"Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 312-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 21957 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Е. Казанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 312-НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен
бекітілген

Биржалық тауарлардың тізбесі


Топ

Тауар

Тауарлардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауарларды жеткізу партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасы арқылы ғана жүзеге асырылады

Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауардың ең төменгі үлесі және аталған міндет қолданылатын субъектілердің санаттары

1

2

3

4

5

6

7

1

Энергия тасығыштар

Көмір

Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері*

2701

60 тонна (көмір өндіруші компаниялар көмірді коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін сату кезінде)


Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір*

2702

60 тонна (көмір өндіруші компаниялар көмірді коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін сату кезінде)


2

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Бидай және меслин

Бидай және меслин

1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0

300 тонна


1-сұрыпты бидай ұны***

1-сұрыпты бидай ұны

1101001500

60 тонна


Қант

Қант

1701

60 тонна


Арпа

Арпа

1003 10 000 0, 1003 90 000 0

600 тонна




Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

1201

60 тонна




Балғын немесе тоңазытылған картоп


0701

60 тонна




Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшыраған мақта талшығы


5203 00 000 0

600 тонна


3

Минералды өнімдер

Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер


2523

60 тонна


4

Мұнай өнімдері

битум****

мұнай битумы

2713 20 000 0


10%



автомобиль бензині**

автомобиль бензині октандық саны 92 немесе одан да көп, бірақ 95-тен кем

2710 12 413 0





автомобиль бензині**

автомобиль бензині октандық саны 95 немесе одан да көп, бірақ 98-тен кем

2710 12 450 0





автомобиль бензині**

автомобиль бензині октандық саны 98 немесе одан да көп

2710 12 490 0





реактивті қозғалтқыштарға арналған отын**

реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

2710 19 210 0





дизель отыны

жазғы дизель отыны

2710 19 421 0





дизель отыны**

қысқы дизель отыны

2710 19 422 0





дизель отыны**

арктикалық дизель отыны

2710 19 423 0





дизель отыны**

маусымаралық дизель отыны

2710 19 424 0





дизель отыны**

өзге дизель отыны

2710 19 425 0



      ________________________________

      * - көрсетілген тізбе көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылмайды;

      ** - 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді;

      *** - 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі;

      **** - 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады