"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 01-61 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 21755 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 1-22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімінің 21.12.2023 № 1-22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы" Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-21 шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1193 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

      № 327 сайлау учаскесіндегі "№ 7 қалалық емхана, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, № 25" деген сөздер мен сандар "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, № 25/3" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 328 сайлау учаскесіндегі "№ 7 қалалық емхана, Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, № 29" деген сөздер мен сандар "№ 64 мектеп-лицей, Ғ. Мүсірепов көшесі, № 15" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      жоғарыда көрсетілген шешімге 2-қосымшада

      № 81 сайлау учаскесіндегі "№ 8 қалалық емхана, Ә. Сембинов көшесі, № 4" деген сөздер мен сандар "№ 26 "Үміт" балабақшасы, генерал С. Рақымов көшесі, № 33" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 82 сайлау учаскесіндегі "№ 8 қалалық емхана, Ә. Сембинов көшесі, № 4/1" деген сөздер мен сандар "Нұрсәулет" бизнес-орталығы, А. Иманов көшесі, № 13" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      жоғарыда көрсетілген шешімге 4-қосымшада:

      № 144 сайлау учаскесіндегі "Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театры, Ж. Омаров көшесі, № 47б" деген сөздер мен сандар "Музыкалық жас көрермен театры, Ж. Омаров көшесі, № 47б" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 161 сайлау учаскесіндегі "№ 2 қалалық емхана, Республика даңғылы, № 50" деген сөздер мен сандар "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Сарыарқа" ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Республика даңғылы, № 52" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 187 сайлау учаскесіндегі "№ 5 қалалық емхана, Ақан сері көшесі, № 20" деген сөздер мен сандар "І. Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназия, Ақан сері көшесі, № 22" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 200 сайлау учаскесіндегі "№ 10 қалалық емхана, Ш. Қосшығұлұлы көшесі, № 8" деген сөздер мен сандар "№ 65 мектеп-лицей, № 187 көше, № 18/4" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 201 сайлау учаскесіндегі "№ 10 қалалық емхана, Ш. Қосшығұлұлы көшесі, № 8" деген сөздер мен сандар "С. Сейфуллин атындағы № 80 мектеп-гимназия, Ш. Қосшығұлұлы көшесі, № 17/2" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 348 сайлау учаскесіндегі "№ 5 Отбасылық денсаулық орталығы, Қима көшесі, № 4" деген сөздер мен сандар "М. Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназия, Көктал-2 тұрғын алабы, Құсмұрын көшесі, № 2" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 349 сайлау учаскесіндегі "№ 4 қалалық емхана, Т. Шевченко көшесі, № 1" деген сөздер мен сандар "Ш. Құдайбердіұлы атындағы № 56 мектеп-лицей, С. Челюскин көшесі, № 29/1" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 353 сайлау учаскесіндегі "№ 52 "Еркетай" балабақшасы, К.Күмісбеков көшесі, № 12/1" деген сөздер мен сандар "№ 60 мектеп-лицей, С. Кубрин көшесі, № 21/1" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      № 354 сайлау учаскесіндегі "№ 14 қалалық емхана, Жеңіс даңғылы, № 81" деген сөздер мен сандар "Менеджмент және бизнес колледжі, Жеңіс даңғылы, № 68а" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады