"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеренді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н.Хасенов |
Зеренді ауданы мәслихатының хатшысы | К.Аугалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімдігі |
Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 59-367 шешіміне қосымша |
Зеренді аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5442 тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде "Зерделі-Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 "Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 24 тамыздағы № 6-44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5540 тіркелген, 2016 жылғы 29 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.
3. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 "Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 15 мамырдағы № 37-266 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7206 тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.