Үгіттік баспа материалдарын орналастыру ушін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 01-3205 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 21792 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 01-2903 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 17.10.2022 № 01-2903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 28-бабының 6-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласының қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық қандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 104-274 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1004 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 01-3205 қаулысына
қосымша

Барлық қандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Р/с

Орналастыру орны

1

2

Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша

1.

Қ. Сәтбаев және А. Петров көшелерінің қиылысы, "Еуразия" сауда үйдің ауданы

2.

Қажымұқан және А. Петров көшелерінің қиылысы, "Орбита" сауда үйдің ауданы

3.

Абылай хан даңғылының және Манас көшесінің қиылысы, "Встреча" сауда үйдің ауданы

4.

Б. Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысы, оқушылар сарайының ауданы

5.

Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен Ғ. Мүсірепов көшесінің қиылысы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 7 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауданы

6.

Промышленный тұрғын алабы, Шалгөде көшесі, № 3 және № 2/1, "Береке" сауда үйдің ауданы

7.

Интернациональный тұрғын алабы, Мереке көшесі, № 1а, орталық жасөспірімдер кітапханасы

8.

Мичурино тұрғын алабы, Бастау көшесі (орталық алаң)

9.

Күйгенжар тұрғын алабы, Жаңатұрмыс көшесі, № 1/1 (шағынгүлбақ)

10.

Железнодорожный тұрғын алабы, Ж. Жабаев көшесі, № 20
(Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 11 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны)

11.

"Алматы" ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы
Тәуелсіздік даңғылы, № 34

12.

Б. Момышұлы даңғылы ("Жерұйық" саябағы)

13.

"Магнум" гипермаркетінің ауданы, Еділ көшесі, № 26

14.

К. Әзірбаев көшесі, № 6/5 үйдің ауданы

15.

"Нұрлы жол" теміржол кешені

1

2

Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша

16.

Ж. Тәшенев көшесі, "Алатау" спорт сарайының көлік тұрағы ауданы

17.

Ш. Уәлиханов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысы

18.

Республика даңғылы, № 2 Қазақстан Республикасы Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының аумағы

19.

Кенесары көшесі және Республика даңғылының қиылысы

20.

Республика даңғылы, "Есіл" сауда үйдің ауданы

21.

Республика даңғылы, № 34, "Жастар" сарайының ауданы

22.

Ш. Уәлиханов және А. Кравцов көшелерінің қиылысы, "Жастар" сауда үйдің ауданы

23.

Ш. Уәлиханов және Абай даңғылының қиылысы, "Жаннұр" сауда үйдің ауданы

24.

Абай даңғылы, № 80 ("Азаматтарға арналған үкімет" "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы Байқоңыр ауданының Халыққа қызмет көрсету № 5 бөлімінің ауданы)

25.

Кенесары көшесі, № 78, "Вкус Март" дүкенінің ауданы

26.

А. Иманов және Ш. Уәлиханов көшелерініің қиылысы, "Алма-Ата" іскерлік үйдің ауданы

27.

А. Пушкин көшесі, № 10/1, "Burger King" тез тамақтану мейрамхананың ауданы

28.

Әл-Фараби даңғылы және Ж. Досмұхаметұлы көшесінің қиылысы, аялдама кешенінің ауданы

29.

С. Сейфуллина көшесі, № 63/5, "Вкус Март" дүкеннің ауданы

30.

Ш. Уәлиханова көшесі және Бөгенбай батыр даңғылының қиылысы, "Әлем" сауда үйдің ауданы

Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы бойынша

31.

Қабанбай батыр даңғылы, № 21 үйдің ауданы

32.

Тұран даңғылы, № 37 үйдің ауданы

33.

Қорғалжын тас жолы, № 1 үйдің ауданы

34.

Мәңгілік Ел даңғылы және Д. Қонаев көшесінің қиылысы

35.

Пригородный тұрғын алабы, Новый аэропорт көшесі, № 114 үйдің ауданы

36.

Заречное тұрғын алабы, Аққұм көшесі, № 17 үйдің ауданы

37.

Ильинка тұрғын алабы, Исатай батыр көшесі, № 141/1 үйдің ауданы

1

2

38.

Тельман тұрғын алабы, Мұғалжар көшесі, № 65 үйдің ауданы

39.

Тұран даңғылы, № 24 үйдің ауданы

40.

Сауран көшесі, № 7 үйдің ауданы

41.

Е-11 көше (жобалық атауы), № 8 үйдің ауданы

42.

"Жағалау-3" шағын ауданы, І. Омаров көшесі, № 4 үйдің ауданы

43.

Қабанбай батыр даңғылы, № 62 үйдің ауданы

44.

Достық көшесі, № 9 үйдің ауданы

45.

Мәңгілік Ел даңғылы, № 19 үйдің ауданы

Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданы бойынша

46.

Бейбітшілік көшесі, № 9 үйдің ауданы ("Sine Tempore" сауда үйі)

47.

Бөгенбай батыр даңғылы, № 71 үйдің ауданы ("Джафар" сауда орталығы)

48.

Көктал-1 тұрғын алабы, Алмалық көшесі, № 1 үйдің ауданы ("Наз" би театр)

49.

Көктал-2 тұрғын алабы, Ақмола көшесі, № 24 үйдің ауданы
("Көктал-2" сауда үйі)

50.

Ақан сері көшесі, № 20 үйдің ауданы (Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 5Қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны)

51.

Н. Тілендиев даңғылы, № 15 үйдің ауданы ("Рахмет" сауда орталығы)

52.

Ш. Қосшығұлұлы көшесі, № 9 үйдің ауданы, ("Северный" сауда үйі)

53.

Бейбітшілік көшесі, № 25 үйдің ауданы ("Өркен" бизнес-орталығы)

54.

И. Гете көшесі, № 1 үйдің ауданы (теміржол вокзалы)

55.

"Самал" шағын ауданы, № 11 үйдің ауданы ("Рамстор" сауда үйі)

56.

Республика даңғылы, № 58 үйдің ауданы (Технопарк)

57.

Бейбітшілік көшесі, № 37 үйдің ауданы ("Қазпошта" акционерлік қоғамының ғимараты)

58.

Желтоқсан көшесі, № 1 үйдің ауданы ("Серуен" жаяу жүргіншілер көпірі)

59.

Бөгенбай батыр даңғылы, № 27 үйдің ауданы ("Қағанат" асханасы)

60.

Республика даңғылы, № 33а үйдің даңғылы ("Каскад фонтанов" гүлбағы)

      _________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады