Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 12.03.2021 № А-3/83 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданы Ақкөл, Қонысбай, Күсеп ауылдық округтерінің әкімшілік шекараларында орналасқан жалпы алаңы 28,88 гектар "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймастан қырық сегіз (48) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "ANT Technology" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Т. Әленовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | Б.Ғайса |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "13" наурыздағы № А-3/149 қаулысына қосымша |
Талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Зеренді ауданында орналасқан жер учаскелерінің қауымдық сервитуты
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар | Жер санаты |
1 | Ақкөл ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 9,58 | Темір жол көлігінің жері |
2 | Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 4,6 | Темір жол көлігінің жері |
3 | Күсеп ауылдық округінің әкімшілік шекараларында | 14,7 | Темір жол көлігінің жері |
Барлығы | 28,88 |