Зеренді аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 "Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 37-266 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 мамырда № 7206 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 59-367 шешімімен.

      Ескерту:Күші жойылды – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 10.08.2020 № 59-367 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5442 тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде "Зерделі-Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Зеренді ауылында митингілер, жиналыстар өткізу орындары болып белгіленсін:

      аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Тәуелсіздік көшесі, 40; алаң, Гагарин көшесі, 30.

      Зеренді ауылында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      1) Ілиясов және Әуезов көшелері қиылысынан, Ілиясов, Фрунзе, Тәуелсіздік көшелері бойынша орталық аланға дейін;

      2) орталық алаңнан Тәуелсіздік, Фрунзе, Чапаев көшелері бойынша Естелік обелискіге дейін.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И.Поздняков
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады