Сандықтау аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 39/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 наурызда № 7740 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сандықтау аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2016 жылғы 9 тамыздағы № 5/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5508 тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2) "Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 тамыздағы № 5/3 "Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 6 қарашадағы № 22/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6837 тіркелген, 2018 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш.Докаев
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
С.Клюшников

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сандықтау ауданының
әкімі
А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады