"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зеренді ауданы әкімдігінің "Зеренді ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" 2016 жылғы 1 шілдедегі № А-5/326 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5475 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
""Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | Б.Ғайса |