Есіл қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 73/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 7943 болып тіркелді. Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 9/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 30.07.2021 № 9/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Жорабек
      Хатшысы С.Агымбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Есіл ауданының әкімдігі

  Есіл аудандық мәслихатының
2020 жылғы 1 шілдедегі
№ 73/2 шешіміне
қосымша

Есіл қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық норма м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,05

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,59

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,86

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,51

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,91

6

Емханалар

1 келіп кету

0,08

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,16

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,30

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,03

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,13

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,09

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1орын

0,07

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,54

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

0,56

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,26

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,18

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,35

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,52

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,43

21

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,29

22

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,42

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

2,10

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,80

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,26

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,53

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,50

28

Зергерлік, аяқ-киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,90

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,51

30

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,21

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,66

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

0,44

      Шартты белгілері:

      АЖС - автожанармай құю станциялары

      м2 - шаршы метр

      м3 - текше метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады