"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 27-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрі | |
2020 жылғы 11 желтоқсандағы | |
№ ҚР ДСМ-254/2020 бұйрықпен | |
бекітілген |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.07.2021 № ҚР ДСМ-64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 27-бабының 9-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) басқарушылық қызметке даярлықты растау жөніндегі аккредиттелген ұйым (бұдан әрі – аккредиттелген ұйым) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21852 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттау жөніндегі басқарушылық қызметке даярлығын растауды жүзеге асыратын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген заңды тұлға;
2) денсаулық сақтау саласындағы менеджер - мемлекеттік медициналық ұйымды басқаруды жүзеге асыратын бірінші басшы;
3) денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты (бұдан әрі – сертификат) - мемлекеттік медициналық ұйымды басқару жөніндегі қызметпен айналысуға белгіленген үлгідегі құжат;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) үздіксіз кәсіптік даму - қосымша және формальды емес білім беру, кәсіптік білім мен шеберлікті жетілдіруге, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған кәсіптік даму, құзыреттілік деңгейі, практикалық жұмыс өтілі жөніндегі өзге де іс-шаралар;
6) үміткер – осы Қағидаларға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алуға немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растауға үміткер маман.
3. Денсаулық сақтау саласындағы менеджерлерді сертификаттау (бұдан әрі – сертификаттау) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау және (немесе) бизнес, басқару және құқық даярлау бағыты бойынша жоғары кәсіптік білімі және денсаулық сақтау, бизнес және басқару даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдардың басқарушылық қызметті жүзеге асыруға сәйкестігін растау үшін жүргізіледі.
4. Сертификат бес жыл мерзімге беріледі және әрбір бес жыл сайын расталады.
2 тарау. Менеджерді сертификаттау тәртібі денсаулық сақтау саласындағы
5. Сертификаттауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес соңғы 5 (бес) жыл ішінде үздіксіз кәсіптік даму іс-шараларын растаған және аккредиттелген ұйымда білімді бағалаудан және ахуалдық міндеттерді (кейс-тестинг) шешуден өткен үміткерлер жіберіледі. Аккредиттелген ұйымның шешімі үміткердің өтініші тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне даярлығын растау туралы қорытынды нысанында рәсімделеді.
6. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жоғары (кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі) білім алған үміткерлер "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес олардың білімі және (немесе) біліктілігі танылған жағдайда сертификаттауға жіберіледі.
7. Сертификаттаудан өту үшін үміткер өзінің жұмыс орны бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау менеджерінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты қызметкер тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Үміткер барлық қажетті құжаттарды www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсырған кезде үміткердің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ сертификаттау нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Үміткер жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Үміткер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы үміткердің "жеке кабинетіне" жібереді.
9. "Денсаулық сақтау менеджерінің сертификатын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.
11. Көрсетілетін қызметті беруші іске асырылған интеграция (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мынадай цифрлық құжаттарды алады:
1) жеке басты куәландыратын;
2) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген үміткерлер үшін "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыттары бойынша жоғары кәсіптік білімінің, "Қоғамдық денсаулық сақтау" және "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша қайта даярлаудың және (немесе) қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы туралы;
3) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін өзгерткен үміткерлер үшін атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін ауыстыру туралы немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттар (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Денсаулық сақтау саласындағы менеджер" сертификатын беру не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы үміткердің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.
14. Сертификаттың қолданысын растауды көрсетілетін қызметті беруші әрбір 5 (бес) жыл сайын сертификаттаудан өту жолымен жүргізеді.
3 тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің, медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы не денсаулық сақтау саласындағы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органдар басшысының атына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.
Тіркелген күннен бастап шағымдарды қарау мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші - 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
16. Үміткер мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларына | |
1-қосымша | |
нысан |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің кәсіби дамуы бойынша іс шараларына талаптар
Кәсіби даму жөніндегі іс-шаралары | Есепке алу | Саны (ең төменгі деңгей) | Растайтын құжаттар |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер бастапқы сертификатын алған жағдайда | |||
Сертификаттау курсы | кредит | 10 | Куәліктің көшірмесі қоса берілген куәлікке (транскрипт) |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысы расталған жағдайда | |||
Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасының деңгейіне сәйкес келетін мамандық бейіні бойынша біліктілікті арттыру | Сағат/ кредит | 150/5 | Куәліктің көшірмесі |
Съезд, конгресс, конференция жұмыстарына: | қатысу | 2 | Қатысушы сертификаты және (немесе) конференция бағдарламасына баяндамашының тегі, аты, әкесінің аты, тақырыбы, өткізу орны, ұйымдастырушы өткізетін күнін көрсете отырып |
Мамандық бейіні бойынша күндізгі оқыту семинарларына, тренингтерге, мастер-класстарға қатысу | қатысу | 5 | Оқудан өткені туралы сертификаттың көшірмесі |
Мамандық бейіні бойынша вебинарларға қатысу, курстар (онлайн форматында болуы мүмкін), қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, өзге де оқытып үйрету іс-шараларға қатысу | қатысу | 5 | Оқудан өткені туралы сертификаттың көшірмесі |
Мамандық бейіні бойынша жариялау (бірінші автордың немесе авторлық бірлестікте): | жариялым | 5 |
Электрондық көшірмесі жарияланған басылымдар: |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларына | |
2-қосымша | |
нысан |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне дайындығын растау туралы қорытынды
СУРЕТІ
Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________
___________________________
____________________________
___________________________
Өтініш берілген мамандық ___________________________
1-кезең. Үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау: расталған немесе расталмаған (қажеттісінің астын сызу)
2-кезең. Білімді бағалау және жағдайлық міндеттерді шешу:
2.1 Білімді бағалау: Тестілеу нәтижесі - ___ балл ( _ %).
2.2 Жағдайлық есептерді шешу (кейс-тестинг) - ____ балл (___%).
Денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқарушылық қызметіне дайындығын растау туралы қорытынды: расталды/расталған жоқ (қажеттісінің астын сызу)
Күні: ________________________
Төрағасы_____________ _
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Ескертпе: осы қорытындының нәтижелерімен не денсаулық сақтау саласындағы менеджердің басқару қызметіне даярлығын растау кезеңдерінің бірімен келіспеген жағдайда, үміткер осы қорытындыны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттелген ұйымның апелляциялық комиссиясына шағым жасайды. Шағымды қарау мерзімі 5 (жұмыс) күннен аспайды. Шағымды қарау нәтижесі жаңа қорытынды беру не бас тарту себебі негізделген хат болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларына | |
3-қосымша | |
нысан |
"Денсаулық сақтау менеджерінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб-порталы (www.egov.kz, www.elicense.kz) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күн |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік медициналық ұйымды басқару жөніндегі қызметпен айналысуға денсаулық сақтау саласындағы менеджердің сертификаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Төлем мөлшері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағатат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағатат 09.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу үшін үміткер (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мынадай құжаттарды ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қойылатын өзге де талаптар |
1. Үміткердің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "Жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай контакт-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
"Денсаулық сақтау менеджерінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына | |
1-қосымша |
нысан
________________________ | |
(мекеменнің атауы) | |
______________ басшысына | |
(тегі, аты, әкесінің аты | |
(бар болса) | |
кімнен | |
________________________ | |
(тегі, аты, әкесінің аты | |
(бар болса) | |
________________________ |
Өтініш
Сізден мені сертификаттау немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын (қажеттісінің астын сызу) растау рәсіміне жіберуіңізді сұраймын.
___________________ ___________________ Күні үміткердің қолы
"Денсаулық сақтау менеджерінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына | |
2-қосымша |
Мәліметтер нысаны I. Жалпы мәліметтер
Тегі | |||||
Аты | |||||
Әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |||||
ЖСН | |||||
Туған күні | жылы | айы | күні | ||
Жасы | |||||
Ұлты | |||||
Жынысы | ер | әйел | |||
Азаматтығы | |||||
Ұялы телефоны | |||||
Жұмыс телефоны | |||||
Электронды пошта | |||||
Жеке куәлік мәліметтері | № | берген мекеме, күні |
II. Білімі
№ | Оқу орнының атауы мен орналасқан жері | Түскен жылы | Бітірген жылы | Мамандық | Біліктілігі (дипломның немесе куәліктің №) |
1 | |||||
2 |
Интернатура, резидентура, клиникалық ординатура өткендігі туралы мәлімет (медициналық білімі болған жағдайда)
№ | Оқу орнының атауы мен орналасқан жері | Түскен жылы | Бітірген жылы | Мамандық | Біліктілігі (куәліктің №) |
1 | |||||
2 |
Соңғы 5 жылдағы біліктілікті арттыру және қайта даярлау курсы
№ | Курс атауы | Өткен жылы | Сағатат саны | Өткен орны және сертификат № |
1 | ||||
2 |
III. Еңбек қызметі
№ | Жұмыс орны | Лауазымы | Лауазымда болған уақыты | ||||
1 | |||||||
2 | |||||||
"Денсаулық сақтау саласындағы менеджер" сертификаттауды бағалау рәсімінен өту | Алғаш рет | Қайта |
Қосымша мәліметтер ____________________________________
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларына | |
4-қосымша | |
нысан |
"Денсаулық сақтау саласындағы менеджер" сертификаты _____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мемлекеттік медициналық ұйымды басқаруды жүзеге асыру үшін оның кәсіби дайындығын сипаттайтын сертификат алғанын растайды
Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының бұйрығы:
беру "____" ____________20 ____ № _____
Сертификат дейін жарамды "____" ___________ 20____ жыл
Тіркеу № ____
Берілген күні "____" ___________ 20 ___ жыл
Денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларына | |
5-қосымша | |
Нысан |
[Көрсетілетін қызметті берушінің атауы] | [Көрсетілетін қызметті берушінің атауы] |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
Берілген күні: [Берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны: Облыс:
[Облыс] Аудан: [Аудан]
Қала/елді мекен: [Қала/елді мекен]
[бизнес сәйкестендіру нөмірі] [БСН]
Мемлекеттік тіркеу күні [Күні]
Бас тату себебі:
[Бас тату себебі] [Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]
[Қол қоюшының лауазымы] [тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]