Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 "Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № С-69/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 8266 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 20.11.2023 № 8С-10/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шортанды аудандық мәслихатының "Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 29 тамыздағы № С-46/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7349 тіркелген, 2019 жылғы 02 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі";

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының келесі тізбесі айқындалсын:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

      еңбек ардагерлері;

      "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдар;

      ең төмен және зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлер;

      барлық топтағы мүгедектер;

      мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтар (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру);

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      өмірлік қиын жағдайға тап болған, табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар (отбасылар);

      аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан, жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттер;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар.";

      12 тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ақмола облысының жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет бірыңғай мөлшерде:

      Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      Қарттар күніне:

      ең төмен және зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;

      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:

      барлық топтағы мүгедектерге;

      мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға;

      2) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескерместен жылына бір рет:

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектерге – 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      мемлекеттік медициналық ұйымдармен жұмысқа орналасу туралы шарт жасасқан жоғары медициналық оқу орындарында оқитын аз қамтылған, көп балалы, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз топтарынан шыққан студенттеріне оқу орнымен жасасқан шарттың, оқу орнынан анықтаманың және өтініш берушінің жоғарыда көрсетілген санаттарға жататындығын растайтын анықтаманың негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құнының мөлшерінде төлеуге.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей көрсетіледі.

      3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып, жылына бір рет:

      табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға (отбасыларға) – 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      – шұғыл емделуге (ота жасау);

      – кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;";

      3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі";

      15 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса Үлгілік қағидаларға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.";

      16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";

      4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер";

      5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қорытынды ереже".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шортанды аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
А.Хабовский
      Шортанды аудандық
мәслихатының хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады