2021 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 544 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 21987 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бірінші бөлігінің 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2021 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 544 бұйрығына
қосымша

2021 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс

Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберіндегі қаржыландырудың жылдық көлемі

Қаржыландырылатын орындар саны

Жатақхана салынған жағдайда жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері

Реконструкция жасалған жағдайда жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері

4 110 094
мың теңге

45 000

1) сейсмикалық қауіптілігі 9 балл және одан жоғары, сондай – ақ студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханалардағы орындардың тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан жоғары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда құрылыс салынған жағдайда – қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есептемегенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 144 еселенген мөлшері;
2) астананы қоса алғанда, өзге де елді мекендерде құрылыс салу кезінде – ҚҚС-ны есепке алмағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшері

ҚҚС есептемегенде, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады