"Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 667 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 21877 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 қаңтарда № 14 (28238) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мүгедектерді тасымалдау үшін, соның ішінде кресло-арбада отыратын мүгедектерді тасымалдауға арнайы бейімделген "Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2272-2012 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін жеңіл автокөлік құралдары пайдаланылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Инватакси қызметін көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау туралы шартта айтылады, ол соның ішінде:

      инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі;

      инватаксидің тәулік бойы күндізгі және түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс режимі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Жергілікті атқарушы органдардың инватакси қызметтеріне ақы төлеуі автомобиль көлігінің тәулігіне сағатпен (машина-сағатпен) өлшенген нақты жұмыс уақытын негізге алады.";

      28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 44 бұйрық) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 18-қосымшаға сәйкес бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер болып табылады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдері бар мүгедекті немесе мүгедек баланы сапарда бір адам еріп жүреді. Еріп жүретін адам үшін сапар тегін.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады