Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № А-11/1639 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қарашада № 8139 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына және 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін жер учаскесін алып қоймастан алаңы 1,7921 гектар жер учаскесіне үш жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А.Смаилов

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 5 қарашадағы
№ А-11/1639 қаулысына
қосымша

Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларында орналасқан жер учаскесінің қауымдық сервитуты

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi

Қауымдық сервитут белгiленген жерлер, гектар

Жер санаты

1

Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларында, Кенесары Қасымұлы көшесінен Көкшетау-Атбасар тас жолына дейін

1,7921

Елді мекендердің жерлері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады