2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскесін алып қоймастан алаңы 9,2400 гектар жер учаскесіне он жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А.Смаилов |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "10" сәуірдегі № А-4/592 қаулысына қосымша |
Талшықты-оптикалық байланыс желісін, жүргізу және пайдалану үшін Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан жер учаскесінің қауымдық сервитуты
№ | Жер учаскесiнiң орналасқан жерi | Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар | Жер санаты |
1 | Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларында | 9,2400 | Темір жол көлігінің жерлері |