және басқалар түрінде қосымшасы бар. Авторлар шешілетін проблемаға тікелей қатысы бар және 5 жылдан астам емес ғылыми әдебиетте жарияланған маңызды әдебиеттік көздерге жүгінеді.

7––10

Салыстырмалы жоғары

Авторлар қолданған ғылыми еңбектер және әдебиет көтерілетін проблемаға салыстырмалы сәйкес келеді және негізгі қауымда жаңалыққа ие (дәйексөзді мақалалардың мерзімі 10 жылдан астам емес)

4––6

Төмен

Авторлар қолданған ғылыми еңбектер және әдебиет көтерілетін проблемаға салыстырмалы сәйкес келмейді және негізгі қауымда жаңалығы жоқ (дәйексөзді мақалалардың мерзімі 10 жылдан астам)

1––3

Жоқ

Жұмыста сілтемелер жоқ немесе моральді тұрғыдан ескірген ғылыми еңбектер мен мақалаларға сілтемелер бар.

0

      Ескерту: Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген объект ҒМС объектісі болған жағдайда.

      Әрбір көрсеткіш (k) 10 балдық шкала бойынша бағаланады. Әрбір жоба (бағдарлама) үшін КƩk жалпы баллдық баға (жоба (бағдарлама) алатын ең жоғары мүмкін балл-120) және ықтимал ең жоғары баллдан жоба (бағдарлама) алған пайыз (К%) қойылады.

      К% = (КƩk) x 100) және (немесе) 120

      Ғылыми-медициналық сараптама есебінің қорытындысы бойынша сараптамалық комиссия мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ҒМС объектісі сөзсіз қолдауға лайық (осындай шешім ҒМС объектісі алынуы мүмкін баллдардың ең көп санының 70%-нан көбін алған жағдайда қабылдануы мүмкін және жұмыс барысында жойылатын, алынған нәтижелердің ғылыми және практикалық құндылығына әсер етпейтін ымырасыз ескертулері және/немесе бірнеше ескертулері болмаса) және МҒТС-қа бағыттау үшін ұсынылды.

      2) ҒМС объектісі аталған ескертулер пысықталған жағдайда қолданылуы мүмкін (осындай шешім ҒМС объектісі алынуы мүмкін баллдардың ең көп санының 40%-нан көбін алған жағдайда қабылдануы мүмкін және жұмысты әзірлеу сапасына, ғылыми және практикалық құндылығына қатысты бірқатар ескертулері бар болса, бұл ретте жобаны ҒМС объектісін пысықтау барысында кемшіліктер жойылуы мүмкін).

      3) ҒМС объектісіне қолдау қөрсетілмейді (осы шешім ҒМС объектісі ұсынылған ҒМС объектісі шеңберінде жойылмайтын баллдар мен ескертулердің ең жоғары ықтимал санының 40%-нан азын алған кезде қабылданады).

  Ғылыми-медициналық сараптама
  жүргізу қағидаларына 3-қосымша

Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасының жобасы бойынша ғылыми-медициналық сараптама қорытындысы

      Ғылыми-медициналық сараптама объектісінің атауы: _________________

      ҒМС объектісінің әзірлеушісі: ____________________________________

      Ғылыми басшы: ________________________________________________

      Орындау мерзімі: _______________________________________________

      Қаржыландыру көлемі (гранттық, бағдарламалық-мақсаттық):_________

Өлшемшарттар мен көрсеткіштердің атауы, оларды бағалау деңгейі

Баллдардағы баға

1. Маңыздылық өлшемшарттары:


1.1. Жоспарланатын зерттеудің өзектілігі


1.2. Күтілетін нәтиженің медициналық ғылымға әсер ету дәрежесі


1.3. Теориялық маңыздылығы


1.4. Практикалық маңыздылығы


1.5. Енгізудің болжамды деңгейін бағалау


1.6. Енгізудің болжамды көлемдерін және нысандарын бағалау


2. Ғылыми және технологиялық жаңалықтың өлшемшарттары


2.1. Ғылыми жаңалықтың деңгейі


2.2. Зерттеу тұжырымдамасының дәлдігі


3. Жобаны іске асыру критерийлері


3.1. Ғылыми-әдістемелік деңгей


3.2. Бітеменің болуы


3.3. Негізгі орындаушылардың біліктілігі және тәжірибесі


3.4. Зерттеуді орындау мерзімдерінің негізділігі


3.5. Қаржылық негізділігі


4. ҒМС объектісін құрастыру және ресімдеу сапасының өлшемшарты


4.1. Ғылыми бағдарламаның жобасын құрастыру сапасы


4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектердің және әдебиеттің сәйкес келуін бағалау


      ҒМС объектісіне нақты түсініктемелер ______________________________

      Объективті тексеруге кедергі келтіретін мән-жайлардың болуы немесе болмауы

      _____________________________________________________

      Қорытынды __________________________________________________

      Сараптама тобының төрағасы

      Сараптау тобының құрамы

      Хатшы

  Ғылыми-медициналық
сараптама жүргізу қағидаларына
4-қосымша

Аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылатын ғылыми жұмыстардың және денсаулық сақтау практикасына енгізілуге жоспарланатын ғылыми-медициналық зерттемелердің нәтижелерін ғылыми-медициналық сараптау қорытындысы

      Ғылыми-медициналық сараптама объектісінің атауы: _________________

      ҒМС объектісінің әзірлеушісі: ____________________________________

      Ғылыми басшы: ________________________________________________

      Орындау мерзімі: _______________________________________________

      Қаржыландыру көлемі (гранттық, бағдарламалық-мақсаттық):_________

Өлшемшарттар мен көрсеткіштердің атауы, оларды бағалау деңгейі

Баллдардағы баға

1. Маңыздылық өлшемшарты:


1.1. Ғылыми маңыздылық деңгейі


1.2. Практика үшін маңыздылық


1.3. Болжамды енгізудің деңгейі және көлемі


1.4. Енгізуге зерттеулер нәтижелерінің дайындық деңгейі


1.5. Енгізудің болжамды нысандарын бағалау


2. Ғылыми және технологиялық жаңалық критерийлері:


2.1. Ғылыми жаңалық деңгейі


2.2. Алынған нәтижелердің ғылыми деңгейі


3. Зерттеудің күтілетін нәтижелеріне жету критерийлері


3.1. Зерттеу нәтижелерінің қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келуі


3.2. Ғылыми-әдістемелік деңгей


3.3. Зерттеу жоспарына сәйкестік


4. ҒМС объектісін құрастыру және ресімдеу сапасының өлшемшарты


4.1. ҒМС объектісін құрастыру сапасы


4.2. Пайдаланылған ғылыми еңбектер мен әдебиеттердің сәйкестігін бағалау


      ҒМС объектісіне нақты түсініктемелер ______________________________

      Объективті тексеруге кедергі келтіретін мән-жайлардың болуы немесе болмауы

      _____________________________________________________

      Қорытынды __________________________________________________

      Сараптама тобының төрағасы

      Сараптау тобының құрамы

      Хатшы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады